О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет5/37
Дата21.06.2023
өлшемі4,58 Mb.
#179074
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
Kewirdim x Asik

Әкеге деген реніш: 
қорғамады, тастап 
кетті, сыйламады...
Мен өмір сүруді жөн көремін 
О
сы тұста өткенге шолу жасағым келіп тұр. Егер 
ренішпен қоса тітіркену, ызалану, ашулану, 
жанның ауыруы секілді күшті сезімдерді сезінер 
болсаңыз, онда сіздің жан жараңыз өте ескі. Сіздің 
психикаңыз қаншалықты қорғанбақ болып, сол жерден 
кетіп қалса немесе ұрыс-жанжал берекені қашырады 
деп ырымдап жағдайдан шықпақ болса да, кейбір 
адамдар бәрібір сізді осы сезімдердің тұзағына 
түсіріп алады. Қатты айтар болсақ, олай қорғанудың 
пайдасы жоқ, олар одан сайын жаныңды жаралайды, 
өйткені қанша дайын болсақ та тағдырдың алдында 
шарасызбыз. 
Бала әкесінен: «мен сенімен мақтанамын, сен 
күштісің, қолыңнан бәрі келеді, мейірімдісің» деген 
сөздерді естігісі келеді. Иә, бала өзінің талантты екенін, 
бәрін істей алатынын, әкенің мақұлдағанын қалап 
тұрады. Бұл оған ерекше күш пен сенімділік береді. 


Кешірдім
18
Сынайтын, 
бағаламайтын, 
немқұрайлы 
әке 
баласының таланты мен жетістігін мойындай алмайды,
ал баласы болса өмір бойы кемсітілген, мойындата 
алмаған адам болып өмір сүреді. Мейлі көптеген 
жетістікке жетсе де сол түсінікпен қалады. Ондай 
адам айналасынан өзін мойындайтын адамды іздеп, 
алдынан шыққан беделді адамға жағымпазданып 
жүретін болады. 
Өкінішке орай, ондай адамдардың қайта-қайта 
салы суға кете береді, өйткені оның ішіндегі 
бостықты ешкім толтыра алмайды. Ол бостықты бала 
күнінде әкесі, ал өскенде өзі ғана толтыра алады. 
Өскенде өзін-өзі толтыру деген нұсқа үлкен ерлік пен 
руханиятпен жұмыс істеуді талап етеді деп айтуға келе 
ме? Оған көп жыл кетуі мүмкін, ол үшін жаныңның 
жарасымен бетпе-бет келіп, осы бір жағымсыз сезім 
жан дүниеңде қаншалықты дәрежеде жиналып қалған 
болса, соншалықты дәрежеде бастан қайта кешіруге 
тура келеді. Содан кейін ғана барып бос қалған 
психологиялық кеңістікті өзін мойындау, өзін бағалау 
мен өзін сыйлау деген ұғымдармен толтырып тастау 
керек. 
Қыз бала мен әке арасындағы қарым-қатынас 
өте маңызды, өйткені бұл оның болашақ жарымен 
жасайтын қарым-қатынасына әсер ететін болады. 


iqup
19


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет