Сабақтың әдісі : «Ой қозғау», «Топтастыру», «Еркін жазу», «Бір айналым сөйлесу»



Дата04.08.2017
өлшемі58,39 Kb.
#22749
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы : Зат есімнің жіктелуі

Сабақтың мақсаты : Жіктік жалғау туралы түсінік беру, жіктік жалғауының үш жағы барын айту, әрқайсысының өздеріне тән арнайы қосымшалары барын таныту. Ауызша , жазбаша тілдерін дамыту.Ұқыптылыққа , сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері : 1. Тапсырмалар орындау арқылы жіктелген зат есімдерді табады. 2. Оқушылардың ой - өрісі атады. Өзара пікір алмасады.

3. Оқушыларға өз ойларын қорғай білуге үйрету.



Көрнекіліктер : тірек схема, слайдтар , суреттер.

Пайдаланылатын құрал : интерактивті сабақ

Сабақтың әдісі : «Ой қозғау» , «Топтастыру» , « Еркін жазу » , «Бір айналым сөйлесу».

Сабақтың түрі : жаңа оқу материалын оқып-үйрену сабағы.

Сабақтың барысы: I . Қызығушылықты ояту.

1. Оқушыларды 3 топқа бөлу.

2. Поэзия минуты ( Тақтада жазулы өлеңді хормен оқиды ) .

Қазақ тілім - өз тілім , ана тілім

Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені

Болашағым , бақытым , дара тілім.

3. Ой қозғау . Өткен сабақты пысықтау. «Екеуара жұмыс»

Оқушыларға септіктер жазылған қима қағаздар таратылып беріледі.

Оқушылар септік жалғаулары бойынша 5 сөзден жазады. Мысалы :

Кітаптың Үйдің

Баланың Таудың

Мектептің Қаланың

Айдың Күннің

Гүлдің Үстелдің

II .Мағынаны ашу. Жаңа тақырыппен таныстыру . Ол үшін оқушыларға шығармашылық тапсырма беріледі.Көбейту кестесін дұрыс орындағанда жаңа тақырыптың аты шығады.

 


2

3

4

5

6

7

8

9

2

З

 

 

 

Ң

 

 

 

3

 

А

 

 

 

 

 

Ж

4

 

 

Т

 

І

 

І

 

5

 

 

Е

 

 

 

 

І

6

 

С

 

Н

К

 

 

У

7

І

 

 

М

 

Т

 

 

8

 

 

 

 

 

 

Е

Л

9

 

 

 

 

 

 

 

 

4

9

16

20

18

14

35

30

24

12

27

32

36

49

64

72

54

45

З

А

Т

Е

С

І

М

Н

І

Ң

Ж

І

К

Т

Е

Л

У

І

« Зат есімнің жіктелуі » туралы ережені түсіндіру.

Зат есім сөйлемде баяндауыш болғанда , оған I,II жақта жіктік жалғау жалғанады.

Жіктік жалғаулар баяндауыштың қай жақ екеніне байланысты жекеше , көпше түрде жалғанады :

Жекеше Көпше

I жақ - бын , - бін - быз, - біз

- мын , - мін, - мыз , - міз

- пын, - пін - пыз, - піз

II - сың , - сің - сыңдар, - сіңдер

III -


2. Оқулықпен жұмыс.

104- жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу.Қарамен жазылған сөздердің қай сөз табында тұрғанын айт.Түбірі мен жалғауын ажырат.

Шалғымын , көжексің .

Дәптермен жұмыс. Дәптерге күнді жазу. Көркем жазу.

Қ қ


Желтоқсан, қаңтар, ақпан – қыс айлары .

105- жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу.Бір- біріне түсіндіре отырып , сөйлем мүшесіне талдау.

Мен оқушымын. Сен оқушысың. Ол – оқушы.

Сергіту сәті.

Гүл өсірсек терлеп

Мұның аты еңбек.

Кесте тіксек зерлеп

Мұның аты еңбек.

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.

106 – жаттығу . Сөйлемдерді көшіріп жаз.Сөйлем мүшесіне талда.Баяндауыштар қай сөз табынан болып тұр.

Мен суретшімін. Сен бишілер тобының мүшесісің . Олар – құрылысшылар. Сіздер атақты кәсіпкерсіздер.

107- жаттығу. Зат есімдерді тиісті жалғауларымен сәйкестендір.

ақын - сіңдер

студент - міз

аспаз - быз

әнші - сыңдар

күйші - піз

ұста - бын

бала - сың

( Оқушылар интерактивті тақтада жұмыс жүргізеді )

108 – жаттығу .Берілген сөздерді жекше , көпше түрде жіктеп жаз.

I топ : Жұмысшы II топ : іні III топ : суретші.



III. Ой толғаныс. « Бір айналым сөйлесу стратегиясы»

  • Балалар , бүгін не үйрендік ?

  • Қай тәсіл ұнады?

IV. Үйге тапсырма : 109- жаттығу . Ребусты шешу.Сөйлем құрау.

V. Бағалау. Әр оқушы «Білім пердесі » атты бағалау парағы бойынша өздерін бағалайды.

Нұн жұбаев атындағы орта мектеп

Ашық сабақ
Тақырыбы: «Зат есімнің жіктелуі»

(4-сынып)


Өткізген: Есболова Нұржанат









Шетпе-2015ж



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет