Кешірдім
20
аз деген түсінік бар. Сені үнемі қатаң түрде бақылап
отырған адамның қол астында болудың несі жақсы?
Құрандағы «Юсуф пен оның бауыры әкемізге бізден
сүйіктірек» деген сөзден ұғарымыз: бір кісінің өз
балалары мен қыздарын әртүрлі
дәрежеде жақсы
көруінде ешқандай әбестік жоқ. Бірақ ардақты
пайғамбарымыз мұны білдірмеуді ескерткен.
Балаларға деген сүйіспеншіліктің әр қилы болуына
тыйым салмаған. Бірақ олардың арасында әділ болуы
және олардың арасында
бір-бірлеріне дұшпандық
туғызбау үшін кісі өз сезімін жасыруы керек.
iqup
21
Бұрынғы күйеуіне немесе
әйеліне деген реніш
Кісілігін жоғалтпаса - жауыңның қайсыбір
иттігін кешіруге де болады.
Асқар Сүлейменов
Е
рлі – зайыптылар арасында бұрынғы жолдасына
деген өкпе адамның болашағына қатты әсер
етеді. Адам болашағын құра бастағанда бұрынғы өткен
істеріне қайтып орала беретін болады.
Осылайша
секемденіп, қорғанып, өткеннен сабақ алуды ұйғарады.
Әлбетте, жаңа әрі бақытты болашақ құру үшін әуелі ескі
қарым- қатынастың ізін өшіру керек, яғни ескі діңгекті
құлату керек.
Кешіру дегеніміз – қоштасу. Ыза және реніш
сезімімен, ауырсынумен қоштасу. Өткен жағдаймен
тұтастай қоштасу. Қоштаспайды екенсіз, ол
сіздің
ішіңізде бұғып жатып сізді іріте бастайды. Кешірмеу
сізді ренжіткен адамға ештеңе де жасай алмайды және
сол сезім сізді іштей мүжи береді.
Кешірдім
22
Қоштасқан екенсіз, демек, шешімге келгенсіз деген
сөз. Олай болса, айырылысқан екенсіз,
енді оның
артынан сөз айту, айыбын ашу мен кек сақтаудың түкке
пайдасы жоқ екенін түсінуіңіз керек.
Сіздерге лайфхак:
Құран аятында айтылғандай, жақсылықпен ажырасу
керек. Сізді қарым-қатынастың әйтеуір біткені емес,
қалай біткені алаңдатуы керек. Қарым-қатынастан
соғыстан қайтқандай емес,
керісінше жанашыр
жаныңызды ұшаққа/пойызға отырғызып жібергендей
оны өміріңізден босатып жіберіңіз.
Өкпелі адамдардың тізімін осылай жалғастырып
кете беруге болады. Бірақ біз маңызды дегендеріне
ғана тоқталдық.