Менеджмент мектебі



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата23.06.2023
өлшемі1,09 Mb.
#179120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
отчет Саденова Айдана (1)

 
 
 
 
 
 
 
 
 


5 СЫРТҚЫ (ИМПОРТТЫҚ) ЛОГИСТИКА УЧАСКЕСІ ЖӘНЕ 
ОНЫҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ 
 
Импорттық логистика учаскесі логистика бөлімінің ажырамас бөлігі болып 
табылады. Себебі кен орнына түрлі тауарлық материалдық құндылықтарды 
жіберудің бүкіл процесі импорттық логистика учаскесінің тікелей міндеті болып 
табылады. 
Соңғы жылдары компания мамандары тауарларға 1500-ден астам 
декларация рәсімдеді: 1100 импорттық, 450 экспорттық, 50 уақытша әкелу/әкету, 
кері импорт, кері экспорт, кедендік аумақта/одан тыс қайта өңдеу және басқа да 
рәсімдер туралы декларациялар.
Импорттық операциялар әлемнің 25 елімен жүзеге асырылды. Өткізілетін 
тауарлардың құндық көлемі бойынша жетекші бағыттар Нидерланды (25%), 
Германия (15%), Италия (15%), Қытай (12%), Франция (12%), Литва(10%), 
Түркия(20%) және т.б елдермен.
Импорттың тауарлық құрылымында карьер және жер асты өндірісіне 
арналған жабдықтар - 21%, кенді ұнтақтауға арналған диірменнің бөліктері - 
14% жетекші орынға ие болды. Импорттық тауарлар номенклатурасында тау - 
кен өңдеу өндірісіне арналған электр қозғалтқыштарының бір бөлігінің - 32%, 
диірменнің тозуынан қорғауға арналған футеровканың бір бөлігінің-28% және 
тау-кен өңдеу жабдығына түсетін кернеу мен жоғары жүктемелерден қорғауға 
арналған электр құрылымының-14% өнімі басым болды. 
Импорттық логистика учаскесі орындайтын негізгі операциялар: 

Өнім мен жеткізушіні таңдау; 

Мәміле шарттарын келісу және сыртқы сауда келісімшартын жасасу; 

Тауарларды жеткізу бағыты мен шарттарын айқындау; 

Жүкті жеткізу бойынша экспедициялау шартын жасасу; 

Тауарларды шоғырландыру жағдайында Еуропада немесе Қытайда 
оңтайлы бағалары бар сенімді қойманы іздеу; 

Кедендік ресімдеу орнын және кеден өкілін таңдау; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет