1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет139/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   176
Байланысты:
2-2018

«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
 
132 
маршыны» орындаған жас милициянерлердің яғни , сақтар мен ғұндардың ұрпағынан секем 
алған большевиктер: «Ойындарыңды тоқтатыңдар, мылтықтарыңды беріңдер» деп талап етеді. 
Оған біздің милиция - қорғаушыларымыз өз жүректерінде ұлт сақтаудан(Б.М) басқа ешкімге 
қастық қылатын ниеті болмаған соң, қарсы келмейді де, жаттығу ойындарын тоқтатпаған. 
Ертесіне таңертеңгі сағат тоғыздар шамасында Алаш қаласында мылтықсыз ойнап жатқан атты 
қорғаушылардың жанына 10-15 солдат келіп, еш себепсіз мылтықтарынан бір-екі рет оқ 
жаудырады.Ешкімге оқ тимейді. Мылтық дауысы шыққан соң, бірлі-жарым жігіттер қаша 
бастаған соң, милиция бастығы, оқытушылар семинариясының шәкірті Қазы Нұрмұхамбетұлы 
жігіттерге айқайлап: «Жазықсыз өлсек өлейік. Қайда қашасыңдар?» деп орнынан қозғалмай 
тұрып қалады. Сол мезетте оқ үсті-үстіне атылып, Қазының жүрегінен оқ иіп, бірден жан 
тапсырады. Б.Майлин осы оқиғаны баяндай келе, қабір басында болып, құран оқылғаннан кейін 
Шәкәрім қажының сөзін түгел береді: «Әлеумет! Мына жатқан кім? Білесіңдер ме? Бұл ұлты 
үшін шыбын жанын құрбан қылған Алаш азаматының тұңғышы. Мұны өлді демеңдер, бұл 
өлген жоқ. Бұл бүгінгі және мұнан соңғы «Ұлтым» деген азаматтар, мына мен сияқты болып, 
«Ұлтым» деңдер деп, өзінің ұлтшылдығын сөзбен емес, ісімен көрсетті. Марқұмның аты да Қазы 
еді. «Қазы»- би » деген сөз. Қазы билігін айтып кетті. Қарағым, Қазы, өліміңе өкінбе! Арманың 
жоқ: Құдай алдында да, жұрт алдында да сенің орның бөлек. Оқығандар! Жастар! Мыну 
жодастарыңды ұмыта көрмеңдер. Бір кішкентай қарашығы бар екен. Соны тәрбиелеп адам қылу, 
бәріңнің- барлық Алаштың мойнына парыз. Және өздерің де бұл оқиғаға қажымаңдар! Құдай 
тағала Алашқа шын ұл бергеніне бүгін ғана көзім жетті. Алпыс жасқа келгенде, мұндай ұлты 
үшін жанын қиып, құрбан болатын азаматты көрермін деген үмітім жоқ еді. Көрдім. Енді бүгін 
өлсем де арманым жоқ. Қарағым, Қазыжан! Қадіріңді біліп құрметтей алмасақ, кешу қыл, қош!» 
[2,21] деді. 
Мен жиырмадамын. Ұлтым үшін әлі ештеңе жасадым дей алмаймын. Мақаланы оқи 
отырып, қалың ойға шомдым. Біраз деректерге қанықтым. Ұлты үшін күйген, өмірін арнай 
сүйген Қазыдай боз даланың боз үлегінде не арман бар? Ол Шәкәрім қажы айтқандай 
«Құдайдың алдында да, адамның алдында да орны биікте». Алаш үшін шын ұл бергеніне 
Тәңірісіне мың рахмет арнаған Шәкәрім де, оның қамал бұзар сөзі де мені қатты тебірентті. Қазы 
туралы білген үстіне білгім келе түсті. Оның өмір дерегін де көрсеткен. Семей қаласының Алаш 
аталғанын да осы мақаланы жазу үстінде білгендігімді жасырмаймын. Менің елім Елбасы 
Н.Назарбаев айтқандай «Сыр –Алаштың анасы» атанған қасиетті мекен. Қорқыттай дана абыз 
жатқан киелі өлке. Семей- қазақтың «шын ұлы» атанған Алаш ұлдарының тұңғышы өмірге 
келген Қазы Нұрмұқамбетұлының, ұлы Абай мен Шәкәрімнің, Әлихан мен Мұхтардың туған 
елі. «Қазы Нұрмұқамбетұлы Семей уезі, Еңірекей болысында, Сыбан деген рудан еді. Жасынан 
кедейлікпен алысып, өз талабымен оқыған. Семейден екі класты семинарияны бітіріп, бала 
оқытады. Ұлт тілегін зор көріп, бірге оқып жүрген жолдастарымен милицияға жазылады. Қыс 
ортасынан бері атты милицияны басқарушы еді. Марқұм ақ көңіл, талапкер, жігерлі, ұлтшыл 
жас еді. Ұлтшылдығын көрсетті, ұлтының жолында жанын құрбан қылды. Жасаған есесін 
толтырып, кейінгі жастардан орынбасар шығарсын... Алаш аман болса, бұл тұңғыш құрбан 
ұмытылмас, тарихта аты қалар . Біз бұдан үлгі алып, жүрегімізді соның жүрегіндей қылуымыз 
керек. Рухың шат болсын, шейіт болған Алаштың бір баласы! Біз сенің ізіңде. Қош 
жолдасым!»[1.,24]. Қазы досының өмірдерегін беру тұсында Б.Майлин «ұлтым», «Алаш ұлы», 
«ұлтшылдығын көрсетті», «ұлтының жолында», «ұлтшыл жас», «ұлт тілегін зор көріп», «Алаш 
аман болса», «Алаштың бір баласы» деген тіркестерді қолдану арқылы өзі де ұлт мүддесі 
жолында құрбан болуға дайын Алаштың ардақтысы екендігін оқырманына ашықтан-ашық 
білдіреді. Бірге оқыған досы Ж.Аймауытов: «Ұлтың үшін туып едің, ұлтың үшін өлдің. 
Кеудеңде бір-ақ арманың кетті. Ешкімге оқ атып, қылыш суыра алмай, жазықсыз оққа 
ұштың.Тым болмаса ұлтыңның бақытының шетін көре алмай кеттің. Қош бауырым, жолдасым, 
қош!»[2.,26] деп қоштасқан. Мені ойландырған сұрақ: «Тым болмаса ұлтыңның бақытының 
шетін көре алмай кеттің». Жауабын да таптым. ХХ ғасырдың басында Тәуелсіздіктің жолында 
шейіт болғандардың бірі, тұңғыш құрбан Қ.Нұрмұхамбетовке арнау өлеңінде Міржақып ақын: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет