Ренішпен қалай жұмыс
жасау керек?
Қай тілде болмасын ең керемет, ең
әдемі сөз - «мен сені кешірдім».
Стивен Кинг
К
ейде реніш жан дүниемізді жаулап алғаны
соншалықты - әлемді басқа қырынан қабылдай
алмай қалатын дәрежеге жетеміз. Айналасындағы
адамдарды тек «ренжітетін» және «дені дұрыс адам»
деп екіге айырып қана қабылдайтын боламыз. Ондай
адам бейне бір жан жарасын әлдилеп, одан айырыла
алмай қалғандай көрінеді. «Өкпелі бала» психикасы
уақыт өте келе ұлғайып, өмірдің өзге жақтарын
бүркемелеп тастайды.
Бала күнімізде бәріміздің өкпелеген кездеріміз
болғаны анық. Реніш, жоғарыда айтқандай, ашу мен
шарасыздықтың қосындысы, оны ашық көрсетуге
болмайды. Шарасыздық - өзің үшін күресе алмау, жеке
шекараңды қорғай алмау, осылардың барлығы бізді
өздігінен құрбандық шегіне әкеледі.
Кешірдім
26
Адам неғұрлым шарасыз болса, соғұрлым ол
құбандық шегінде болмақ. Ал құрбандық өзіне
физикалық болсын, сезім жағынан болсын зорлық
пен зомбылықты тартады. Ренішті былай түсіндірейік:
өзгеге өкпесі мен реніші бар кез келген адам сол
реніштің құрбаны. Бұл бітпейтін шеңбер, себебі ол өзіне
зорлықты тартады да, ренжиді, соның салдарынан өзін
қамқорсыз сезініп, жаңа зорлықтарға өзін дайындауды
жалғастыра береді.
Кей кездері өкпе-реніш адамның өзіне сезілместен
түпкі санада сірескені соншалықты, тіпті, оны адамның
өзі де сезбей қалады. Ол, тіпті, ренжуді ақымақтық
деп немесе оны әлсіздік деп санауы мүмкін (әсіресе,
еркектер). Алайда мұндай түсінік жағдайды өзгертуге
шарасыз, керісінше, ондай реніш, яғни тасада жатқан
өкпе көптеген қиындықтарға жол ашады. Қандай да
бір сезімді адам сезіне алмаса, байқай алмаса, ол сезім
адамды көбірек басқаратын болады.
Реніш өте улы қуатқа ие, сондықтан да оны
психосоматикалық аурулардың тізіміндегі «чемпион»
деп атауға болады. Көп адамдар жылдар бойы бір
дертінен айыға алмай жүреді, ал оның себебі бала
кездегі өкпе мен реніште жатқанын біле бермейді.
Адамның денесі оның «естелігін» арқалап жүре береді
әрі ескі ақауларды жаңа қалпында «еске алғанда»
ауырып қала береді.
Ренішті түсінудің жолы - оған шынайы көзбен
қарап, қалай бар болса солай қабылдау керек. Ол
iqup
27
дегеніміз, өмірдегі кез келген жағдайда бала кездегі
ақауды көре білуді үйрену әрі оны басқару. Әлбетте,
оған ұзақ уақыт кетуі мүмкін, бәлкім үш жыл, екі жыл
да кетуі ықтимал. Нәтижесінде уақыт өте келе жан
жарасы емделіп, ақаудағы мазохистік тартымдылықтан
арыласыз. Денеңізде де психосоматикалық ауруға
шалдықтыратын себеп те қалмайды. Көзіңіз ашылып,
өмірдің әдемілігін көргенде ғана өмір сүруге
құштарлығыңыз да оянбақ.
Бұл тақырып өкпе мен реніш өздігінен жоқ болып
кетпейтінін түсінетін жандарға арналады. Оны түсініп,
онымен жұмыс жасамаса, тасада жата беретінін түсіну
керек. Ендеше, ренішпен қалай жұмыс істеу керек?
Кез келген психологиялық мәселе мен жұмыс
екі деңгейден тұрады: Біріншісі - мәселеге қатысты
менталды материал жазып беру. Ал екіншісі - сол
материалдан жағымсыз сезімнің қуатын азайтуға
бағытталған қандай да бір материалды пайдалану.
Осыдан соң сезім қуаты азайған кезде менталды
материалға онша әсерлене қоймайсыз. Нәтижесінде
оның болашақта көрініс табуына тосқауыл боласыз.
Сонымен қатар, менталды материалмен жұмыс жасау
өзіңнің психологиялық жағдайыңа саналы түрде қарай
бастауға көмектеседі.
Психологияда өкпе, ренішті кешіретін тиімді тәсілдер
бар. Ренжімеуді, ренжіткен адамды мәңгі кешіруді
қалай үйренеміз? Мүмкін-ау деген реніштерді кешіріп,
оларды көңілден кетірумен жұмыс жасау өте маңызды.
Кешірдім
28
Ренжіткенді кешірудің бір тәсілі, сол ренжіткен адамға
хат жазу, әлбетте оны қолмен жазуға тура келеді,
өйткені ол барлық нәрсені жіктеп жазуға және барлық
ренішті сыртқа шығарып тастауға көмектеседі. Жазып
болған соң ол қағаз не жыртылады, не өртеледі. Хатты
ренжіткен адамға берудің қажеті жоқ.
Хат бір парақ қағазға, нақты бір адамға қаратылып
жазылуы керек.
Хаттың үлгісі:
Мен саған ренжулімін, өйткені
...... (барлығын жазу керек, үлкен
болсын, кіші болсын барлық ренішті
есіңізге түсіріп жазыңыз)
Мен сені кешірдім!
Сен де мені (ойыңызға не келсе соны
жазыңыз: сен туралы жаман ойлағаным
үшін, ұрсысқаным үшін, демеу болмағаным
үшін, сені бар қалпыңда қабылдамағаным
үшін, аз рахмет айтқаным үшін, т.б.) кешір!
Сондай- ақ өзімді де кешіремін!
Ендігі жерде (болашақта бұл адаммен
қандай қатынаста болуды қалайсың
соны жаз: үйлесімді қатынас құрып, дос
iqup
iqup
29
секілді араласу, бір- бірімізге демеу
болып, қадірлеу, т.б.) боламын!
Саған рахмет ...... (нақты болған
жағдайларды еске түсіріп жазу керек) үшін!
Мен сені мына әлемнің бір бөлшегі
ретінде жақсы көремін, Құдайдың жерге
жіберген таңдаулы адамы ретінде,
маған тәжірибе сыйлаған ұстазым
ретінде жақсы көремін! Саған рахмет
айта отырып, бақытты өмір тілеймін!
Егер реніш өте терең болмаса, онда осы жеткілікті.
Егер ол терең болса, онда психолог немесе
психотарепевттің көмегіне жүгінуге тура келеді.
Кешірдім
30
Достарыңызбен бөлісу: |