iqup
9
Алғысөз
Б
ұл кітап жеті түрлі қағидаға негізделген. Ішіндегі
кейбір сөздерге келіспей,
қарсылық танытып
жатсаң, осы қағидаларды ескер!
Бірінші қағида:
Кешіру дегеніміз - қарсы тараптың жасаған
жамандығын түк болмағандай ұмыта салу емес.
Керісінше, оны ойыңнан, санаңнан өшіріп тастау. Ондай
жаман іспен шұғылданба!
Осы қағиданы ешқашан
ұмытпа! Бұл қағида “айтуға оңай” деп сөзді бөлетін
жандарға қатысты жауап.
Екінші қағида:
Өміріңде болып жатқан
жағдайлардың барлығы -
өзің тілеп алған немесе саған пайда беретін сабақ.
Өміріңдегі жағдайлардан сабақ алмастан ысырып
тастама.
Бұл қағиданы жазып алып, көзге көрінетін
жерге қойып қой! «Өмір бізді жақсы көрмейді»,- деп
налитындарға осылай жауап берсең болады.
Кешірдім
10
Үшінші қағида:
Қайғың қаншалықты ауыр болса да көңіліңе жақын
алма! Жүрегіңе жақын қабылдама!
Шамаң келгенше
ауыртпалықтарға жеңіл қарауға тырыс. Оның да
өткінші екенін біл. Алдыңда сені бақытты күндерің
күтіп тұрғанын ұмытпа!
Достарыңызбен бөлісу: