Сакенова Р. Е., Батырбай Ә. Т., Жапарова М. С., Ботабаева Г. Б., Сакпанов Е. М



Pdf көрінісі
бет11/68
Дата19.06.2023
өлшемі2,44 Mb.
#178977
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   68
Байланысты:
2914351229724 Сакенова, Батырбай К ПЕЧАТИ

1.2.7 Кедергi күшi 
 
Қатты денелердiң сұйықтар мен газдарда қозғалғанда пайда болатын және 
дененiң қозғалысына қарсы бағытталатын күштi 
кедергi күшi
деп атайды. 
Кедергi күшi денелердiң пiшiнiне, дене бетiнiң тегiстiгiне және ортаның 
тегіне тәуелдi болады. Аз жылдамдықта кедергi күшi дененiң жылдамдығына 
тура пропорционал болады. 

Ӛте үлкен жылдамдықтарда кедергi күшi жылдамдықтың квадратына 
тура пропорционал болады. 

1.2.8 Ауырлық күшi және салмақ 
 
Дененiң жерге тартылу салдарынан денеге түсетiн күштi 
ауырлық күшi
деп атайды. 
Ауырлық күшi дененiң қозғалысына тәуелсiз, әрқашан дененiң массасына 
тура пропорционал. 

Дененiң жерге тартылу салдарынан тiрекке немесе аспаға түсiретiн күшiн 
салмақ деп атайды. 
Дене түзу сызықты бiрқалыпты қозғалған жағдайда, салмақ:

Дене тiк жоғары а үдеумен қозғалған жағдайда дененiң салмағы та-ға 
артады.



23 
Дене тiк тӛмен а үдеумен қозғалған жағдайда дененiң салмағы та-ға 
кемидi.

Дененiң тiрекке немесе аспаға салмақ түсiрмейтiн күйiн –
салмақсыздық
деп атайды.
1.2.9. Сақталу заңдары 
Бiр-бiрiмен әсерлесiп, жүйеге кiрмейтiн денелермен әсерлеспейтiн жүйенi 
тұйық немесе оқшауланған жүйе деп атайды. 
Тұйық жүйедегi денелердiң ӛзара әсерлесуi кезiнде үш физикалық шама 
сақталады. 
1. Импульс


24 
2. Энергия 
3. Импульс моментi 
Сондықтан тұйық жүйелерде үш сақталу заңы орындалады. 
1. Импульстiң сақталу заңы. 
2. Энергияның сақталу заңы. 
3. Импульс моментiнiң сақталу заңы. 
Энергияның сақталу заңының негiзiне уақыттың бiртектiлiгi жатады, яғни 
кез-келген уақыт мезеттерiнiң бiрдейлiгi. 
Импульстiң сақталу заңының негiзiне кеңiстiктiң кез-келген нүктелерiнiң 
қасиеттерiнiң бiрдейлiгi жатады. 
Импульс моментiнiң сақталу заңының негiзiне кеңiстiктiң изотроптығы, 
яғни кеңiстiктiң бағыттарының қасиеттерiнiң бiрдейлiгi жатады. 
Импульстiң сақталу заңы. Механикалық жүйенiң толық импульсi жүйеге 
кiретiн жеке денелердiң импульстарының векторлық қосындысына тең. 

Тұйық жүйедегi денелердiң ӛзара әсерлесуінен пайда болатын iшкi 
күштерiнiң қосындысы нольге тең. 

Тұйық жүйенiң толық импульсi тұрақты болады. 

Энергияның сақталу заңы. Денелердiң әртүрлi қозғалыстарының және 
ӛзара әсерлесулерiнiң әмбебап сандық сипаттамасы ретiнде физикалық скаляр 
шама энергия енгiзiлген. 
Табиғатта әртүрлi қозғалыстарға сәйкес энергияның механикалық, iшкi, 
электромагниттiк, атомдық, ядролық, биологиялық, химиялық және тағы басқа 
түрлерi кездеседi. 


25 
Денелердiң механикалық қозғалысын және оған сәйкес келетiн 
әсерлесулердiң сипаттамасы механикалық энергия болып табылады. 
Денелердiң қозғалыс жылдамдығы ӛзгергенде немесе денелердiң ӛзара 
әсерлесулерiнiң сипаты ӛзгергенде - энергиясы ӛзгередi.
Энергияның ӛзгерiсiн сипаттау үшiн физикалық шама жұмыс енгiзiлген. 
Жұмыс деп – күш пен орын ауыстыру векторларының скаляр 
кӛбейтiндiсiн айтады. 
Тұрақты күштің жұмысы келесі формуламен анықталады:

Айнымалы күштің жұмысы элементар орын ауыстыру кезінде келесі 
формуламен анықталады: 

Ал айнымалы күштің толық жұмысы 
формуласымен 
есептелінеді. 
Үйкелiс, кедергi күштерiнiң жұмысы әрқашан терiс болады(сурет). 
Дене орын ауыстырмаған жағдайда немесе күш орын ауыстыруға 
перпендикуляр болса күш жұмыс атқармайды. Мысалы суретте кӛрсетілген 
жағдайда ауырлық күшінің жұмысы нольге тең болады. 
Күш жұмысы суретте кӛрсетілгендей қисықпен шектелген ауданға тең 
болады.


26 
Жұмыстың атқару жылдамдығын сипаттау үшiн физикалық шама қуат 
енгiзiлген. Ӛлшем бірлігі 


Атқарылған пайдалы жұмыстың толық жұмысқа қатынасын пайдалы әсер 
коэффициентi (ПӘК) деп атайды. 
%. 
Механикалық энергия кинетикалық және потенциалдық болып бӛлiнедi.
Кинетикалық энергия - қозғалыстың сандық мӛлшерi болып табылады. 
Қозғалыстағы дененiң энергиясын кинетикалық энергия деп атайды. 

Ал потенциалды күштің жұмысы кинетикалық энергиясының ӛзгерісіне 
тең болады, яғни 

Денелердiң 
ӛзара 
орналасуына 
тәуелдi 
әсерлесу 
энергиясын 
потенциалдық энергия деп атайды.
Потенциалды күштердiң атқаратын жұмысы – терiс таңбамен алынған 
потенциалдық энергияның ӛзгерiсiне тең. 
немесе


27 
Жұмысы дененiң траекториясына тәуелсiз, тек дененiң бастапқы және 
соңғы орындарына ғана тәуелдi күштердi потенциалды және консервативтi 
күштер деп атайды. Тұйық траекториядағы потенциалды күштердiң жұмысы 
нольге тең болады. Мысалы, а-в траеториясындағы ауырлық күшiнiң жұмысы 
нольге тең. 
Потенциалдық энергияның математикалық ӛрнегi әсерлесулердiң 
сипатына тең болады. 
1. Ауырлық күшi ӛрiсiндегi дененің потенциалдық энергия. 

- дене Жердiң радиусымен салыстырғанда аз биiктiкте 
орналасқанда қолданылады.
2. Гравитациялық ӛрiстегi денелердiң әсерлесу энергиясы 


28 

3. Серпiмдi деформацияланған дененiң потенциалдық энергиясы 

Толық механикалық энергия деп дененiң кинетикалық және 
потенциалдық энергияларының қосындысын айтады. 
Тұйық жүйеге тек консервативті күштер әсер еткенде толық 
механикалық энергия тұрақты болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет