Менеджмент мектебі



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата23.06.2023
өлшемі1,09 Mb.
#179120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
отчет Саденова Айдана (1)

1
 
КОМПАНИЯНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ТАРИХЫ
 
Алтыналмас компаниясы – біздің еліміздің әлеуметтік және экономикалық 
дамуына өзінің үлкен үлесін қосатын ірі Қазақстандық компаниялардың бірі 
болып табылады.
"Алтыналмас АК"АҚ тарихына келсек, компания қызметі Қазақстандық 
алтын өндірудің қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. 
1987 жылдың желтоқсанына дейін республиканың алтын өндіру саласы 
Қазақ ССР түсті металлургия Министрлігінің құрамына кірді. 1988 жылдың 
қаңтарында мемлекеттік басқаруды қайта құруға байланысты және 
Министрліктің таратылуымен "КСРО Главалмаззолото" басқармасына әкімшілік 
бағынысты "Каззолото" республикалық өндірістік бірлестігі құрылды» 
1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының 
Президенті өзінің Жеке алтын қорын құру және құрамында алтыны бар 
шикізатты өңдеу үшін қуаттарды дамыту міндетін қойды. Қайта өңдеу үшін 
түсті металлургия кәсіпорындарының босаған қуаттарын пайдалану көзделді, 
сонымен қатар жеке аффинажды қайта өңдеуді құру қажет болды. Осы міндетті 
шешу 
үшін 
Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің 
Жарлығымен 
"Қазалмаззолото"Қазақ мемлекеттік консорциумы құрылды. Қысқа мерзімде 
қазақстандық шикізатты Ресейдің аффинаж өндірісінде өңдегеннен кейін барлық 
бағалы металдар Қазақстан Республикасына қайтып келе бастады. 1992 жылдың 
өзінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қоймасына 10 тоннадан астам 
көлемде алтын тапсыру қамтамасыз етілді. 
1993 жылы 21 қаңтарда "Қаззолото" республикалық өндірістік бірлестігі 
мен "Қазалмаззолото" консорциумының кәсіпорындары мен ұйымдарының 
базасында "Алтыналмас" Ұлттық акционерлік компаниясы құрылды. Компания 
алтын өндіру деңгейін едәуір арттыруға күш салуда. Компанияның 30 жылдық 
тарихында жинақталған бай тәжірибе бүгінде оның алдында тұрған міндеттерді 
сәтті шешуге көмектеседі.
Қазіргі таңда компания активтері Қазақстанның 4 өңірінде бар: Жамбыл, 
Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары. 
Компания штатында 9500-ден астам жоғары білікті жұмысшылар жұмыс істейді.
Өндіріс процесіне 120-дан астам тау-кен техникасы жұмылдырылған. 
«Біз жер қойнауының әлеуетін қоғам, жұмысшылар, инвесторлар және 
басқа да мүдделі тараптар үшін АЛТЫН мүмкіндіктерге айналдырамыз», деген 
миссиясын өте жақсы орындап келе жатыр деп сеніммен айтуға болады. 
Компания қызметі 6 негізгі бағыттарды қамтиды: 
1.
Құрамында алтын бар кенді өндіру және өңдеу 
2.
Геологиялық барлау жұмыстары 
3.
Жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстары 


4.
Ғылыми-зерттеу, жобалау және іздестіру жұмыстарын қаржыландыру 
5.
Бағалы металдарды барлау, өндіру және қайта өңдеу жөніндегі 
өндірістерді салу және реконструкциялау 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет