«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет288/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Пайдаланылған әдебиеттер. 
1.«Салт-дәстүрі халқымның» кітабы құрастырушы: Гүлнар Қисықова 
2. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» №6 2013ж 
3. «Қазақтың ұлттық ойындары» кітабы авторы Базарбек Төтенов
Алматы «Қайнар» баспасы 1994ж 
4. «Балабақша және отбасы» 2012ж 
5. «Жалын» республикалық әдеби-көркем және әлеуметтік журнал №9 2015ж 
 
 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫНДАҒЫ ЗАМАН 
ТАЛАБЫНА САЙ ӘДІСТЕР МЕН ТӘСІЛДЕР. 
Төлеубекова Н.Т 
Қарағанды қаласы, КМҚК «Толағай» балабақшасы 
Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп , жаңарып , толығып жатыр. Балалардың 
тілін дамытуды қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде 
қолдануға ізденеміз . Жаңа технологияны, әдіс – тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын 
арттырады. Сонымен қатар тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу барысында балалардың жас 
ерекшелігін ескеру әдіс – тәсілдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға 
ойын және ойын түрлері қойылады. Ойын – оқу үдересіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі 
ретінде дербес дидактикалық санат. Тіл дамытуда ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер, 
кестелер, ойыншықтар, музыка және т.б материалдар сабақты көркейтіп отырса , балалардың 
сөздік қоры біршама толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді. Тіл дамыту барысында 
ойын элеметтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы бар.Ойындарың 
негізгі мақсаты балалардың ықылас – зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, 
қабылдауын дамытуға, икімділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс-әрекетінің 
бағалай құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау.
Көрнекілік әдісі. Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі – көрнекілік" деп, оның 
мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. (1) 
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік 
қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде 
еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге 
жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. 
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл 
дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын 
жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті 
мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі 
құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-
қатынас жасай білуге үйретеміз. 
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің: 
- балалардың сөздік қорларын дамыту; 
- жаңа сөздерді меңгерту; 
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады. 
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып 
отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны 
ерекше. Соның ішінде ойын – баланың


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет