«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет97/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

 
Әдебиеттер тізімі: 
1.Савенков А.И. Одаренный ребенок в массовой школе.2001г 
2.12 жылдық білім беру журналы.№2,7,11 -2007 ж 
3.Тұрғынбаева 
Б.Ш. 
Кіші 
жастағы 
оқушылардың 
шығармашылық 
қабілетін 
анықтау.Алматы,1999 ж
ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Бахтыгереева С.Х. 
М.Ақмолла атындағы мемлекеттік 
педагогикалық университеті, қ. Үфү 
 
Халқымыздың ежелден дәріптеп, қастерлеп келе жатқан, ұрпақтан -ұрпаққа мұра 
болып отырған қазақ ескіліктерін құрайтын рухани құндылықтардың бірі – ата-баба 
шежіресі. 
Қазіргі уақытта, яғни ХХI ғасырда тіл білімінде тілді тек қарым-қатынас құралы 
ғана деп емес, сонымен қатар ұлтымыздың мәдени ақпараты жинақталған құрал ретінде 
қарастыратын бағыт қалыптасып, тіл білімі ғылымының дамуы этнолингвистикалық
бағытта жүргізілген зерттеулермен толығуда.
Мұндай зерттеулерге дәйек болатын кез келген халықтың ерекшелігі, менталитеті 
тілінен көрініс тауып, оның барлық деңгейлерінен байқалатыны мәлім. Осы тұрғыдан 
мазмұны ұлттық, тұлғасы сан алуан этнонимдердің табиғатын толық біліп, жете түсіну,
оның толып жатқан сан-салалы мәселесін әлі де жан-жақты зерттей түсудің мәні ерекше. 
Шежіре материалдарына сүйене отырып ру-тайпаға қатысты қалыптасқан атаулар 
мен этнонимдердің тарихи-тілдік табиғатын, тарихи тұлға есімдерінен қалыптасқан 
тұрақты тіркестерді таксондық тұрғыдан жіктеу, лингвомәдени, этнолингвистикалық 
сипатын анықтау мәселелерін толыққанды қарастырған жөн.
Дәстүрлі қазақ шежіресінің ғылыми дерек ретінде қалыптасуы ХІХ ғасырдың 
екінші жартысы мен ХХ ғасыр басына жатады. Ауызша таратылған қазақ ұлтының жүздік, 
рулық-тайпалық құрамын зерттеп, қазақтың шежіресін жазған ғалымдарды атап кетер 


224 
224 
болсам.1990 жылы Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханлар 
шежіресі» 
(қазақ,орыс 
тілдерінде) 
Н.Наушабаевтың, 
Ғұсманғали 
Сыдықовта 
«Шапырашты шежіресі» берілсе, Қ.Халидтің еңбегінде «Түркі халықтарының 
шежіресі»жайында жазып кеткен. ХХ ғасыр 20жылдары шежіреге қатысты алғашқы 
ғылыми зерттеулер дүниеге келе бастады. Олар М.Тынышбаев, Ә.Бөкейханов,
С.Асфендияров, М.Дулатов. Сонымен қатар өткен заманның шежіре материалдарының 
негізінде шежірелердің жаңа нұсқалары да жасала бастады. Олардың қатарына Серғали 
Толыбековтің «Қазақ шежіресі» (Алматы,1992), Бейсенбай Жарылғаповтың «Қазақ 
шежіресі» (Алматы,1994ж), Хамит Мадановтың «Кіші жүздің шежіресі» (Алматы,1994ж) 
т.б жатады.
Қазақ халқының ұлттық дүниетанымы, менталитеті, мәдениеті, табиғаты, болмысы 
туралы бұрынғы Кеңес дәуірі заманында қырқылып қалған мәліметтер мен деректердің 
орнын толтыру: ұлттық мәні бар, мазмұны бар деректерді сүзгіден алып шығып, ұлт 
болмысын танытатын ақпарат көзі ретінде зерделеу. «Ру», «жүз», «тайпа», «шежіре», т.б.
ұғымдар мен атауларға, этноқұрылымдық жүйе мен төл мәдениетіне сәйкес ұлт тарихы, 
ұлт құндылығы деп баға берсек артық етпейді.
Қазақ этносының тарих сахнасына шығуы туралы Ш. Уәлиханов: «Қазақтардың 
өзі, мен жоғарыда атап өткендей, өз руларының атауларын бағзы замандарда өткен ру 
басыларының, ата-бабаларының есімдерімен байланыстырады. Ал қыпшақ, найман, 
қоңырат т.б. негізгі руларды ертеден - Шыңғыс заманынан келе жатқан ел ретінде таниды 
және ол тайпалар қай жүздің құрамында болмасын, өздерінің шығу тегін де сол жүзден 
тараған біртүтастық-қүрамдас бөлігіміз деп санайды.»-деп жазды [1.б,102]. 
Әулие 
Мәшһүр-Жүсіптің Шәкәрім жазған шежіресі жайында (мағынасы мынаған саяды) 
«Шәкәрім шежіресінің бір міні – кімнен қай туғанның ғана есімінің тізбектеле беретіндігі. 
Ол адамның еткен еңбегі мен жеткен дәрежесі, жақсылығы мен жамандығының 
толыққанды жазылмауы» 
[2.б,71]. 
Бұл – біздің шежіреге деген түсінігімізді түбегейлі басқа арнаға бұратұғын 
көзқарас. Мәшһүрге сенсек, шежіре – «ТЕК туралы ғылым. Онда адамның аты ғана емес, 
еткен кәсібі мен нәсібі 
(ырыздығы)
түгел көрсетілуі тиіс. Қағиданың басты шарты – осы 
арқылы кімнің жаман, кімнің текті атаның әулетінен екендігін оп-оңай-ақ ажыратып алуға 
болатын болған» 
[3.б, 78].
Егер тарқатып айтар болсақ, мына мәселеге тоқталғым келеді. Біріншіден, қазақ 
шежіресі - қазақ мемлекеттілігінің тарихынан құнды дерек береді. Себебі, қазақ ру-
тайпаларының тарихы қазақ хандығына негіз болған тайпалар тарихы болып табылады. 
Екіншіден, қазақ шежірелері ауызекі түрде жетіп, қазақ тарихына байланысты 
мәліметтерді толықтыра түседі. Қазақ шежірелері қаншалықты үстірт жазылғанымен, 
қазақтың ру батыр-билері, шежіредегі тарихи оқиғалар арқылы Қазақстанның этникалық 
территориясы, саяси әлеуметтік жағдайынан деректер аламыз. Үшіншіден, қазақ 
шежірелері ру тарихына, тарихи оқиғалар мен ірі тұлғалардың өміріне қатысты 
деректерден мол мәлімет беретін құнды дерек көзі. 
Қазақстанның этнонимдері құрамындағы ру, тайпа (этноним) аттарының шығу, 
пайда болу себептерін сөз еткенде, оларды тарих, этнография, тіл және т.б. ғылымдағы 
жаңа бағыттармен байланыстыра отырып кешенді түрде зерттеуді қажет етеді.
Өйткені, қазақтың үш жүзі (¥лы жүз, Орта жүз, Кіші жүз) құрамындағы рулар мен 
тайпапардың ежелден бір-бірімен қоныстас, шекаралас бола жүріп қарым-қатынас 
жасауы, араласуы, бірінің еншісіне сіңісуі арқылы оның өн бойынан сан ғасырлық 
тарихын, рухани, мәдени және туыстық, территориялық тұтастығын, бір-бірімен 
сабақтастығын және тамыры тереңде жатқан тарихи құбылыс екендігін көреміз.
Қазақ шежіресіне қатысты С. Аманжоловтың «Қазақ тілінің диалектологиясы мен 
тарихының мәселелері» (1959), В. Востров пен М. Мұқановтың «Қазақтардың ру құрамы 
мен қоныстануы» (1968) және М. Мұқановтың «Орта жүз қазақтарының этникалық 
құрамы мен қоныстануы» (1974) атгы зерттеу еңбектері сынға да ұшырады. 


225 
225 
Осыған қарамастан, Т. Жанұзақовтың «Қазақ ономастикасының негізгі 
проблемалары» (1974) атты докторлық диссертациясының бесінші тарауы тұтастай қазақ 
шежіресін зерттеуге арналды.
Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақтың шежіре мәселесіне жете көңіл бөліп, 
ғылыми дәйектерге негізделген шежірелер қатарына: С. Толыбеков «Қазақ шежіресі» 
(1992), «Қазақ шежіресі хақында» (2000), X. Маданов «Кіші жүздің шежіресі» (1994), 
сондай-ақ кезінде қазақ шежіресін жинауға ұйытқы болған «Ана тілі» газеті 
қызметкерлерінің жұртшылыққа үш жылдай сұрау салуы арқылы жинақталған шежірелік 
мәліметтерді ғылыми айналыста бар деректермен сараптау негізінде «Қазақ шежіресі» 
(қүрастырған: Ж. Бейсенбайүлы.,1994), А. Сейдімбек «Қазақтың ауызша тарихы» (2008) 
т.б. жарық көрді. 
Ақселеу Сейдімбектің «Ақ қыз» кітабында мынандай бір дерек келтіріп кеткен: 
тарақтының Тұяқ дейтін шешені айтыпты деген сөз бар. 
«Бұрынғы уақытта кім батыр болса, кім бай болса, кім елді аузына қаратқан ділмәр 
ақын, айызынды қандырар өнерпаз болса, соны бүткіл руласы болып арқа тұтып, бетке 
ұстап жүретін әдеті еді ғой» [4.б,105]. 
Бірде Қараөткел жағында Аққошқар Сайдалының үш жүзге сауын айттырған асы 
болса керек. Сонда «Ұлы жүзге ноқта ағасы деп жалайырға, Кіші жүзге ноқта ағасы деп 
табынға, Орта жүзге ноқта ағасы деп тарақтыға арнап, үш ақ боз үйді бөлек тігіпті». Бұған 
кейбір жуанымсып, келгендер намыстанып, бір орайы келгенде: «Тарақты баласының 
ішінде Байғозы батырдан кейін ақ үйге түсуге жарайтын ұл тумады деп естуші едік, 
Аққошқар Сайдалының асында бір жетісіп қалды-ау», - деп соқтыға сөйлесе керек. Сонда 
жұлып алғандай Тұяқ шешен былай дейді депті:
«Қаз дауысты Қазыбек – о да менің жиенім,
Шапырашты Жәнібек - о да менің жиенім, 
Дулат, Байзақ, Мәмбет – о да менің жиенім, 
Қуандық, Байбек, Құлыбек- о да менің жиенім, 
Ошақтыда Сапабек - о да менің жиенім, 
Қаракерей Қабанбай – о да менің жиенім, 
Ботпай-Шымыр Сыпатай – о да менің жиенім, 
Әлтекеде Жидебай – о да менің жиенім, 
Тобықтыда Құнанбай – о да менің жиенім, 
Шұбыртпалы Ағыбай – о да менің жиенім, 
Дуан басы Ырыбай – о да менің жиенім, 
Өтебай мен Қосы бай – о да менің жиенім, 
Кәрсондегі Көпбай – о да менің жиенім, 
Байдалы мен Байтоқа – о да менің жиенім. 
Осы тектес мысалдарды көптеп жалғастыруға болады. Қазақта мынадай мақал бар. 
«Әйел жаман болса, мейманың кетеді, Ұлын жаман болса, жиғаның кетеді, Қызың жаман 
болса, жеті ата түбіне жетеді» [5. б,576].
Бүгінгі ұрпақ ата-бабаларымыздың қазіргі заманға дейін үзбей жеткізіп кеткен 
дәстүрдің тарихи маңызын келешек ұрпаққа жілігін сүзіп, ұлттық тәрбиені беретін сүбелі 
жақтарын ашып көрсетіп ұлықтау біздің тарих алдындағы міндетіміз. Ұрпағымыздың 
санасының күңіренуіне жол бермей, кезіндегі керітартпа пікірлерден арылып, ұлттық 
санасезімді оятып, ұлттық рухты биіктету арқылы ұлттық бірлікке қол жеткізу үшін, 
жалпы ұлтымызды ұлықтау үшін де тырыспақ керек!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет