Кешірдім
14
Өкпе - психологиялық тұрғыдан айтар болсақ, алып
күшке ие, тіпті, жылдар бойы адамның өміріне ықпал
етіп тұра беретін сезім. Өкпе - ол сезім,
шарасыздық
пен ашу араласқан сезім. Ашу - психологиялық
шекара бұзылғанда көрініс табатын, бірақ адамның
ұстамдылығымен тежеліп тұратын негативті күй. Бұл
жағдай бала кезден бастау алады. Ата-ана баланың
ашуын көтере алмаған кезде, оны басып тастап отырған.
Сол кезде бала шарасыздықтан «өзімді қорғау үшін
ештеңе істей алмадым-ау» деп өкпелейді.
Өкпенің басым бөлігі
ескі болады әрі ол адаммен
өмір бойы бірге ғұмыр кешеді.
iqup
15
Анаға реніш: «Мені ешкім
жақсы көрмейді»
Ана жүрегі тым терең, сол тереңдіктен
сіз кешірім таба аласыз.
Оноре де Бальзак
Б
аланың бойындағы реніш ол құрсақта жатқанда
пайда болуы мүмкін, яғни,
ата-анасы оны
қаламаған кезде, алдырып тастау туралы ойлаған кезде-
ақ, сәби оны құрсақта жатып-ақ сезіп жатады. Осыдан
кейін балада «анаға реніш» деген үлкен дерт туады.
«Ол мені жақсы көрмейді» деп анасын жазғырады.
Бәлкім, мынадай жағдай: «анасы оған суық қарауы;
үнемі жұмыстан қолы босамауы; ашушаңдығы; әр істі
қатаң қадағалап отыруы; немесе керісінше, аналық
міндетіне жауапсыз жан болуы ықтимал. Бәлкім, шектен
тыс сынайтын немесе «қалай дұрыс тәрбие берем?»
деп сұраған болып, баласын үнемі өзгенің тәрбиесіне
беріп қойды ма?
Бала кезден келе жатқан өкпе-реніш:
баланы
ұнатпайтын бақша, лагерге, ата–ананың баланы
қаламайтын жаққа жіберуі, жұмысбасты ана аз уақыт
Кешірдім
16
бөлуі, есейіп қалғанда «балам жақсы болсын» деп
басқа қалаға оқуға жіберуі,
анаға деген сағыныш,
одан туған реніш болуы ықтимал. Әрбір адам осы
секілді жан жарасын арқалап жүреді, өйткені ешбір
ана баласын ол қалағанындай жақсы көре алмайды.
Ана баласын қалай жақсы көрсе, бала да анасын солай
жақсы көреді. Әйел адам өзін бала күнінде қалай
жақсы көрсе, соны ғана бере алады. Шынайы махаббат
көрсете алмаған аналар махаббатқа тоя алмаған бала
тәрбиелеп, өсіреді. Дегенмен, бұл аксиома «еш нәрсе
істей алмайсың» деген сөз емес.
Баланың сезіміне
көңіл бөлу, оның балалығына немқұрайлы қарамау,
балалықпен танытып отырған уайымына бей-жай
қарамау, үнемі онымен сөйлесіп отыру арқылы оның
дұрыс толып, қалыптасуына көмектесесіз. Сонда ғана
бала теріс ықпалда емес, ішкі сезімін ұстамдылықпен
тежей алатын адам болып қалыптасады.