қисындылығы. Бұл жүйеліліктер адам логикасының зерделеу жолымен білім жүйесінің
осал буындарын өз бетімен қалпына келтіруге қабілетті болған кезде толық көрінеді.
Біз көптеген адамдардың керемет есте сақтау қабілетіне, аса көп білетініне тәнті
боламыз. Адамдардың көп оқитынын, энциклопедиялық хабардарлығын көбіне
білімдарлыққа саямыз. Бұл шындыққа сай келмейді, өйткені құбылыстың себеп-салдар
байланыстарын аша алатын, өз пікірі, ұстанымы бар адам ғана
білімдарлық
деңгейіне
жетеді.
Қазіргі кездегі орта білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар.
Қазақстан білім жүйесі дамуының өзіндік ерекшеліктері бар. Оқу орындарының
жаңа жүйесін таңдауда негізгі басымдылық бастуыш мектептерге бағытталды. Мектеп
кұрылымымен қатар республикада қарастырылып отырған кезенде орта кәсіби мектептің
одан әрі кеңеюіне және жоғары мектептің қалыптасуына бағытталған үлкен жұмыс
жүргізілді.
Өкінішке орай,
кеңес кезіндегі
(1920 – 1950) білім беру жүйелерінің дамуы
қазақстандық тарихи-педагогикалық эдебиеттерде бір жақты жағдайда қарастырылған. Ол
жылдардағы арнайы педагогика партияның саясаты мен идеологиясына бағынышты
болатын. Сондықтан, буржуазиялық ұлтшылдық деген жолмен кінә тағылған ғылыми
және педагогикалық зиялы қауым өкілдерімен күрес жүргізілді. Қазақ тілінің білім
беруде, ғылымда қажеттілігінің мойындалмауы, ұлттық өзіндік мәдени, салт-
дәстүрлеріндегі ерекшеліктері ескеріліп, оған мән берілмеуі қазақ халқының сеніміне,
рухани-адамгершілік көзқарасының дамуына кері әсерін тигізгені бүгін мәлім болып
отыр.
Білім берудің қоғамдық функциясына байланысты ол жаңа ұрпаққа қоғамдық
тәжірибені тапсырубарысында әлеуметтік қуалаушылықтың құралы болып табылады.
Адамға байланысты білім беру – бұл адамды жеке тұлға ретінде дамыту, тәрбиелеу және
оқыту деп түсіндіріледі. Білім бәру мақсат-міндеттері пекдагогикалық процесс негізінде
жүзеге асырылады.
Философиялық, педагогикалық және психологиялық ғылымда адам тұлғасының
қалыптасу проблемасы бойынша
Достарыңызбен бөлісу: