1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет32/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   176
Байланысты:
2-2018

 
 
ӘӨЖ 811. 512. 122.
 
І.ЖАНСҮГІРОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДА КЕЗДЕСЕТІН СИРЕК ҚОЛДАНЫЛАТЫН 
СӨЗДЕР 
 
Дармишева Н.Е., Асылова Р.О. 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті,Талдықорған қ, 
darmisheva @list.ru 
 
Мақалада І.Жансүгіров шығармаларында кездесетін сирек қолданылатын сөздер 
қарастырылады. І.Жансүгіров шығармашылығы осы тұрғыдан бағаланады да. І.Жансүгіров 
шығармаларында, атап айтқанда, поэзиясында қазіргі таңда мағынасы күңгірт, түсініксіз 
сөздер ілуде – бір кездеседі. Олардың бәрін көнерген сөздер немесе диалект сөздер деп 
түсінуге болмайды. Тілдік қорымызда бар, бірақ сирек қолданылатын сөздер қатарына 
жатқызамыз. 
Кілттік сөздер:
ақын шығармашылығы, сөздер қарым-қатынасы, диалект 
сөздер,түсініксіз сөздер, көнерген сөздер. 
В статье рассматриваются редко используемые слова в работах И. Жансугурова. С 
этой точки зрения оценивается творчество И. Жансугурова. В работах И. Жансугурова, в 
частности, в его поэзии встречается одно из самых очевидных, необъяснимых слов. Все они 
не могут быть поняты как архаичные слова или диалекты. Мы перечислены в качестве 
одного из редко используемых слов в нашем языковом фонде. 
Ключевые слова:
творчество поэта, отношения, диалекты, непонятные слова, 
архаичные слова. 


 «ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
33 
Ақын шығармашылығы – күрделі құбылыс. Шығармада шығармаға арқау болған оқиға, 
кейіпкер, суреттеу, баяндау яғни оның тілі, кейіпкерді «сөйлету» мен авторлық «әңгімелеудің» 
түрлі амал-тәсілдері бар. Шығарманың шынайылығын да, көркемділігін де көрсететін– оның 
тілі. І.Жансүгіров шығармашылығы осы тұрғыдан бағаланады да. І.Жансүгіров 
шығармаларында, атап айтқанда, поэзиясында қазіргі таңда мағынасы күңгірт, түсініксіз сөздер
ілуде – бір кездеседі. Олардың бәрін көнерген сөздер немесе диалект сөздер деп түсінуге 
болмайды. Тілдік қорымызда бар, бірақ сирек қолданылатын сөздер қатарына жатқызамыз. 
Екіншіден, ақынның ана тілінің бар байлығын сарқа пайдалана алған шеберлігі деп білген жөн. 
Мысалы, «Ұршық» өлеңіндегі «Оймышты ұрқат, ырғай сап, Ұршығым, сені қолға алам» 
жолдарында «ұшқат», сөзін түсіндірейік. Ұшқат – ұсақ жапырақты қара қошқыл түсті бұтағы 
бар өсімдік. Ұршықтың сабы осы аталған бұтадан немесе ырғайдан, яғни тобылғы тәрізді 
топтасып өсетін, қоңыр сұр қабықты жіңішке бұтадан жасалған. Осы өлеңде «Қыла ма жалқау 
жарлылық, Қылмаса ділгір жүн азы» жолдарында «ділгір» сөзі бәрімізге таныс емес. Ділгір – 
мұқтаж, зәру, қат деген мағынаны білдіреді. Сонда әңгіме иірілетін жүннің аздығы мұқтаждық
туғызадындығында болып отыр. Ақын «ылат» сөзін жиі қолданады. Мысалы: «Жүдеу жүректе» 
өлеңінде: «Былапыт. Ылат. Былжыр күз». «Көңілдің жүгірісінде»: «Кейде қайғы, кейде шат
Кейде тұнық, кейде ылат. Кейде қорқақ, кейде өжет, Кейде тірі, кейде өлет». Өлең сөздерінің 
мағынасына қарай бұл сөзді «лай», «лайсаң» мағынасында қолданған деп түсіну керек. «Дала» 
поэмасында: -Хурият та! Хурият! Құрылтайға бармақпыз! Ұсынбақпыз шарият Мүфти, қазы, 
хазірет! Құрылтайдың шарына, - деген шумақ бар. Бүгінгі тіл тұрғысынан «хурият» сөзі – 
түсініксіз, қолданылмайды, бірақ ол әдеби тілімізде бар сөз, үрият- бостандық, еркіндік, теңдік 
мағынасында жұмсалатын сөз. Немесе, «Ауған, Қытай қайда?» деп, Қызыл табан болды үркін». 
Түсінігі көмескілеу сөз – «үркін». Байырғы қазақ сөзі. «Үрік» – етістігінен туған зат есім. 
Мағынасы – жаудан үріккен, зорлық-зомбылықтан қашқан ел дегенге саяды.Ақынның «Шым-
шытырық», «Қалпымыз» өлеңдерінде «жансар» сөзі қолданылады. «Бозбала аусар, Ақылы 
жансар. Қартаймастан алжиды» (Шым-шытырық). «Аусар- алаң, Жансар- жаман. Қашан жан 
боп түзелер?» («Қалпымыз»). Сөздікте «жансар» сөзіне мынадай түсінік беріледі: шала, 
мардымсыз, болмашы, әлсіз.
Ауызекі тілде бұл сөз шала-жансар түрінде қолданылады. Шала-толық емес, пісіп 
жетілмеген, шикі деген мағынаны береді. Ақын алғашқы өлеңде ақылы толмаған кем 
мағынасында, екіншісінде әлсіз мағынасында қолданған. Тағы бір назар аударарлық сөз «алаң». 
Алаң – беймазалану, әбігерлену деген мағына беретін сөз. Ақын болса, «алаңғасар» сөзінің 
орнына қолданған. «Құлагер» поэмасында да назар аударарлық сөздер бар. «Қайт болып қара 
күшпен меселдесі, Халықтың қайғыда өткен нешен досы. Адамнан, айналадан, күйіркеден, Бой 
тартып, ел ішінен жиіркенген. Серіні «пері» деген қалың қауым, Не ғылсын, бір мақсымды 
қудалай ма?». Қазақ тілінің 10 томдық (ҚТТС) түсіндірме сөздігінде меселде з.е. – көңіл, пейіл; 
күйірке – сырластық, мұңдастық; мақсым – дін оқуының шәкірті, білімді, есті деген түсінік 
беріледі. Берілген түсінік бойынша оқылғанда, өлең жолдары әлдеқайда түсінікті бола 
түседі.Оқырман түсінігіне ауырлау, анықтамалық не сөздіктер негізінде ғана түсінуге болатын 
сөздердің болуының өзіндік себебі бар. Бұл, біріншіден, біздің байырғы сөздерімізді толыққанды 
қолданбағандықтан көмескіленген, сирек қолданылатын сөздердің пайда болуының айғағы. 
Екіншіден, І.Жансүгіров ана тілінің уақыт қыртысында, жаңа қолданыстар көлеңкесінде қалып 
бара жатқан сөздерге жан бітіруінің айғағы деп білеміз. Мәселен, «Қыс мезгілінде»: «Сырты 
ажарлы, іші-жау, Тәрізді жаман тамақсау.Азығы, шөбі аздарға.Құлқынды қожа, - Жинақты 
жылпың шаруаға , Жем, шөбі көп қораға, Қожаның аузы ораза», - деген шумақ бар. Шумақтағы
қожа – қыс. Түсінігі ауыр сөз – оңаза. «Оңаза» сөзінің екі мағынасы бар: 1. Қомағай, ашқарақ, 
тамақсау; 2. Ауыспалы. Ыңдыны құрыған, аңсары ауған. Өлең жолында «тамақсау» сөзі бір рет 
қолданылған,сондықтан сөз қайталамас үшін осы сөздің сирек айтылатын синонимі – «оңаза» 
араны ашылған мағынасында қолданылған. Шумақтағы «жинақты» сөзі – «жинақы» болуы 
керек. Себебі «жи» түбірінен тарайтын түбір сөздерде «жинақты» кездеспейді. Әрі «жинақы»
сөзінің ұқыпты деген мағынасы «жылпың» шаруаға үйлесімді. «Мәйек» поэмасында 
мәуірттеніп, «Рүстем қырғынында» деркері (қанішер), «Далада» инаяттап (ластап), жемеңгер, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет