Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық рөлі Қолданылған әдебиеттер: Дүйсенбаев А. Педагогика. 2018 2


Мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың білімін бағалау жүйесі



Pdf көрінісі
бет20/20
Дата31.07.2023
өлшемі338,5 Kb.
#179669
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Педагогика 1-тақырып конспект

Мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың білімін бағалау жүйесі.
Мүмкіндігі 
шектеулі білім алушыларды бағалау жүйесі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім 
академиясы әзірлеген ғылыми-әдіснамалық және оқу-әдістемелік құралда нақты 
көрсетілген. Білім беру саласында мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары және олар 
орындауы қажет міндеттері тең болуының маңыздылығына баса назар аударылған. Осы 
орайда, олардың жетістіктерін бағалаудың негізгі мазмұны шектеуді, яғни бұзылысты 
(көру, есту, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты, әлеуметтік-эмоциялық сала) ескере отырып, 
қалыпты да-мыған балалармен бірдей болуы қажет. Бұл жағдайда бағалануы керек:

арнайы оқу дағдыларының қалыптасқандығы, мысалы, көру бұзылыстары бар 
балалардың Л. Брайль шрифтін меңгеріп және/немесе тегіс баспалы шрифтпен жазу мен 
оқу; 

білім беру салалары бойынша құзырет: ауызша және жаз-баша коммуникацияны 
қолдану, саналы оқу мен жазуға қабілетті болу; математикалық білімнің элементтерін 
практикалық қолдану іскерлігі, олардың өмірге қажетті мәнін түсіну және т.с.с.; 

әлеуметтік-тұлғалық нәтижелерді бағалау: өз күшін адекват-ты бағалай алу, 
физикалық жүктемеде, медициналық препараттарды қолданғанда, аз таныс заттық-
кеңістіктік ортада (бөлмеде, көшеде) өз бетінше қозғалу кезінде ненің болатынын және 
болмайтынын түсіну. 
Жалпы білім беретін мектептің ерекше білім беруге қажеттілігі бар түлектері, оның 
қатарында есту, көру қабілетінде, тірек-қимыл ап-паратында бұзылыстары бар және 
күрделі тіл кемістігі бар, психика-лық дамуы тежелген түлектер алған білім деңгейін 
растайтын мемле-кеттік үлгідегі құжат алады. 
ҚБТ қағидалары барлық білім беру деңгейлерінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар, 
оның ішінде мүгедек балалар, I және II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедек болып 
табылатын білім алушылар үшін қолданылады. Тестілеу бойынша оқуға ниет білдірген білім 
алушылар білім беру ұйымы басшысының атына растаушы құжаттарды ұсына отырып, оқуда 
ҚБТ пайдалану мүмкіндігі туралы уәждемелі негіздемелері бар еркін түрде өтініш жазады. 
Мүгедек балаларға ҚБТ бойынша оқу процесіне қатысу мүмкіндігі туралы психологиялық-
медициналық-педа-гогикалық консультация ұсынымдарын береді. Жалпы білім беру ұйым-
дарында ҚБТ бойынша оқыту бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу 
жоспарлары негізінде жүргізіледі. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес экстер-нат - білім алушы 
сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдар-ламасының оқу пәндерін өз бетімен 
оқитын оқыту нысандарының бірі болып табылады. Жергілікті атқарушы орган негізгі орта, 
жалпы орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы 
білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат 
нысанында оқытуға рұқсат береді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет