1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет132/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   176
Байланысты:
2-2018

 «ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
125 
жай орнатқан бұлт өлеңнің өзекті идеясын танытар мәнмәтіндік антитезалар болып 
табылады.
Көркемдегіш құралдар атау тұлғасындағы дерексіз және деректі зат есімдерден 
(қайғы, адам, аң), зат есім тудырушы жұрнақтар арқылы жасалған сондай-ақ дерексіз зат 
есімдерден (баршылық, таршылық, күйік, қуаныш, шаттық), зат есімдермен тіркесіп 
анықтауыштық қатынасқа түскен есімшелі тіркестерден (нұр шашқан күн – жай орнатқан 
бұлт) жасалған.
Мұқағали өлеңдерінің келесі үзінділеріне келсек, бұл ақынның шендестіруді аз 
қолданбағанын көруге болады:
Шынымен түсінбей ме мына қасқа, 
Мына – көз, мына – жүрек, мына – басқа?! 
Мына қасқа шынымен түсінбей ме, 
Бұлбұлдың қонбайтынын қу ағашқа?! [2, 317 б.] 
Сайтанның да, күнәсіз періштенің, 
Бал мен уын талғамай неге ішкемін? 
Періштенің қайғысын бөліспедім, 
Сайтанменен болса да, келіспедім, 
Не істермін, тәңір-ау, не істермін [2, 40 б]!? 
Мұнда ақын сәуірдің нұры мен ақпанның мұздағын, бұлбұл құс пенен қу ағашты, 
сайтан мен періштені бір-бірімен шендестіріп, сөздің мәнерлілігін күшейту мақсатында 
қолданған. Антитезаның барлық компоненттері есім сөздерден, әсіресе негізгі зат есімдерден 
жасалған.
Сәкен лирикасындағы шендестіруге келсек, бұл ақын да шендестіру тәсілін мейлінше 
ұтымды қолданып, сөз мәнерлілігін осы бір көркемдегіш құралы арқылы біршама 
арттырғанын көреміз: 
Сен бір шоқ қызыл гүл. 
Қонған кеп мен бұлбұл 
Тарқамас құмарым
Сені иіскеп бес мың жыл [1, 7 б]. 
Жоғарыдағы өлең жолдарында ақынның өзін бұлбұлға жіне сүйгенін әдемі қызыл 
гүлге балап, бұл екі ұғымды бір-бірімен шендістіре келе, өз сезімінің тереңдігін білдіре 
білген. 
Екі ұғым да зат есім (бұлбұл) және сын есім мен зат есімнің тіркесуінен (қызыл гүл) 
жасалған. 
Келесі қарастыратын өлең жодарында аспан мен өнер бір-біріне қарама-қарсы 
ұғымдар ретінде алынып, табиғаттың тылсым күштерін адам, яғни көкке енді аэроплан 
ұшқандығын айтқан: 
Жырлады аспанды өнер жеңгендігін, 
Қойнына алтын бұлттың енгендін. 
Ай мен күн, сансыз сәуле жұлдыздардың,
Жетуге құшағына сенгендігін [1, 113 б]. 
Екі ақынның поэзиясындағы шендестіруді қарастыра келе аңғарғанымыз – 
антитезаның көбі есім сөздерден, әсіресе зат есімдерден, бірен-саран етістіктерден 
жасалғанын көріп көріп отырмыз.
Жалпы, Мұқағали мен Сәкен лирикасындағы антитеза ойды жинақы, нақты әрі 
ұтымды таныту үшін, мән мәтіндік шендестірклер арқылы ойдың нанымды етіп айтылуы 
үшін, үлкен бір ойды шеберлікпен жиыстырып, қарама-қарсы құбылыстарды әсерлі етіп, 
көркем жеткізу үшін қолданылады.
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
Сейфуллин С. Аққудың айрылуы. –Алматы: Атамұра, 2002. – 320 б. 
2.
Мақатаев М. Аманат. –Алматы: Атамұра, 2002. – 304 б. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет