34
Қолданылатын облыстары бойынша диодтар келесі түрге бөлінеді:
Түзеткіш (вентиль), универсалды; импульстік; өте жоғары жиіліктік;
варикап; стабилирон; сәуле диоды; фотодиод; айналдырылған диод; туннелдік
диод т.т.
Өнеркәсіпте көбінесе германий мен кремнийден жасалған диодтар
шығарылады. Кейде диодтар жартылай өткізгіш болып саналатын
интерметалдық косылыстардан да жасалынады. Кремнийден жасалған
диодтардың мынадай жақсы қасиеттері бар. Kepi токтардың мөлшерінің аздығы,
кері кернеудің үлкен мәндерінде және сыртқы ортаның температурасының
жоғары шамаларында жұмыс істей алуы.
Ал германийден жасалған диодтардың бірден-бір тиімділігі: тікелей токты
өткізгенде кернеудің түсу шамасының аз болуы (0,3-0,5) В, ал кремний үшін
(0,8-1,0) В.
Диодтардың шартты белгілеу жүйесі.
Бірінші элемент (сан немесе әріп)
шалаөткізгіштің бастапқы жасалған материалын белгілейді, екінші (әріп)
элемент – аспаптың қолдану аймағы, үшінші (сан) элемент – аспаптың
функционалдық мүмкіндігі, төрітінші элемент (сан) – аспатың дайындау нөмірі,
бесінші элемент – сан, аспаптың тобын анықтауыш.
Шалаөткізгіштің бастапқы жасалған материалын белгілеуге келесі
символдар қолданылады:
Г, немесе 1 – германий немесе оның құралымы;
К, немесе 2 – кремний немесе оның құралымы; А, немесе 3 – галлидың
құралымы; И, немесе 4 – индидің құралымы.
Аспаптың қолдану аймағын белгілеу үшін келесі символдар қолданылады:
Д – түзеткіш және импульстік диодттар; Ц – бағаналық және блокты түзеткіштер;
В – варикаптар; И – туннельді диодтар; А – өте жоғары жиілікті диодтар; С –
стабилитрондар; Г – шу генераторы; Л – сәуле шығарғыш оптоэлектрондық
аспаптар; О – оптоқосақтар.
Диодтардың ең негізгі эксплуатациалық сипаттамаларын (функционалдық
мүмкіндіктерін) белгілеу үшін келесі цифрларды қолданады:
Достарыңызбен бөлісу: