1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет150/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   176
Байланысты:
2-2018

 «ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
143 
кітаптары ұлттық оянудың шырқау шыңы – күллі алаштық идеяға апарар баспалдақ 
басқыштары санатында. 
Шәкәрім мен Сұлтанмахмұт шығармалары жалпыұлттық идеяның жарасымды көрінісі 
іспетті зиялы ұрпақтың шөліркеген мезгілінде қазақ халқына қанатымен су сепкен қарлығаштай 
қызмет жасады. Шәкәрім – Абайдың туысы, інісі бас шәкірті. Ол – ақын, сазгер, жазушы, 
философ, тарихшы, аудармашы, көсем сөздің шебері, Алаш ұранды әдебиеттің ірі өкілі. Мен 
жетелеп өлемін, Өрге қарай қазақты. Өлсем де ойын бөлемін, Сөзбен салып азапты, - деп алдына 
биік мақсат қоя ұмтылған ақын төңкерістен соң іле-шала Алашорда үкіметінің жұмысына 
араласқан. 1917 жылғы желтоқсанда Орынборда өткен екінші жалпықазақ сиезіне арнайы 
шақырылған. Шәкәрім Алашорда үкіметінің қазысы, яғни биі болып сайланған. Білімі терең, 
ақылы кәміл, табиғатынан әділ, парасаты биік Шәкәрімге көрсетілген құрмет деп ұғыңыз. 
Алашорда үкіметіне сіңірген еңбектерінің бірін мысалға келтірейік. 1918 жылғы «Қазақ», 
«Сарыарқа» газеттерінде «Алаш құрбандары» атты мақала жарияланды. Онда Семейдегі 
оқытушылар 
семинариясының 
шәкірті, 
Алаш 
милициясының 
бастығы 
Қазы 
Нұрмұхамбетұлының қайғылы қазаға ұшырауы, жазықсыз оққа ұшуы жөнінде хабар берілген. 
Алаш жолындағы тұңғыш құрбан Қазының өліміне халық көп жиналған. Жерлеу рәсіміне 
Шәкәрім Құдайбердіұлы, Міржақып Дулатұлы, Райымжан Мәрсекұлы, Мұстақым 
Малдыбайұлы, Жүсіпбек Аймауытов сөз сөйлеген, өлең оқыған. 
ХХ ғасыр – қауырт қоғамдық құбылыстар мен метаморфозалар ғасыры. Тарихи ұлттық 
сана түлеп, жаңғырықты. Алаш тұлғаларының қоғамдық сананы біржолата жаңа белеске көтеріп 
кетуі әдебиеттің түбегейлі мүдделерін айқындап бергендей еді. Жаңа қаламгерлер, жаңа қоғам, 
ел қайраткерлері шықты. Саяси күрестің маңызы артты. Сонымен бірге, қоғамдық қарым-
қатынастардың жеделдеуі, баспагерлік істің қанат жаюы, әдебиеттегі әртүрлі көркемдік-
жанрлық терең түлеулер эстетикалық танымның жаңашылдығына бастады. Осы тұста кәсіби 
әдебиетке тән басты жанрлардың бәрі де әртүрлі деңгейде көрінді. Әдеби сын да, әдебиеттану, 
прозаның кесек жанрлары, аударма, драматургия тосын жаңалық болуымен бірге жедел даму 
үрдісін танытты. Алаштың ардақты ардагерлері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар 
қазақтың бас ақынының мұрасы жөніндегі терең танымдық шығармаларын жариялатты. ХІХ 
ғасырдың соңында қазақ әдебиетінің бұрын-соңды болмаған асқар билігіне көтерілген Абай 
дәстүрі, реалистік көркемдік таным дүниесі осыдан кейінгі ұлттық сөз өнерінің мұратын, 
мақсатын, бітім-пішінін біржолата айқындап, бекітіп кетті. Абайдың соңғы әдебиеті реалистік 
сипатын тапты, жаңа бағытта өріс кеңейтті. ХХ ғасырдың алғашқы он – жиырма жылындағы 
қазақ әдебиетінде Шәкәрім Құдайбердиев, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек 
Аймауытов, Міржақып Дулатов шығармалары жоталанып көзге түседі. Міржақыповтың «Оян, 
қазақ!» кітабы «Қалың елім, қазағым» деп тебіренген, іші қанжылай еміренген Абайдың 
өзекжардымұңының жалғасы сынды, ұлт жігерін одан әрі қарай қайрау іспетті шықты. 
Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Мұхамеджан Сералин, Бернияз Күлеев, Спандияр 
Көбеев сынды тұлғалы таланттардың ақындық шабытты шаттары мен қоғамдық 
қайраткерлерінің белсенді күндері осы кезеңге тұспа-тұс келді. 
Ұлт мұраты мен тарихын, мәдениеті мен әдебиетін танымаған ұрпақты ертең өз Отаны 
үшін күресіп, қолына қару алып қорғайды деп айта алмаймыз. Бүгінгі ұрпақтың кешегіні білуі, 
бағалауы ұлтымыздың болашағы үшін қажет. Соның ішінде, халқымыздың рухани өміріндегі ең 
қасиетті мол қазына алаш арыстарының мұралары. Алаш зиялыларының еңбектері туралы 
бүгінгі күнде жазылып та айтылып та жатыр. Олар насихатталып, бүгінгі ұрпаққа пайдасы тиюі 
керек. Бізге қойылар негізгі міндет – ғалым Д.Қамзабекұлы атап көрсеткен: «алаш рухын 
насихаттау сол зиялылар секілді тәуелсіз ойлауға, кез-келген нәрсені салмақтап, оған ұлт 
мүддесі тұрғысынан баға беруге үйрену». Дәл қазіргі күні ана тіліміздің көсегесі көгермей 
тұрғаны, дініміздің мүшкіл халі, рухани құндылықтар мен адами қасиеттеріміздің биіктен көріне 
алмай жатқаны ұлттық рухтың оянбай, жетіспегендігінен деп түсінеміз. Сондықтан біз сөз еткелі 
отырған бүгінгі күні ең өзекті мәселе – ұлттық рухты оятуға, туған халқын өрге сүйреуге бар 
күш жігерін жұмсаған Алаш ақындарының бізге артқан аманаты еді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет