111
Ат тұяғы тимеген
Ақ
кіріш
тас суда бар, –
деп келеді. Кейбір басылымдарда дәл осы жол
ақ кірпіш
тас деп қате
жазылып жүр.
Кіріш
сөзіне «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында «ақ,
аппақ» деп біршама дұрыс түсінік берілген. Көне түркі
тілдерінде
кіршен
сөзі «бетке жағатын ақ нәрсе» дегенді білдірген. Қазақтың
ертеректегі тілінде де
кіріш
сөзі
ақ
деген
сөздің синонимі ретінде
жұмсалған тәрізді. Оған
ақ
кіріш тас
,
емшек сүті кіріш тарту
деген
тіркестер дәлел.
Кириш
сөзі «ақ балшық» мағынасында қазіргі ноғай,
түрік тілдерінде қолданылады.
Кирәч
сөзі әзірбайжан тілінде де
«гипс, алебастр» деген мағынада жұмсалады. Бұлардың барлығында
да тастың, минералдың ақ түсіне қатыстылық бар. Сөз төркініне
үңілушілердің бірі – Б.Сүлейменова орыс тілінен енді деп жүрген
кірпіш
сөзінің өзін осы
кіріш
сөзімен жанастырады (Этимол. сөздік.
109-111). Ал
орыс тіліндегі
кирпич
сөзі бұл тілге түркі тілдерінен
енген деген пікір де айтылып жүр (Шипова, 183).
КІШІЛІК
. Жырларда және XVIII-XIX ғ. ақындарында
кішілік
сөзі кездеседі. Мысалы, Алмажан Азаматқызында:
Алмажан
сынды бейбақты
Кішілікке
алуға, –
деген жолдар бар. Сырт қарағанда, мұндағы
кішілік
сөзі
кіші
деген
сөзден жасалған (кіші әйел, тоқал) сияқты болып көрінеді. Ал,
шындығында, бұл сөздің түбірі – көне түркі тілдеріндегі
кіші /кіс
сөздері. Махмұт Қашқаридің көрсетуі бойынша,
кіші
сөзі «біреудің
әйелі» дегенді білдірген, «үйлену»
дегенді
кіші алу
деген (қазақ
тіліндегі
қатын алу,
қазіргі
әйел алу
дегендермен салыстырыңыз).
Демек,
кішілікке алу
«әйел етіп алу» деген мағынада. Сірә,
«кішкентай» мағынасындағы
кіші
сөзінің актив қолданылуына бай-
ланысты және
қатын, әйел, зайып, жұбай
сөздерінің тіл кәдесін
әбден атқаруына орай «біреудің әйелі, жұбайы» деген ұғымдағы
кіші
сөзі қазақ тілінен мүлде ығысып кеткенге ұқсайды да тек
кішілік
тұлғасында көненің көзі ретінде
некен-саяқ жұмсалып келгені
байқалады. Е.Жанпейісов
кішілік
сөзі бір кезде тіпті еркекке де
қатысты айтылған болу керек деп топшылайды да бұл сөз «құл»
мағынасын берген болу керек дейді (Жанпейісов, 44).
Достарыңызбен бөлісу: