Мәдениеттану шағын жоба 11 апта pptx



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата21.07.2023
өлшемі453,48 Kb.
#179554
1   2   3
Байланысты:
Мәдениеттану шағын жоба 11 апта..pptx (1)

Ғылым
Ғылым – 
адам қызметінің жəне мəдениеттің саласы.Оның міндеті ақиқат туралы объективті білімдерді əзірлеу жəне теориялық жүйелеу болып 
табылады.Ғылыми таным бірқатар принциптерге негізделген.Ол принциптер ақиқатқа жетудің ғылыми көзқарасын жəне ғылыми танымның түрлерін 
анықтап, нақтылайды, жеткілікті талданған өзіндік ғылыми көзқарастың кейбір ерекшеліктерін белгілейді. Ғылым этикасы-жаңадан қалыптасып келе 
жатқан келешегі зор кешенді өрелі бағыт. Ол ғылыми қызметтің əлеуметтік – этикалық жəне гуманистік проблемаларын талдап, зерттейді.
Ғылым – адамның мəндік күшінің, қабілетінің көрінісі. Ол адам мақсатына қызмет етеді. Өйткені дүниені қоғамдық мақсатқа сай өзгерту үшін оның 
заңдарын білу керек. Ғылым бүкіл дүниежүзілік, экологиялық жəне басқа да проблемаларды шешуде үлкен роль атқарады.
Ғылыми қызметтің нəтижелерін. Жаңалықтарын қоғам мен адамның игілігі үшін қолдануда жəне ғылыми-техникалық прогресті əлеуметтік процесспен 
ұластыра білуде ғылымның əлеуметтік жəне моральдық жауапкершілігі мол.
Ғылымның дамуының жоғарғы түрі зерттеу міндетін шешудің үлгісі ретіндегі түсіндіру теориясы (парадигма) болып табылады.


Мораль 
Мораль –
қоғамдық сананың көне формасы. Ол дін, өнер пайда болғанға дейін сонау алғашқы қауымдық қоғамда пайда болды. Мораль ненің не екенін ажырата, не істеуі 
керектігін біле бастаған уақытта пайда болды. Мораль кəзіргі əлемді екінші əлеммен , қағидасы орындалуға тиісті əлеммен өзгертуге ұмтылатын айрықша ерекшелік.Болуға тиісті 
жүріс-тұрыс мұратын анықтайтын құндылықтар жүйесі мораль деп аталады.
Қандай да бір қоғамның аясында ерекшеленген мораль талаптары жалпы моральі бар жəне оған тиісті бүкіл субъектіні қамтиды. Ол мораль норманың тəртібін, принціпін 
өзіне адамдық қарым-қатынастар мəдениетінің мəнін сіңіреді, адамзаттың мəдени тəжрибиесінің қажетті бөлігін қарайды. Олар өмір құбылысы мен анықталған қарым –қатынас 
пен қызыметтің белгілі түрлерін қолдайды, реттейді, рұқсат етеді. Мораль ерекше нормативтік – реттегіш жүйе бола отыра, өз міндеті бойынша құқыққа , дəстүрге, əдет – ғұрыпқа 
жақын. Алайда оның елеулі ерекшелігі бар: моральдің нормаларымен принциптері, əдеттегідей , еш жерде белгіленбейді, олар адамдардың өзара араласу процесінде аяқасты 
пайда болады жəне олардың мəдени-тарихи , өмірлік тəжрибиесін көрсетеді.
Адам өз мақсатын іске асыру кезінде елемеуге құқығы жоқ моральдық талаптар бар. Осы тақылеттес моральдық императивтерге «өлтірме!» , «өз əкеңді қадір тұт!» 
«жақындарыңды құрметте» , «өз абыройыңды қорлатпа» қағидаларын жатқызуға болады.Мораль мен оның табиғаты əр уақытта адамды қызықтырып келеді. Мораль туралы 
түсініктер жүйесі ең алдымен , филасофиялық ғылымда көрінеді, оны этика зерттейді.
Қазіргі мəдениетте моральді зерттеуге жеткілікті орын беріледі. Оның теориялық-аксиологиялық қырлары, əлеуметтік мəселелері, қолданбалық қырлары зерттеледі.
Мораль кесімді жауаптарды көздемейді. Бұл адам өмірінің қалыптасқан мəселелерінің шешімі, шексіз түсіну саласы, оны шешуге тек қана моральдық нормалар мен уағыздарды 
білу ғана емес, сондай-ақ өмірлік тəжрибие, жан-дүниенің зеректігі , жүректің күші негізіндегі оларды тұрақты ой елегінен өткізу , қайта бағалау көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет