«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет258/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

 ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Возрастная и педагогическая психология. Тексты. - М.: МГУ, 1992. 
2. Вопросы нравственного воспитания школьников. /Сборник статей: Изд-во 
Ленинградского Университета, 1960. 
3. Выготский Л.С. Педагогическая психология. – М., 1991.
4. Выготский Л.С. Проблема возраста./ Собрание сочинений. – М.,1984. 
5. Грэйс Крайг. Психология развития. - СПб., 2000. 
6. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. - М., 1996. 
7. Кисловская В.Р. Школьники в среде сверстников и взрослых - Алма-Ата, 1975. 
8. Кулагина И.А. Возрастная психология: Развитие ребенка от рождения до 17 лет. – М., 
1998.
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН 
ЖӘНЕ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Жексенова Б.О. 
Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі 
Мекадилова С.К. 
ЖММ «Болашақ» Академиясы 
Толегенова И.Қ.
Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі 
 
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың арнайы тапсырмасы бойынша қабылданған 
«Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде тек 2010 жылы ғана 35 балабақша, 1534 
шағын орталық, 137 жекеменшік балабақшалар салынды. Бұрын жекешелендіріліп кеткен 
мектеп жасына дейінгі мекемелерді қайтару есебінен 172 балабақша ашылды.
Елбасымыздың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауына сәйкес мектепке 
дейінгі білім беру мекемелеріне талапқа сай орта арнайы білім беру ұйымдарының 
мамандарын дайындау үлкен жауапкершілік жүктеледі. [1] Мектеп жасына дейінгі 
балалардың танымдық қабілеттерін және дүниетанымын қалыптастыру балабақшадан 
басталады. Сондықтан, алғашқы жайнап тұрған қызғалдаққа, гүлге қонған көбелекке, 
шырылдап ұшқан құсқа деген сүйіспеншілік, табиғатты қорғау және аялау туралы алғашқы 
баспалдақ нәрестелік шағынан басталады. Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қоныс 
мекені, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Ал адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым, 


575 
575 
өткені өзін дүниеге келтіретін аяулы анасы, соңдықтан да адамның табиғатты ана деп 
құрметтеуінде өте үлкен ұғым жатыр екенін балаларға дәріптеу қажет. 
Қазақ халқының бар өмір тіршілігі табиғатпен тікелей байланысты өтіп келеді. Сан 
ғасырлар бойы халқымыз, сол өзі аялаған табиғат аясында тіршілік ете жүріп, оның сан 
алуан құпия – сыр-ларына қөңіл бөлді және сол туралы орынды пікірлерге келді. 
Халқымыздың табиғат жөніндегі ой - пікірлері табиғат құбылыстарымен, заңдылықтарымен 
үнемі үндесіп жатты. 
Қазақ халқы өзін табиғаттың бөлінбес бір бөлшегі, құрамдас тобы деп есептеді. 
Сондықтан да табиғатпен бірлесіп өмір сүру қажеттілігін, ерте күннен – ақ сақтай білді. 
Табиғаттың қатаң жағдайына, түрлі өзгерістерге сай көшіп – конып жүріп, өз 
шаруашылыгын табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырды және табиғатқа аялы алақаң, жылы 
жүрек сезімі, қөздің қарашығындай қамқорлық қажет екендігін ерте сезінді. Осыған орай 
халкымыздың да мінез – құлқы бірте – бірте қалыптасып, ондай қасиеттер атадан балаға, 
ұрпақтан – ұрпаққа асыл – мұра ретінде жеткізіліп, жалғасып отыр. 
І. Балалардың танымдық қабілеттерін және дүниетанымын кеңейтуге ықпал ету.
1.
Қоршаған орта туралы қалыптасқан және жинақталған түсініктерін реттей білуге
ұмтылу. Бұл мектеп жасына дейінгі бала үшін күрделі процесс. Сондықтан бұл мәселені 
шешуге, балаға ата-ана мен тәрбиеші бірлесіп көмек көрестуі тиіс. Тәрбиеші балаға өз ойын 
жүйелеудің тиімді жолдарын көрсетуі,ересектер балаларға дүниетаным түсініктерін ретке 
келтіру тәсілдерін үйрету үшін, оларға бұрыннан таныс ұғымдарды қолданып мысалдар
келтіру керек. Сондықтан да әрбір ұстаз, әрбір тәрбиеші өзінің күнделікті жұмысында, 
осындай халық педагогигасының асыл маржанына үнемі қөңіл бөліп, әрі пайдаланып 
отырулары тиіс. Өйткені, кәзіргі таңда табиғат тағдыры ешкімді де тереңдетпей қоюы 
мүмкін емес.Бұл арада ардақты азаматымыз, ғұлама ғалым Қаныш Сәтпаевтың мына бір жан 
тербенісі мен жүрек толгауы еріксіз ойға оралады: ‘‘Туған жердің тағдыры толғантпаған, 
жаны тебіреніп ол туралы ойланбаған жігітті қайтып азамат дейміз?Туған жердің қара тасын 
мақтан ете білмеген азамат, бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес’’[2]. 
Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, 
оларды өлтіруге, жоюга болмайтындығын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адамды 
біртұтас, бір – бірінен бөлуге болмайтын бірбүтін деп қараған. Сондықтан адам табиғаттан 
өз керегін ғана алып,қалғанына ешуақытта зиының тигізбеген. Халқымыздың мақтанышы 
болып отырған ғалым Шоқан Уәлиханов ‘‘Табиғат адам! Өзініз айтыңызшы, тіршілікте одан 
ғажап, олардан құпия не бар? Қазақтар киеге үлкен мән береді. Табиғатты.. кейбір жануарлар 
мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды 
құрмет тұту, ырым жобасын жасап тұру, адам баласына байлық, құт әкеледі’’ деп, атап 
қөрсеткен. Танымдық, іріктеу қызығушылықтарын дамыту. Ересектер балалардың іріктеу, 
қызығушылықтарына мұқият қарап, оларды дамыта, кеңейте білуі тиіс. Балалардың
құбылыстарға, заттарға деген қызығушылықтарына немқұрайлы қарау, олардың 
құлшыныстарының кемуіне және жойылуына әкеліп соғуы мүмкін. Ересектер балалардың 
бойындағы қызығушылықтарына қарап, олардың бойындағы қабілеттерін аңықтаулары және 
одан әрі дамыта түсулері қажет. 
2.
Қоршаған ортаға белгілі бір қарым-қатынасты қалыптастыру. Бұл жағдайда 
балалардың өздеріне тән жеке ерекшеліктері ескеріледі. Олар әрқашан өздеріне ұнаған 
заттар, құбылыстар, кейіпкерлер туралы көбірек білгілері келеді. Сондықтан балалардың 
бойында үйретуге тиісті заттармен құбылыстар туралы жағымды көзқарастар қалыптастыру 
керек. Балалар ертегілерге көп сенгіш болып келеді, сондықтан ертегілер кейіпкерлеірінің 
табиғаттың негізгі тірі ағзалары, яғни өсімдіктер, құстарды өз өмірлеріне қарамай үлкен 
ерлік жасап құтқарып қалған аңыз, әңгімелерден үзіндіні баяндап беру керек. Мысалы, 
Соның бірі, асқан ақыл иесі Төле би атамызға байланысты айтылады. Ертедегі жоңғар 
шапқыншылығы кезінде, ел жерінен босып қаша жөңелген кезде, Төле бидің үйін жықпай 
жұртта отырғанын қалмақ әскер басы қөріп, оның себебін сұрағанда, даңышпан ата 
шаңырағына қарлығаштың ұя салып, балапан шығарғаның және сол қызылшақа 


576 
576 
балапандарды қырып алмау үшін жықпай отырғандығын айтады. Мұны естіген әскер басы, 
ақсақалдың адам баласы сүйсінер ер қасиетіне разы болып, оның өзіне де, қарлығаш 
балапандарына да тимеген екен деген аңыз бар. Бұл шын мәнінде өмірде болған ақиқат. 
Соңдықтан да Төле би атаны халық қастерлеп “Қарлығаш әулие”, “Қарлығаш би” деп күні 
бүгінге дейін құрметтейді [3]. 
Бұл аңызда әрбір азаматқа өнеге боларлық ұлағатты тағлым мен өрелі тәрбие бар 
екендігі айқын көрініп тұр. Баланың жас кезінен жүрегіне ұялаған осындай аяушылық, 
мейірімділік сезімдер, оның тұла бойында өмір бойы сақталатынына ешбір күмән келтіруге 
болмайды.
ІІ.Балалардың жеке танымдық белсенділіктерін қалыптастыруға әсер ететін жағдайлар: 
1.
Балабақша маңайында серуендеу. Алғашқы серуендеу орындарын педагог өзі 
анықтайды, ал кейіннен балалардың қалауы бойынша серуендеуге шығады. Тәрбиеші 
балалардың серуенге апармас бұрын, ол жердің қауіпсіздігін, серуен барысында немен 
айналысуға болатының аңықтап алуы тиіс. Серуен барысында туған қиындықтар, келеңсіз 
жағдайлар балалардың келесі серуенге шығу қызығушылықтарының төмендеуіне және 
жойылуына әкеп соғуы мүмкін. Серуенге аптасына ең кем дегенде бір немесе оданда көп 
шығуға болады. 
2.
Қоршаған орта нысандары мен құбылыстарын бақылау: 

Кез келген затты қарапайым зерттеу ( жапырақ, қардың жаууы, гүлге қонған көбелек) 

Басқа заттармен салыстыра отырып зерттеу (қолғаптағы қар ерімейді, ал жылы 
алақанға салса бірден еріп кетеді) арқылы жүзеге асады. Балалар бақылау барысында кейбір 
құбылыстарға мән бермеуі мүмкін, сондықтан тәрбиеші бағыт беріп кез-келген құбылыстың 
мағынасына аша білуге, терең түсінуге ықпал етуі тиіс. Бұл жағдайда тәрбиеші шын көңілмен
таңқалу тәсілін қолданылуына болады. Мысалы: қандай әдемі ою - өрнек, мынау өрнек теңіз 
толқындарына, ал мына біреуі әдемі гүлге ұқсайды. Кім тағы ою - өрнектердегі 
ұқсастықтарды табады екен а? Нәтижесінде балалардың қызығушылығы артып, жарыса 
отырып белгілі бір затқа ұқсас өрнектерді іздестіре бастайды. 
Халық өнері мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Ою-
өрнек қолданбалы шығармашылық дүниелерімен таныстыру, балалардың Отан жөніндегі 
және оның мәдениеті жайындағы бастапқы ұғым - түсініктерін қалыптастырып, бала 
бойында асқақ, туған халқына сүйіспеншілік сезімдерін ұялатады. 
Ою-өрнек түрлерімен таныстыру балаларды психологиялық жағынан дайындауға, 
олардың ой-сезімін ұштап, іс-әрекетке шын ынта-ықыласымен белсенді қалыптастыруына 
жағдай жасайды. Мысалы: қошқар мүйіз, ботагөз, құс тұмсық, қазтабан ою түрлерімен 
таныстыру, оюды ою мақсатында балаларға жан – жануар туралы және қандай заттарға 
немесе киімдерде кездесетіні, оның орналасуы туралы мағлұматтар алады. Ал, қызғалдақ, 
жауқазын оюларымен таныстыруда балалардың жыл мерзімі, яғни гүл өсімдігінің тіршілігі 
туралы түсініктері артады. Осындай сабақтар барысында балалар сабақ халқының тарихы 
мен мәдениеті жайында біраз мағлұматтар алады, халық өнерінің әсемдік әлемін таниды [4]. 
3.
Балалардың қызығушылығын арттыратын тағы бір тиімді жолы – бақыланатын 
нысандар туралы танымды ертегілер айту. Ертегілер серуен кезінде немесе топта айтылады. 
Мысалы: « Көңілсіз жаңбыр» Бір күні кішкентай бұлт серуенге шықты, ол төменге қарап, 
ағаштардың жапырақтарсыз тұрғанын, гүлдердің солғаның, шөптердің сарғайғанының 
байқады. Көңілі бірден құлазып сала берді. Көңілсіз болғаны сондай, бірден жылап қоя берді. 
Жерге оның көз жастары тамып, күзгі жаңбыр себеледі. Осындай типті ертегілер 
айтылғаннан кейін, балалардың өз беттерімен ойланып, бақылағандарына қорытынды жасау 
үшін уақыт беруі қажет. 
4.
Балабақшаға және одан тыс жерлерге экскурссияға шығу. Экскурссиялардың серуен- 
деуден негізгі бір айырмашылықтары, белгілі бір мақсатты көздейтіндігінде. Кез – 
келген экскурссия өткізетін аймақ туралы әңгіме айтудан бастау керек және сол арқылы 
оқушылардың қызығушылықтарын туғызу қажет. Балалардың келісімін алғаннан соң, 
бағытталған аймаққа аппарып, сол нысанды өздігінен зерттеу үшін 5-7 мин уақыт береді. 


577 
577 
Осы кезде тәрбиеші балалардың сыртынан бақылап, олардың қызығушылықтарын 
аңықтайды. Экскурссия өткеннен соң, балалармен алған әсерлері туралы әңгімелесуі қажет. 
ІІІ. Балалармен ересектердің бірлескен іс-әрекеті нәтижесінде, танымдық қабілеттері 
және дүниетаным қалыптасады. Тәрбиеші мен балалардың бірлескен іс-әрекетің 
ұйымдастыру үшін бірнеше әдістемелік принциптерді сақтау керек.

Алдымен педагог істелетін жұмысқа қажетті құрал – жабдықтарды дайындау арқылы, 
балалардың зейінің өзіне аударуы тиіс. Біраз уақыттан кейін педагог балалардан көмек 
көрсетулерін өтінеді. 

Балаларға тиісті жұмыстарды бөліп береді, жұмыс істеу барысында бүлдіршін- 
дерді көтермелеп және мадақтап отырады. 

Сұрақтар қою арқылы істеліп жатқан жұмыстың барысымен таныстырады. 
Педагог пен баланың бірлескен іс-әрекетінен төмендегідей нәтижелер шығады: 

Топта аквариум орнату; 

Құстардың қоректендіру: Қазақстанда қыстап қалатын (бозторғай, сауысқан, қарға, 
сарышымшық, кептер) және жыл құстары (көкек, қарлығаш, қараторғай, ұзақ) туралы 
ұғымдар қалыптастыру. Оларды белгілеріне қарай ажыратып, атай білуге үйрету және 
қамқорлық жасауға дәріптеу. 

Өсімдіктерге қамқорлық жасау; Ағаштар, бұталар, шөптер туралы ұғымдарын 
қалыптастыру. Қыс мезгіліндегі өсімдіктер тіршілігімен таныстыру. Өсімдіктердің тірі 
табиғатқа жататындығын, оған да басқа тірі денелер сияқты өсіп-жетілуі үшін арнайы 
жағдайлар (топырақ, жарық, жылу, су) керек екенін түсіндіру. Халқымыздың ерекше 
қастерлеп, талай ғасырлар бойы аялап, қамқорлық жасап келген табиғат байлығының бір 
тобы - өсімдіктер әлемі. Өсімдік – ішсе тамақ, кисе киім, саялы баспана, күнделікті қару- 
жарағы, малына өріс, өзіне қоныс болған. Осыған орай өсімдікті аялағандығын, оны көзінің 
қарашығындай қорғай білгендігі жөнінде де үлгі боларлық асыл мұра екенін балаларға 
түсіндіріп, мақал – мәтелдер арқылы көз жеткізеді. Мысалы, «Ер – елдің көркі, орман, тоғай 
– жердің көркі», «Орман – ер дәулеті, жер сәулеті», «Сулы жер – нулы жер», «Бағбан болсаң, 
бақ өсір, балама деп тағы өсір», «Бір ағаш екссең, оң ағаш отырғыз», «атаннан мал қалғанша 
тал қалсын», «Арманы мен ер – сұлу, орманы мен – жер сұлу», «Аңдыз жеген ат өлмес», 
«Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады», және т.б.

Жұмбақтар шешу. Алдымен балаларға шешілуі жеңіл жұмбақтар беріледі. Содан соң 
жұмбақтар күрдлелене түседі.Мектеп жасына дейінгі балаларға көбінесе қимыл-қозғалыспен 
көрсетілетін жұмбақтар тиімді болып келеді [5].
Қорыта айтқанда, халқымыздың табиғатты жанындай жақсы қөріп сүйе білуі және оған 
деген аялы алақаны мен абзал адамгершілік қамқорлығы қаңымызға да, бойымызға да, 
ананың ақ сүті арқылы дарығандығын, зор мақтаныш сезіммен айтуымызға толығымен 
болады. Ата-бабаларымыздың табиғатқа деген сүйіспеншілігі және оны қөздің 
қарашығындай сақтап келуі жайында қәзіргі ұрпақтарға тал бесіктен бастап насихаттау 
қажет және өнеге-үлгі боларлық азамат пен азаматшалар тәрбиелеу біздің қолымызда. 
Мектеп жасына дейінгі балаларда танымдық қабілеттерін, дүниетанымын қалыптастыру 
үшін жоғарыда аталған әдіс-тәсілдерді тиімді және сабақ мазмұнына сай пайдаланудың 
маңызы зор.
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 
жолдауы. Астана 2011ж 
2.
ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен 
оқыту. Негізгі ережелер. Астана. 2009.
3.
Воспитание, образование и развитие детей 3-4 лет в детском саду. Методическое 
руководство Москва « Просвещение» 2006г . 
4.
Воспитание, образование и развитие детей 4-5 лет в детском саду. Методическое 
руководство Москва « Просвещение» 2006г . 


578 
578 
5.
«Балбөбек» бағдарламасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет