«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары
139
4. Қирабаев С. Сәкен Сейфуллин (семинарий). –Алматы, Мектеп, 1982.-123 бет.
5. Сейфуллин С . Шығармалар. 6 томдық. 1-том. – Алматы. 1986.-88 бет.
6. Кәкішов Т. Көптомдық шығармалар жинағы. –Алматы : Қазығұрт, 2010
ӘОЖ 001.894
СӘКЕН – ӘДЕБИЕТШІ ҒАЛЫМ
Самбаева Ә.Н., Тәжіғалиева С.О.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Ақтөбе қ.,
assem.sambaeva@mail.ru
Сәкен Сейфуллин ғылыми қайраткерлігі ауыз әдебиетінің үлгілері мен жекелеген
ақындардың мұраларын жазып алып, жариялауынан бастау алады. Ол жастайынан талай
тарланға шабыт сыйлаған Көкшені аралап, ақын-әншілеріне, өнер саңлақтарына қатысты
деректерді жинай жүріп, зерттеп насихаттау үшін ел арасында айтылып жүрген аңыз-
әңгімелерді , ертегілерді көптеп жазып алып отырған.
Кілттік сөздер:
тамаша туындылар, жаңашыл жазушы, табиғи талант, ақыл –
парасат, жазушы, драматург, зерттеуші ғалым.
Научная деятельность Сакена Сейфуллина начинается с написания и публикации
устной литературы и наследия отдельных поэтов. Он был вдохновлен множеством
историй и сказок, которые он выставил по всей стране, чтобы исследовать, исследовать и
собирать информацию о его поэте и певце.
Ключевые слова:
отличные произведения, роман писателя, естественный талант,
интеллект, писатель, драматург, исследователь.
Өнерпаздың дарын қуаты мол, алымы кең болуы, табиғи талант терең біліммен,
телегей теңіз ақыл – парасатпен толысып, заманның эстетикалық, ғылыми талап-тілектеріне
жауап беріп отырса, қалам қайраткерлеріне одан артық бақыт жоқ. Міне, осының барлығы
ақын, жазушы, драматург, зерттеуші ғалым Сәкен Сейфуллиннің өн бойына өрілген
қасиеттер.
XX ғасырдағы қазақ әдебиеті негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллин аз ғана
ғұмырында артына өлшенбейтін мол мұра қалдырды. Қазақ әдебиетінің барлық жанрында
тамаша туындылар жазған жаңашыл жазушы қаламынан туған шығармалар халық өмірінен
ең көркем образдар жасап, эстетикалық игіліктер мен ғылыми зерттеулер жасады. Ұлттық
әдебиетке төңкерістік мазмұн, жаңа нысан, асқан идея әкелген жазушы туындылары
халқымыздың рухани қазынасын қорландыра түсті. Сәкен Сейфуллин кеңестік кезеңде туған
қазақ әдебиетінің тұңғыш қаламгері болып, поэзия, проза, драматургия сияқты жанрлармен
әдебиетіміздің әр саласында көрнекті қызметтер атқарды.
Сәкеннің жанкешті еңбегінің бір саласы қазақ әдебиетіндегі сын жанрының
өркендеуімен, әсіресе әдебиеттану ғылымының қанат қағып, даму кезеңімен тұстас
келетіндігін ұмытпаған абзал. Сондықтан сол кезеңнің үстем ой – пікірінің ақынға ықпал
жасағанын, екінші жағынан автор өзінің сыни – ғылыми еңбектерімен сол ой – пікірлерге
серке болғанын аңғармасқа тағы да болмайды. Өйткені әдеби – ғылыми шығармашылықтың
бірде бір саласы Сәкенсіз өтпегенін С.Мұқанов [1] пен М.Ғабдуллин [2] айрықша атап
көрсеткен. Ғалым көтерген мақалаларында, сөйлеген сөздерінде, жасаған баяндамаларында
әдеби мұраны жинауды, зерттеуді басты міндет етіп көрсетіп, осы игілікті іске көпшіліктің
де ат салысуын, жұмыла кірісуін қалады. Бұған Қазақстан жазушыларының I құрылтайында
әдеби мұраларды жинап, бастырып, зерттеу кезек күттірмейтін іс деген сөзі, Орынбордағы
қазақ жастырына оқыған «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы» деген тақырыптағы
лекциясында фольклор тақырыбын негіз еткендігі дәлел болады.
|