«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет37/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Пайдаланылған ақпараттар тізімі: 
1.
“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ 
энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 
2.
.Сухомлинский В.А. «Жас мектеп директорымен әңгіме», 1969ж. 
3.
Ұстздық шеберлік және ұлттық тәрбие. 1997ж. 105б. 
4.
Бержанов Қ., Мусин. Педагогика тарихы. Қысқаша курс. –Алматы: Мектеп, 1984.- 256 б. 
5.
Жарықбаев Ж.Б., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі –Алматы: “Санат”, 1995. 
ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМНЫҢ БІЛІМ БЕРУ 
КЕҢІСТІГІНІҢДАМУ ТЕНДЕНЦИИЯЛАРЫ 
 
Аманжол А. 
«Бәйтерек»балабақшасының тәрбиешісі 
Қарағанды қаласы. 
 
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде егемен еліміздің, қоғамымыздың әлеуметтік-
саяси және басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі 
мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру . Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен 
тәрбие беру қоғам алдындағы ең маңызды, жауапты, іс болып қала береді. Сондықтан 
мемлекетіміздің даму, жаңару жолындағы жаңалықтары мен түрлі өзгерістері еліміздің
мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде өз әсерін тигізуде. 
Атап айтсақ

қазіргі заманауи жағдайындағы мектепке дейінгі мекемелерде болашағы 


ұрпаққа білім берудің қоғамның даму үдерісімен интеграцияға ұмтылуы. 
Жас ұрпақа тәрбие беруде интеграция бүгінгі таңда жоғары білім берудің сапасы мен
деңгейін жан-жақты көтеріп, жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын.
Күнделікті жұмысында қолдана білетін педагогтардың ғана жұмысы жемісті болмақ. Қазіргі 


86 
86 
кезеңде білім ғылым саласында интеграциясы педагогикалық технологиялар 
қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де 
педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне 
айналды. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың 
ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен 
тәрбиелеудің негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр. 
Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, 
дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен 
қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру 
мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың 
педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты. 
Яғни, интеграциясы технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін 
дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау 
қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің 
тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде. Білім 
беру жүйесінде интеграциялық технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуына, 
жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың 
міндеті болып табылады.
Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Мақсаты - мектепке 
дейінгі білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Кез 
келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық 
әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны 
ұғына білуді талап етеді Интеграциялық білім баланың ақпараттық, когнитивті және 
коммуникативті құзыреттілігін қалыптастырады. Ресей ғалымдары білімнің танымдық 
мақсаттарын ашу, білім көлемі, сапасы мен көптүрлілігін қамтамасыз ету, баланың өсіп келе 
жатқан жас ерекшелігіне және оқытудың басты мақсаттарына сай жаңа технологияларды 
пайдалануды кешенді жоспарлауды білім берудің эволюциялық жолы ретінде қарастырады. 
Осы бағыттағы мақсаттардың орындалуына соңғы жылдар ішінде пайда болған: оқытудың 
интегралды технологиясы; жаһандану дәуіріндегі ақпараттық білім беру технологиясы; 
когнитивті 
технлогия; 
оқытудың 
проблемалық-бағдарлы 
технологиясы арқылы 
өнертапқыштық міндеттерді ашу технологиясы; интеллект карт әдісі негізіндегі оқыту 
технологиясы үлес қосады. 
Бұл технологияларды оқыту үрдісінде кешенді қолдану арқылы баланың танымдық 
даму дәрежесі артады: ақпаратты алу, қабылдау, сараптау, сақтау және қолдану өрісі кеңиді, 
баланың бейнелі ойлау, сөйлеу қабілеті, біртума құндылық жасай алатын креативті, 
шығармашыл, дарындылық қасиеті дамиды; бүгінгі өркениет нәтижесінде пайда болған 
күрделі мәтіндер әлемін түсіне алатын, логикалық ойлау жүйесі өзгеше қабілетке ие болады; 
ұжымдық еңбек үрдісі арқылы қатысымдық дағдысы артады. Оқытудың интегралды 
технологиясы міндет қоя отырып, балалардың осы міндетті шешудегі мақсаттарын 
айқындайды, мақсаттар көпдеңгейлі диагностикалық жүйеде болып келеді. Міндеттер қою 
арқылы мақсаттарды айқындау бейінді оқытудың нақты жүзеге асырады. Мектепке дейінгі
мекемелерде интеграциялық оқыту мәселесінің педагогикалық рөлі, мәні мен мазмұны, 
әсіресе мектепке дейінгі ұйымдарда білім жүйесіндегі педагог жұмысыда арта түседі. 
Өйткені, педагог – шын мәніндегі қоғамдық-әлеуметтік даму үрдісінің адам санасындағы 
күрделі жаңғыру барысына тікелей қатысы бар болашақтың жасампаз маманы. Сондай-ақ, 
оқу бағдарламасында: «Мектепке дейінгі кезең – баланың зердесі дамуының іргетасы»
делінген. 
Мысалыға айтсақ біз өз тәжірбиемде денешынықтырумен өзін-өзітануды 
интеграцияландырып ұйымдастырылған оқу қыметің өткізу жас ұрпақтын бойына 


87 
87 
адамгершілік құндылықтарды сіңіре отырып денсаулықтарын нығайтуға шынықтыруға 
деген қызығушылықтары арта түседі. 
Қазіргі таңда қалыптасқан еңбек нарығы жоғары білімді, шығармашылық деңгейі 
жоғары, әрекеттің сан алуан саласында өз білімі мен біліктерін қолдана алуға қабілетті, 
қоғамда болып жатқан нарықтық – экономикалық, саяси – идеологиялық және рухани - 
әлеуметтік өзгерістерге белсене араласып, оның талаптарын өз бетінше шеше алатын, ортаға 
бейімделгіш, шығармашылық көзқарасы бар, жан – жақты үйлесімді дамыған тұлғаны 
қалыптастыруды талап етеді. Атап айтқанда, бүгінгі күні негізгі психологиялық 
мәселелердің біріне айналып отырған тұлға үшін өмірдің мағынасыздығы мен құнсыздығы, 
сондай – ақ, мектепке дейінгі тәрбиеленушілірде кездесетін әр түрлі қиындықтардың алдын- 
алу және өсіп келе жатқан ұрпақты өзін - өзі тәрбиелеуге үйрету қарқынды зерттеуді талап 
етеді. Әсіресе, еліміздің өркениетті – техникалық дамуында қоғамның өндіргіш күші болып 
табылатын адам мүмкіндіктерін жан – жақты жетілдіру мен оның электронды жүйелермен 
өзара әрекеттестігін психологиялық зерттеудегі қоғамдық қажеттіліктердің барынша дамуы, 
шығармашылық пен ұжымдық еңбектегі тұлғалардың өзара қатынастарын жақсарту, 
сонымен қатар оқу процесінде оқытудың белсенді әдістері мен оның жаңа технолнгияларын 
енгізу, білім сапасын көтерудің тиімді жолдарын іздеу секілді көптеген күрделі мәселелерді 
шешуде, тұлғаның өзін - өзі тәрбиелеуді тереңірек оқып үйренуді қажет етеді. 
Сонымен қатар баланың дүниетанымын қалыптастыру – барлық ұйымдастырылған 
оқу қызметінің міндеті. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуы өзін-өзі тани 
білген жағдайда ғана жүзеге аспақшы. Осы орайда көптеген жылдар бойы аналық жүрек 
жылуын бала өміріне еңбек ету жолына арнап келе жатқан Сара Алпысқызының 
авторлығымен енгізілген «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының 
маңызы өте зор, сырлы әлемге толы дүние. «Өзін-өзі тану » пәні балабақша 
тәрбиеленушілері, оқушылар мен студенттердің өздерін қоғамның бір бөлігі ретінде сезіне 
білуіне және өз ұлтының рухани-адамгершілік құндылықтары негізінде өзінің орнын білу 
дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіліп отырған тәрбие сабағы. 
Дана халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен 
ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына 
жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді 
сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде педагогтар шешуші рөл атқарады. 
Ұрпақ тағдыры – ұлт тағдыры демекші, ұлттың болашағы- оның білімді, талантты, 
адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтың қолында. Рухы күшті ұлт 
озады. Бұл тұрғыдан алғанда жас ұрпақтың рухани мәдениетін арттырып, көркемдік әлемін 
байытуда, дүниетанымын қалыптастыруда «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру 
бағдарламасының орны ерекше.Осы жобаның авторы Сара Алпысқызы «Өмір әдебі» деп 
аталатын еңбегінде «Ғасырлар бойы әр елдің халықтары осы біз кімбіз,не үшін өмір сүріп, 
қайда кетеміз, өміріміздің мағынасы неде, басты адами бағдарымыз қандай болуы тиіс?» 
деген сауалдар төңірегінде іздене отырып , «тіршіліктің осынау мәңгілік сұрақтарына жауап 
беру үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды қайта жандандырып, өзіміздің бастапқы қайнар 
көзімізге оралу керектігіне бір сәт те күмәнданбайтындығын» айтады 
Ұйымдастырылған оқу қыметің байланыс дүниетанымды бір жүйеге келтіреді, бірізді, 
үйлесімді дамытады. Білімді жалпылау, жалпыны бірлікте көру, жалпы тұрғыдан 
ерекшелікті таныту – әлемнің біртұтас бейнесін танытудағы бірден-бір жол. Негізгі нысаны 
– адамды жан-жақты дамыту болып табылатын өзін-өзі тану мен денешынықтыру өзара 
байланыса отырып табиғи ортаның, қоғамның, әлеуметтік ортаның даму заңдылықтарын 
тереңдете танытатын неғұрлым ірі интеграциялық байланысқа –қоғамдық ғылымдармен 
байланысқа ұласады. 
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім берудің негізгі бағыттары мен бағдарлы құндылық 
бағыттарының ерекшеліктері: білім беруді ізгілендіру, білім берудің мазмұны мен 
технологиясын жеке тұлғаға бағдарлай отырып ортақ қоғамдық құндылықтарды дамытатын 
тұлға қалыптастыру болып табылады. Алдымызда шығармашылық жағынан белсенді, 


88 
88 
интегративті тұлға қалыптастыру мақсатында білім мазмұнының тұтас, жан-жақты, 
проблемалық, пәнаралық байланыстарын ашатын технологиялар таңдау міндеті тұр. Абай 
атамыздың , «Атаның баласы болма, адамның баласы бол!» деген үндеуін орнықтыру үшін 
шәкіртке өзін ғаламның бір бөлшегі екенін сезіндіріп, оны жалпы адамзаттық мәдени 
құндылықтарымен таныстырып, құрметтеуге үйретуіміз керек. 
Біздің 
қосарымыз, 
бүгінгі 
қоғамда 
білімнің 
ғаламдану 
салдарынан 
пәнаралық байланыстың түрі қалыптасты. Ол әлемдік ашық білім кеңістігіне байланысты 
білім мазмұнының «тасмалдануына» және интеграциялануына байланысты туып отыр. Яғни, 
елімізде ғаламдық интеграциялық үрдістің пайда болуы нәтижесінде халықаралық дәрежеде 
білім берудің негізі қаланып жатыр. 
Бұл үрдістің көрністері – орта білім беру жүйесінде пайда болған 
халықаралық 
деңгейде 
интернационализациялау 
арқылы 
туып 
отырған интеграциялық үрдіс білім беру мен тәрбие шараларының кешені арқылы 
жасалады. Яғни, жастардың, бүкіл адамзаттың мекені – Жер планетасында өтіп жатқан 
барлық құбылыстар мен оқиғаларға бейжай қарамай, сезімталдықпен қарап, әртүрлі 
этникалық, нәсілдік, мәдени топ өкілдерін бөліп-жармай, оларға керек кезінде көмек қолын 
созуы, көптүрлі мәдени плюрализмді қабылдауы, ғаламдық қоғамдық қауымдастықта өмір 
сүре алатын білім, білік дағды жинауы басты назарда тұр. Біздің ойымызша, 
интеграциялық оқытуды жүзеге асыру балалардың танымдық қызығуы мен білім сапасын 
арттырумен қатар, бір сабаққа бірнеше пәндері мақсатының бірігуіне мүмкіндік береді. 
Қорытындылай келетін болсақ аталған педагогикалық технологиялар мен 
интеграциялық балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сатыға балалардың 
қабылдау мүмкіндіктеріне сай пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау 
қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, 
көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне 
көрнекілік, 
ойын 
технологиясын 
кеңінен 
қолданған 
жөн.
Тәрбиеші – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Жаңашыл тәрбиеші даярлауға 
қойылатын талаптар мектапке дейінгі мекемелерде жас ұрпақты жаңа түрлерімен оқыта 
отырып, қазіргі уақыттағы жан-жақты болу дағдыларын игеруге бағытталған оқытудың жаңа 
жолдарын енгізуді көздейді. 
Сондықтан жаңашыл тәрбиеленуші даярлауға қойылатын балалар-ертеңгі болашақ
тәрбиешілерді оқытудың жаңа түрлерімен ұйымдастырылған оқу қызметтерің өткізу
барлығы мемлекетіміздің тәуелсіздігін сақтауға, республика халқының бірлігін нығайтуға, 
денсаулығын, сапасы мен-деңгейін арттыруға бағытталғанын жан-жақты ашып көрсетеді. 
Осының барлығына біздің қолымызда. Ата Заңымызда көзделген тарихи ережелерге сүйене 
отырып, Президентіміз белгілеп берген басымдықтарды жүзеге асыру, атап айтқанда: ғылым 
мен білімнің интеграция жүйесін дамыту, денсаулық сақтау саласының қазіргі 
заманғы стандарттарына өтуін, ұлттың мәдени және рухани әлеуетін өркендеуін қамтамасыз 
ету арқылы жетіп отыр 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет