«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары
123
Екі ақында да градация құбылысы көптеп қолданылып, дамытуды құрайтын
доминаннт сөздердің барлығы дерлік етістіктерден жасалған.
Эвфемизм (грек. eu жақсы > phemi сөйлеймін) – ауыс мағынаның ерекше бір
түрі.Сөздің дәл мағынасында емес, ауыс мағынада қолданылуынан туады. Тұрпайы сөздер
мен сөз тіркестерін сыпайылап айту [4, 401 б].
«Тіл тиексіз, ой түпсіз» деп халық бекер айтпаған. Бұл – адам ойы қаншалықты шексіз
болса, тілдің де сол ойды соншалық икемділік немесе орамдылықпен жеткізе алатындығын
мегзеп тұрған аталы сөз. Міне, сол орамдылық пен икемділікті эвфемизмдер өте айқын
байқатады. Олар атауларын ашық қолдануға болмайтын белгілі бір ұғымдарды астарлы
түрде дөп басып, дәл жеткізіп қана қоймай, әлгі ұғымдарға нәзік те сыпайы сипат беріп,
оқушы мен тыңдаушының көңіл-күйіне жарақат салмау жағынұдайы қамтамасыз етіп,
сөйлеу немесе жазу мәдениетінің, яғни тіл мәдениетінің дамуына, қалыптасуына да үздіксіз
қызмет етіп отырады.
Эвфемизмдер қай тілде болмасын сөздік құрамның өзгеріске еңжиі ұшырайтын әрі
үнемі қозғалыста болатын жылжымалы тобын құрайды. Бұлар басқа лексикадан өздерінің
номинативтік мағыналарының сыртында тұрған этнографиялық ұғымдармен астарласып
немесе ұштасып жататындығымен ерекшеленеді.
Жалпы алғанда, эвфемизмдер – тілдің сөздік құрамын лексика-семантика жағынан
байытатын өнімді тәсілдердің бірі. Олар сөз мағынасын өзгертуде, дамытуда ерекше қызмет
атқарады. Эвфемистік мақсатпен жұмсалған сөздер әдетте өздерінің негізгі мағыналарының
аясынан шығып, соны мағынаға ие болады. Сөйтіп, эвфемизмдер синонимдік және
омонимдік қатарлардың өсуіне немесе неологизмдердің қалыптасуына белгілі ықпалын
тигізіп отырады [5, 7 б].
Мұқағали мен Сәкен поэзиясында эвфемизмдер баршылық. Мысалы Мұқағалидың
«Жанарсыз адам» өлеңін қарастыра кетсек, жанарсыз сөзі соқыр сөзінің эвфемизмі ретінде
алынып, зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақ арқылы жасалған болатын:
Іздейді көзін басынан, іздейді көзін аяқтан,
Іздейді көзін қолынан, іздейді көзін таяқтан.
Жанарсыз адам келеді...
Жанарлы бейқам тірліктен,
Жанарын даулап,
Дүниені таяқпен түртіп оятқан [2, 189 б].
Ал Сәкеннің поэзиясындағы эвфемизмге мысал келтірсек, құлақақ тұрпайы естілетін
өлу етістігін ақын былай деп басқаша айта кеткен:
Құбылаға басын беріп шөгіп жатқан,
Көк мұнар қалың ойға шомып батқан,
Ақ бура қабақтарын қарс жауып,
Қозғалмай мәңгі жатып тас боп қатқан [1, 42 б].
Мұнда ақын қозғалмай мәңгі жатып тас боп қатқан күрделі синтаксистік
конструкциясында бураның тура мағынада тас боп қатқанын және өлгендігін айта кеткен.
Мұқағали өз өлімі туралы кеудемде тыныш ұйықтап жатсын жаным эвфемистік
тіркесі арқылы айта кеткен:
Жаманың да болса егер жатсынбадым,
Мен жақсы көрдім, мені жатсынғанын.
Мен сеземін жаманың, жақсы барын,
Барлығы үшін, бәрібір, ақсын қаным.
Барымды ойымдағы тапсырмадым.
Бәрін де бір өзіңе аманаттап,
Кеудемде тыныш ұйықтап жатсын жаным [2, 29 б].
Қос ақын да өлу сөзін эвфемизмдермен ауыстырып, сөз мәнерлілігін, семантика-
стилистік жағынан беру тазалығын сақтап, өзіндік жеке авторлық қылқаламын танытарлық
айшықтау амалын жасаған.
|