1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет28/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   176
Байланысты:
2-2018

 
 
 
 
 


 «ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
29 
ӘОЖ 001.894.
 
ЖЕТІМДЕРГЕ ПАНА БОЛҒАН МӘКЕЙ ЕДІ 
 
Бекболатұлы Б.
Қарасу негізгі орта мектебі, Ақсу ауд., Еңбек ауылы 
Мақала сөздің басын саралап, кейіпкерін даралап бастағалы отырған бұл еңбек 
Мәкей Еркінбеков жайында. 
Кілттік сөздер:
 рухани жаңғыру, тарих қойнауында, зерделе тарих, мактеп білімі. 
Статья посвящена одного из основаталей просвещение Аксуского района Макею 
Еркинбекову. 
Article is devoted one of osnovataly education of the Aksusky Region of Makeyu 
Erkinbekovu. 
Сөздің басын саралап, кейіпкерін даралап бастағалы отырған бұл мақалам Мәкей 
Еркінбеков жайында еді. Мен Бекболатұлы Біржан Ақсу ауданы, Қарасу негізгі орта мектебінің 
ұстазымын. Елбасымыздың Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру » бағдарламасының аясында 
зерттеп жазғалы отырғанымда өз ауылым Еңбектегі бір тарих еді. Президентіміз Н.Ә. Назарбаев 
«Өз туған - өлкеңді төңірегіңді зертте, зерделе тарих деген сол емес пе» - деген еді. Осы бір сөз 
қамшы болғандай қолыма қалам алып, бірнеше ай осы жұмысты зерттеп, тарих қойнауынан 
жарыққа шығаруға тырыстым. 
Ал Енді Мәкей Еркінбеков кім?- деген сауалға жауап іздеймін. Мәкей 1895 жылы туған. 
Ақсудағы Қарағаштағы «Мамания» мектебінен білім алған. 1918 жылы маусым айында 
«Капальский уездный комитет совета рабочих солдатский, крестянских депутатов» болып 
құрылғанда Қапалдан мұғалімдік білім алған.1922-1930 жылдары «Талдыкурганский уездный 
совет рабочих крестянский и Красноармейских депутатов и его испольнительный комитет» 
болған кездері осы Талдыкорған уезінде білім бөлімінде істеген екен. Одан Қарағаштағы 
Мамания мектебінде ұстаздық қызмет атқарды. Халық «Ұстазы бардың ұлағаты бар» - демей ме. 
Мен осы зерттеуімді бастағанда Мәкей Еркінбековтың оқушысы, білім алған шәкірті болған 
Қазақ Ұлттық Академиясының академигі Жүрімбек Сыдықовты арнайы іздеп барып, Алматы 
қаласынан тапқан едім. Осы мақаланы жазуыма академик атамыздың көзбен көргені, Мәкейден 
білім алғаны туралы өз аузынан естіп, көп деректі бейне таспаға жазып алдым. 
Ал енді академик атамызға келсек, ол кісі 96 жаста екен, жұбайы Маймуна апамыз 92 
жаста екен. Әкем Бекболат Атамбаев Ақсудың айтыскер ақыны. Әкем көп ақыл қосып, зерттеуді 
жүргізуіме үлкен себепші болды. Академик атамыз Мәкей туралы сұрағанымызда терең 
ойланып, толғанып, ауыр күрсініп алды. Сол бір жылдары «Елбасына күн туған, ер етігімен су 
кешкен заман еді ғой»- деп бастады әңгімесін. Әкемнің ағасы менің өз әкем Сыдық ортаншысы 
кіші әкем Егіз үшеуі де қайтыс болып, шешемнен де ерте жетім қалыппын. 1928-1932 жылға 
дейін халқымызда, кеңес үкіметінің қолдан жасалған саясатымен аштық жайлағаны тарихтан 
белгілі, сол жылдары менде ата–анамнан айырылыппын. Мәкей сол кезде Қарасу ауылынан 
(қазіргі Еңбек ) балалар үйін ашып, 150 ден артық баланы ауыл-ауылдан өз ат арбасымен жинап 
әкеп балалар үйіне баққан еді. «Иесіз қалған жетімдердің бірі мен едім»- деп, терең күрсінді 
академик Жүрімбек Сыдықов атамыз. Мен Мәкейді көргенде тура Абайды көргендей болушы 
едім. Мен Абайды көп оқыдым.Мәкей кіріп келгенде тура тып – тыныш болушы еді. Мен 
Мәкейді тура Абайдың қатарына қоя аламын. Ол ұстаздың бірі емес, бірегейі еді- деп екі қолын 
алға созды, сол қаншама жетімдердің панасы болған, қорғаны болған солардың жоқ заманда 
тамағын тауып, асырап оқытқаны әлі күнге дейін мені таңғалдырады деп күрсінді. Ол кезде 
Мәкей деп бір адам атын атай алмайтын. Ол кезде мен ол кісіге жақынырақ болғаным, менің 
жазуым жақсы болып, класта өте жақсы оқыдым.Сол кезде кіріп келіп,Сыдықов жүр деп апарып 
құжаттарын жазғызатын.Одан кейін де оның баласымен де жақсы дос болдым.Сондықтан да 
мен ол кісіге мен өте жақын болдым. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет