Оқулық: Қазір ғарышты қалай зерттейді?, 54-55бб. Жұмыс дәптері: 35-жұмыс парағы. Ұшу аппараттары, 37-б



Дата31.03.2020
өлшемі19,83 Kb.
#61169
түріОқулық
Қазір ғарышты қалай зерттейді?

Оқу мақсаты:



  • Кейбір ғарыш денелерін сипаттау.

  • Ғарышты зерттеуге арналған құралдарды және ұшу аппараттарын сипаттау.

  • Қоршаған әлемнің құбылыстарына бақылау жүргізу.

Тірек сөздер:

  • Телескоп;

  • Зымыран.

Оқулық:

Қазір ғарышты қалай зерттейді?, 54-55бб.

Жұмыс дәптері:

35-жұмыс парағы. Ұшу аппараттары, 37-б.

36-жұмыс парағы. Расытхана, 38-б.

Ресурстар:



  • Ұшу аппараттарының әр түрлі суреттері;

  • Телескоптардың суреттері.

Интернет-ресурстар:

  • Телескопты қалай жасауға болатыны туралы бейнежазба;

  • Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыранның ұшуы.

Күтілетін нәтижелер.

Оқушылар:



  • Адамдар ғарышты қалай зерттейтінін біледі. Олар құрылғалар мен ұшу аппараттарының не үшін қолданылатынын түсіндіреді;

  • Расытханалардың қалай жұмыс істейтінін, қазіргі телескоптардың, алғашқы телескоптардан айырмашылыгын түсінеді.

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Ғарыш – бұл Жерді қоршап тұрған кеңістік. Оны зерттеу үшін телескоптар мен басқа да күрделі септикалық құрылғылар қажет.

Жердің жасанды серіктерінің көмегімен метеорологиялық ақпараттар алынады, Күннің құбылыстарын бақылайды, ормандардағы өрттерді анықтайды. Ғарыш аппараттары Айда, Шолпанда,Марста болған.

Қазіргі уақытта әлемде ғарыш аппараттарын ұшыратын ғарыш айлақтары көп емес. Олардың ішінде Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан әлемге әйгілі Байқоңыр ғарыш айлағы да бар.



Расытхана (обсерватория) – астрономиялық құбылыстарды бақылау және зерттеу жұмыстарын жүргізетін арнайы мамандандырылған мекеме. Ағылшынның бақылау сөзінен шыққан.

Асы-Түрген расытханасы- климатты бақылауға арналған Қазақстандағы ең қолайлы бірден-бір расытхана.

Тянь-Шань астрономиялық расытханасы Алматы көлінің маңайында орналасқан.

«Каменское плато» расытханасы Алматыдағы В. Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институтқа қарайды.



Сабаққа қатысты ескертпелер

Кірспе тапсырма. Блиц-турнир. Оқушыларды топтарға бөліп, оқулықтағы сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз. Немесе алдын ала қарсылас топтарға ғарыш тақырыбында бірнеше тапсырмалар ойластыруды тапсырыңыз. Оқушылар ежелде ашылған астрономиялық жаңалықтарды еске түсіріп, олар атап бере алады.

Телескоп. Оқушылардан дүрбі туралы не білетінін сұраңыз. Ғалым Галилео Галилей жайында айтып беріңіз. Оқулықтағы суреттерге назар аудартыңыз. Оларды салыстыруды ұсыныңыз. Оқушылардан алғашқы телескоптардың қандай кемшіліктері болғанын сұраңыз. Егер олар жауап беруге қиналса, сіз сұрағыңызды “Тым алыстағы нысандарды ескі телескоптардың көмегімен көруге болама? “-деп нақтылаңыз. Оқушылардың қайсысы қарапайым дүрбімен қарап көргенін сұраңыз. Кескін анық болды ма?

Оқушылар «заманауи телескоптардың ұлғайтып көрсету мүмкіндігі мол, сондықтан кескіндері де нақты болады»деген қорытындыға келеді.

Телескопты қайда қоюға болады? Оқушылардан: “Жердің қай тұсынан жұлдызды аспанды бақылаған дұрыс болады? Оның қандай шарттары бар? “деген сұрақтардың жауаптарын табуды сұраңыз. Бақылау жасалатын жер неғұрлым биік болуы керек, мысалы, туған жер. Көкжиек анық болуы үшін жердің тегіс болғаны дұрыс. Айналасында көпқабатты ғимараттар мен жарық оттар болмауы керек.

Заманауи телескоптарды расатхана деп аталатын арнайы мекемелерде орналастырылатыны жайында айтып беріңіз. Қазақстан да орналасқан расатханалар туралы айтып беруге болады. Мүмкін олардың біреуі сіздердің аймақтарыңызға жақын орналасқан болар. Олай болмаса, Асы-Түрген немесе Тянь-Шань расытханаларының фотосуреттерін көрсетіңіз.

Ұшатын аппараттар. Топтарға берілген тапсырманың сұрақтары бойынша ойлануды ұсынып, кейін сұраңыз:

-Жерден барлығын көруге бола ма?

-Ғарышқа бару үшін адамдарға не қажет?

(зымыран)



Зымыран-ғарышты зерттеуде кең қолданыс тапқан ұшу аппараты екенін түсіндіріңіз. Ғарышта ауа жоқ, сондықтан ол жаққа ұшақпен, тікұшақпен бару керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет