Жапонияда –12 жылдық, Италия, Швеция, Германияда –13 жылдық білім беру жүйесі
бойынша білім беріледі.
Еуропалық кеңес қабылдаған декларацияда әлемдік орта білім беру жүйесі 12
жылдық білім беруді қамтамасыз етуді көздеп отыр. Егер кейбір елдерде орта білім беру
12 жылдан кем болса, онда білімді жоғары білім беру жүйесінде толықтыруды қажет
етеді. Жалпы орта білім берудің құрылымы – бастауыш (1-4-сынып), негізгі (5-9-сынып),
жоғары (10-11,12) сынып. Жалпы білім беретін 12 жылдық мектепте тұлғаның білім,
білік және дағдыларын қалыптастырумен қатар, кәсіби бейімділікті қалыптастыру басты
орын алады.
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіндегі интеграциялық үдерістердің
мақсаттарыжоғары білім алуға мүмкіндік берудің алғы шарты ретінде 12-13 жылдық
мектептегі оқыту жүйесіне көшу; оқу мерзімі 4 жыл және мамандық сипаттамасы еңбек
нарығы сұранысын қанағаттандыратын және әрі қарай білім алуды жалғастыруға
жарайтын “бакалавр” дәрежесі бар жоғары білім беру; “магистр” және “доктор”
дәрежелері бар білім беру; барлық ұлттық жоғары білім беру жүйелеріне
EuropeanCredіtTransferSystem (ECTS) есептік бірлік жүйесін немесе қайта есептеу,
жинақтау қызметтерін қамтамасыз ететін және шетелде оқытудың академиялық талап
тұрғысынан мойындалуына кепілдік беретін біріккен жүйе арқылы білім беру.
Халықаралық білім кеңістігінде жоғары білім бойынша
Достарыңызбен бөлісу: