О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет24/37
Дата21.06.2023
өлшемі4,58 Mb.
#179074
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37
Байланысты:
Kewirdim x Asik

Өткеннен сабақ ал
«Дұшпаныңды кешір – бұл оларды 
өміріңнен шығарып тастаудың 
ең жақсы тәсілі»
Уайлд О.
А
дам дүниеге келген соң өмірінде еркінен 
тыс түрлі оқиға, жайт орын алуы мүмкін. Ол 
өміріндегі оқиғаларға, жайттарға әсер ете алмайды. 
Өзге адамдардың істеген түрлі қиындықтарын немесе 
олардың салғырттығынан туындаған көптеген келеңсіз 
жағдайларды көруі мүмкін. Осылайша өмірінде 
арпалысқа толы кезеңді басынан кешіреді. Нәтижесінде 
қоршаған ортаға немесе болмысына, болып жатқан 
оқиғаларға немесе қоғамдағы ережелерге көңілі 
көншімей, іштей күйіне бастауы мүмкін.
Алайда адамның іштей арпалысып күн кешуі, 
тумысынан бұйырған дүниелермен келіспеуі өмірін 
төзгісіз тозаққа айналдырады. Нәтижесінде өзіне де, 
тұрып жатқан қоғамына да көңілі көншімейді. 
Сен дүниеге келген кезде бұл дүниеге келер 
уақытыңды, ата-анаңды, руыңды, тіпті, қоршаған 


iqup
107
ортаңды, түр-сипатыңды, нәсіліңді немесе сынақ 
болып берілетін ауруларыңды таңдай алмайсың. Бірақ 
сен бұл айтылғандарға қарсылық танытасың ба, әлде 
пешенеңе бұйырған дүниеге келісіп, қабыл аласың ба, 
соны таңдай аласың.
Сен «Алланың саған бергеніне риза бол. Сонда 
адамдардың ең байы боласың» деген қағидамен өмір 
сүр.
Расында, өзгертуге шамаң келмейтін дүниелерге 
налу, олардан бас тарту өміріңдегі келеңсіздіктерді 
арттыра түседі. Назарыңды түзеуге, дұрыстауға шамаң 
келетін дүниелерге аудар. Бойыңда қауқарсыздық, 
әлсіздік сезімін тудыратын дүниелерге жармаспа.
Өткеніңмен, өміріңдегі түрлі жағдайлармен 
үйлесімді, келісті өмір сүрудің бірінші қадамы ол – 
тағдырға риза болып, өзіңді, ісіңнің нәтижесін Аллаға 
тапсыру. Пешенеңе не жазылса, ол сені айналып 
өтпейтінін, ал не жазылмаса, саған бұйырмайтынын, 
тимейтінін ұғын. Иман негіздерін терең ұғыну – ішіңдегі 
түрлі жан арпалыстан, қорқыныштан, тағдырыңа 
бойсұнбаудан туған сұрақтардың жауабын табуға 
көмектесетін өте маңызды фактор. 
Баянды өмірге деген келесі қадам қолдан келетін, 
мүмкін істерге ой жүгірту арқылы жасалады. Үмітсіздікке 
салынып, өмірдегі кедергілерді ғана көріп, қиындықтың 
аяқталарынан күдер үзумен жүзеге аспайды.


Өткеннен сабақ ал
108
Шын мәнінде, хал-ахуалы бізден төмен және өмірде 
өте ауыр жағдайға тап болып, қиыншылықтарды 
өткеруге талпынып жүрген жандарға қарау – 
тағдырымызға, өмірімізде болып жатқан жайттарға 
мойынсұнуымызды арттыра түседі. Ал пенденің 
жағдайы өзінен жақсы адамдарға қарап, олардың да 
өмірінде болып жатқан сынақтарын назарға алмау 
– өзін олармен салыстыруға, өзін әлсіз сезінуге, бос 
әурешілікке салынып, уақытын зая кетіруге, бәлкім, 
тағдырға риза болмай, ашу-ызаға салынуға итермелеуі 
мүмкін. 
Өміріңдегі жайттарға, оқиғаларға мойынсұнудың 
сыры – басыңнан кешірген әрбір кезеңнің жарқын 
сәтін көре білуіңде жатыр. Алла сені бақытсыз болуың 
үшін жаратпаған. Керісінше, қоғамдағы мәртебең мен 
мүмкіншіліктеріңе сай ұлы аманатыңды орындау үшін 
жаратты. Сен көтере алмайтын нәрсені жүктемеген. 
«Бақара» сүресінде: 
«Алла ешкімге шамасынан тыс нәрсені 
жүктемейді», – делінген. Бұған толықтай 
сен, себебі Жаратушы бұтаққа көтере 
алмайтын жемісті бермейді. Құдай саған 
жауапкершілік жүктесе, демек сен оны 
көтеруге 
қауқарлысың.
iqup


iqup
109
Тағдырға мойынсұнудың сыры – өткен шағыңды 
қазіргі шақта және болашақта өмір сүруге көмектесетін 
мол тәжірибе деп сенуіңде жатыр. Расында, өткен 
шағыңнан жиылған мол білім ешқашан ауыстыруға 
келмейтін қаражатпен тең. Өткенге күйінбе, бірақ 
өткеннен сабақ ал. 
Өткеннен сабақ алу деген - өміріңде жиған 
тәжірибелеріңді қысқаша жазып шығу. Өмірлік 
тәжірибеңді өзің үшін және өзгелер үшін жаз. Оларды 
параққа түсір. Өйткені өмірлік тәжірибе - құнды дүние. 
Өміріңдегі маңызды, ғибратты сәттер жазылуға лайық. 


Өткеннен сабақ ал
110


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет