О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет15/37
Дата21.06.2023
өлшемі4,58 Mb.
#179074
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37
Байланысты:
Kewirdim x Asik

Өзін бағаламайтын адам
«Кешіру ашудан, жек көруден және рухани тұрғыда 
шаршаудан сақтайды» 
Ө
зін бағаламайтын адам «шектен тыс сүмірейген 
адам» деп аталады. Себебі мұндай адам өзін өте 
төменгі дәрежеге дейін түсіре алады. Егер мәселе бұдан 
ары қаралса, шүбәсіз, оның өзіндік бағасы, сыйы жоқ 
десе де болады. Болмысы жоқ затпен тең. Ондай адам 
өзінің ой-пікірін ашық айта алмайды. Қоғаммен біте 
қайнаса алмай, тұйықтала береді. Өзінің ішкі жалынын, 
көркін, өзіне деген сенімін жоғалтқан жан. Ол әрдайым 
күмәнмен күн кешеді. Әрбір нәрсеге күмәнмен 
қарайды. Өзінің мүмкіндігіне, қабілетіне шек келтіреді. 
Адамдардың біреуі оған көркем мәміле, қарым-
қатынас жасаса, күмәндана бастайды. Тіпті тағдырында 
бұйырған жақсылықтарға күмәнмен қарайды. 
Кибербуллингке ұшыраған адамның болуы - қоғамды 
тоқырауға әкеп тірейді. Бала өзінің жақындары 
тарапынан орынсыз сынға алынса немесе күлкіге 
ұшыраса, өзге балалармен орынсыз салыстырылатын 
болса, түбінде тоқырауға ұшырайды. Бала тәрбиесіндегі 


iqup
67
мұндай әдіс-тәсілдер пайда бермейді, керісінше, 
психикасына қатты зақым келтіреді.
Өзін бағаламайтын адам, бәлкім, өсіп-жетілетін 
шағында тұлғалық дамуына зақым келтіретін, нашар 
қарым-қатынасты немесе жиі жәбір көрген болуы 
мүмкін. Айналасында қолдау көрсетер ешкімді таппауы 
немесе өзін құтқаруға жеткілікті пайым-парасаты 
болмауы, дұрыс қарым-қатынастың түзілмеуі де әсер 
етуі мүмкін. 
Адамдардың басым көпшілігі көп жағдайда өзін 
асыра бағалап жіберіп немесе бағалай алмай жатады. 
Өзін бірқалыпты ұстап, шектен шықпай бағалай білетін 
адам кемде-кем. 
Өзін төмен санайтын адам мынадай анық 
сипаттармен 
танылады:
• Өзгелерге өзін басынуға, уақытын алуға, мал-мүлкін 
қолды қылуға жол береді. Көп жағдайда мұндай 
әрекеттерге қарсылық білдірмейді. «Жоқ» деп 
айтуға қиналады.
• Мақтауды мүлдем қабылдамайды. Егер оған киім-
кешегінің әдемі екенін айтсаң, саған киімінің 
қарапайым екенін айтады. Егер оған бір істе 
тапқырлық танытқанын айтсаң, саған біртүрлі 
қарап, сөзіңді жоққа шығарады. Сені түзеп, сосын 
іс-әрекетінде қате-кемшілік жіберген жерлерін 
түсіндіре бастайды. 


Кешіру
68
• Кішіпейіл болуды алға тартып, сөзінде өзін орынсыз 
кішірейте береді. Өзі туралы: «Ақымақпын, тез 
үйрене алмаймын», – деп айтады. Егер онымен 
тартыссаң, кішіпейілділік және адамның өз қадірін 
білу жайлы айтылған сөздердің бәрін жаттап алады. 
Алайда ол өзін түсіреді. Өз қадірін білмейді және 
өзін бағаламайды. 
• Өзіне сенімсіз екені анық білініп тұрады. Сенімсіздігі 
сөзінен, дауыс ырғағынан, отырысынан, жүрісінен 
көрінеді. Көп жағдайда тұйық жүреді. 
• Үнемі өзінен жоғары тұрған адамдарға қарайды. 
Олармен өзін салыстырып, солар сияқты болуға 
немесе оларды басып озуға жасқанады. Өзінің 
өсетініне, озатынына сенбейді.
• Өзінің жетістіктеріне қуануы қиын. Қандай іс бітірсе 
де барлығын қалыпты жағдай деп санайды. Бойынан 
ешбір айбын мен алғырлық көрінбейді.
• Өзі туралы армандаудан, өзіне үміт артудан қорқады. 
Әрдайым қарапайым санаттағы адамдар қатарында 
күн кеше беруді қалайды. 


iqup
69


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет