«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет286/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Пайдаланған әдебиеттер: 
1. Балабақша: «Тәрбиелеу және оқыту» № 2-5 2015ж 
2.Балабақша: « Тәрбиелеу және оқыту» №1-3 2016ж 
3.«Қазақстан мектебі» журналы № 7-10 2014ж 
4.«Шынашақ» кітабы, құрастырушылар:М. Әлімбаев, Қ. Баянбаев Алматы « Қайнар» 
баспасы 1997ж 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ ХАЛЫҚ 
ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ РОЛІ
 
Қарағанды қаласы 
КМҚК «Еркетай» балабақшасы 
Башимова И.О ағылшын тілі мұғалімі 
Лазерева Л.Д. музыка жетекшісі 
 
«Тәрбие - тал бесіктен басталады»деген нақылдың өзі өмірден алынған. Халық 
тәрбиесі ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. 
«Адамды адам еткен - еңбек» болса, ол еңбекті ұрпағына үйретіп, адами қасиетке 
баулыған - халық тәрбиесі. 
Қазақ ағартушысы Мағжан Жұмабаевтың «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының 
арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт 
тәрбиесімен тәрбиелі қылуға міндетті» деген ұлағатты сөзі қазіргі заманға сай еліміздегі 
ұлттық мектептің қалыптасуын меңзейді. 
Білім беру заңында білім беру жүйесінің басты міндеті – біз ұлттық және 
жалпыадамзаттық құндылықтар, елжандылық өз Отаны Қазақстанды сүйетін, халықтық 
дәстүр, әдет-ғұрып пен салт-сана ерекшеліктерінен сусындаған жас ұрпақ тәрбиелеуіміз 
керек. Адам бойына біткен алуан қасиет, дарын туған топырақтан дариды. Туған жерге
деген сүйіспеншілік пен мейірім кейінгі ұрпаққа ана сүтімен, бесік жырымен сіңірілген. 
Сол себепті жас аналарымыздың бесік жырын санадан тыс қалдырмауын қадағалауымыз 
қажет. 
Халықтық педагогика элементтерін қолданудың маңыздылығы білімділік, 
дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырып, баланың өмірге өзіндік 
көзқарасын, өзін қоршаған ортадағы әртүрлі ой-пікір, ұлттық құндылықтарды бала 
санасына да байланыстыра білу негізінде ұлттық мәдениет пен рухты сақтауға 
тәрбиелейді. Жас ұрпақ тәрбиелеуде, оқытуда бүгінгі күннің жаңалығы мен талабы 
үйлесім тауып, ізденіске ұйтқы болуы керек. Егемендігімізді алған елдегі жас ұрпақ 
бойына қазақтың ұлттық психологиясын, кеңпейілділікті, ержүректілікті және даналықты 
сіңіре отырып сана мен ойды, тілді дамытуға көңіл бөлуіміз керек. Бұдан оқыту мен 
тәрбиелеу үдерісін жетілдіру ғана емес, баланың шығармашылық қабілетінің дамуын 
қамтамасыз ететін жүйе жасау қажеттігі туады. Осы бағытта баланың белсенділігін 


647 
647 
арттырып, танымдық зерттеу ой-таласын туғызып, оқу материалын өмірмен 
байланыстыра отырып іздестірген дұрыс деп ойлаймыз. Біздің ұстанған бағытымыздың 
бірі халақтық педагогика болғандықтан ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ретінде, үйірме 
және тәрбие жұмыстарында халықтық педагогика дәстүрлерін жоспарлап кірістіріп 
отырамыз. Баланың ой-өрісін кеңейтіп, кейбір олқылықтарын толтыруда, оқу 
материалының ерекшеліктерін зерттеп білуде тәрбие жұмысының маңызы зор. 
Ұрпағымыз ұлттық тәрбиеге зәру. Халық педагогикасын пайдалану үшін одан әрі 
дамытып ашық оқу іс-әрекеттерінде, ертеңгіліктерде, тәрбие жұмыстарында, сайыс-
байқауларда ұйымдастыруға болады. Халық педагогикасы сапасы мол, мазмұны бай. 
Халық ауыз әдебиетінде, салт-дәстүрінде, ырымдарында тәрбиелеу жақсы көрсетілген. 
Қазақ халқының ұмыт қалған дәстүрін қайта жаңғыртып балаларды ұйымшылдыққа, 
бірлікке, ауызбіршілікке тәрбиелейміз. «Әр бала-бір жұлдыз, жарқырауға жәрдем бер»
деген атпен мақал –мәтел және жұмбақ сайысы өткізілді. Балалар ұмыт қалған 
мақалдарды айтып жұмбақтарды шешіп ұлттық танымдық қабілеттерін аша білді. 
Халықтық педагогикада отбасы мүшелерінің бәрі бала тәрбиесінен шет қалмайды. Ата-
анамен бірге ата-әжесі де бала тәрбиесіне зор үлес қосады. Айтыс өлеңдері – халық 
педагогикасында өз орны бар. Айтыс өнері қазақ ұлтының ең сүйікті, әсерлі өнері. Ұл бала 
мен қыз бала айтысында белгілі бір жануарды ала отырып бір-біріне әзіл, қалжын айтады. 
Өтірік өлең айтысында бір-бірімен өтірік айтып жарысады. 
Ойын дегеніміз жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Ойын – мектеп жасына 
дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғырыов «Балалықтың қанына 
ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, 
мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы
қимыл-әрекеті ойын, сондықтан да оның мәні ерекше екенін бәріміз білеміз. Қазақ 
халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» 
деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Сондықтан да педагогикада 
бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптастын балалықшақтын 
түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Ұлттық ойындарды 
жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік шараларда қосымша материал 
ретінде пайдаланып келеміз. Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, 
ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл – ой тәрбиесі болмайды» -
дейді, демек шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи 
түспек.
Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру , ойнату әдісі деп қарамай, жас
ерекшеліктеріне сай оларды көзқарасының, мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше 
бағалағаны белгілі. Қазір бізге жеткен ойындарымыз: тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық 
ойындары. Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні зор. Мектепке дейінгі мекемеге әдістемелік 
құрал болып табылады. Балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды, аңғарады 
көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. 
Ұлттық ойындар арқылы мемлекеттік тілді меңгертіп, сөздік қорларын дамыту, 
халқымыздың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін таныстыру негізгі мақсаты болып келеді. 
Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, батылдықты, өжеттілікті, дененің шынығуын 
қажет етеді. «Асық ату», «Түйілген орамал», «Ұшты-ұшты», сияқты ойындар баланың сөздік 
қорын молайтуға, өмір тәжірибесін кеңейту, ептілік қабілеттерін жетілдіруге өз әсерін 
тигізеді. Балаларды ұлттық ойындарды үйрету арқылы оларды әділдікке, достыққа, 
сыйластыққа тәрбиелеумен қатар, адамгершілік қасиеттері де дамиды. 
Мектепалды даярлық тобында кез келген пәнде топқа бөліп жарыс түрінде ойындар 
өткізуге болады. Мысалы: «Бәйге», «Қыз қуу», т.б.ойнатуға болады. Мұндай ойындар 
ойындар баланы тез ойлауға, шапшандыққа, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды 
жылдам меңгеруге ықпал етеді. 
Сондай-ақ математика сабағында ұлттық ойындарды пайдаланып, жарыс сабақ өткізуге 
болады. 


648 
648 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет