«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет255/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Сюжеттік-көрсету
ойынында балалардың өз бетімен жұмыс істеуді дамыту керек. 
Шынайы өмірде біз балалардан: «Өзім істеймін!» - дегенді жиі естиміз, ойында да олардың 
өз бетінше ойнауға құқы бар. 
Балалардың өз бетімен жұмыс істеуін дамыту мақсатында ойында тәрбиеші 
басқарудың келесі міндеттерін атқарады: 
-әр баланың түрлі ойын міндеттерін қоюдағы өз бетінше жұмыс істеуін дамыту; 
-балаларды қойылған ойын міндеттерін шешу үшін әр түрлі заттық тәсілдерді өз 
бетінше таңдауға ынталандыру. 
Бала жаңа бір нәрсе үйреніп жатқанда, оған ересек адаммен ынтымақтастық қажет. Бұл 
кезде тәрбиеші ойын міндетін қоюға көмектеседі, оны қандай тәсілмен шешуге болатынын 
көрсетеді. Бала ойын міндеттерін қоюды үйренгенде, оған өз бетінше жұмыс істеуге 
барынша мүмкіндік беру керек. 
Халқымыздың «Баланы ойын өсіреді» деген даналық сөзі тегін айтылмаса керек. Бала 
ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі өсіп ойы сергиді, денесі шымырланады. 
Ойын арқылы тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр жайлы таным-түйсігі 
қалыптасады. Өздерінің құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға үйренеді. Ойындар 
сабақ мазмұнына сәйкес алынып, жеке және топтық жұмыстар жүргізуде алға қойған 
мақсатқа жеткізіп, нақты қортынды алуға көмектеседі. Сан алуан ұлттық ойындар баланың 
тәрбиесін дамытып, жас жеткіншектің бойына адамгершілік, сүйіспеншілік, кішіге көмек, 
үлкенге құрмет көрсете білуге, қиыншылықтан қорықпауға, мақсатқа жетуде күш-жігерін 
жұмсай білетін төзімділікке тәрбиелеуде ерекше мәні бар. 
 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
1 Бала мен балабақша.– №№2,5,9,10. – 2013. 
2Отбасы және балабақша. – №№2,3,5. – 2011. 
3 Отбасы және балабақша. – №№1,3,4. – 2012. 


569 
569 
4 Ұстаздық еткен жалықпас. – Алматы: Үш қиян, 2003. 
5 НүсіпоқасұлыА.Тал бесіктен жер бесікке дейін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет