ҚАРУЫН ҚАЙТАРУ. ЕРУЛІГЕ ҚАРУЛЫ
. Әдеби тілде
де, күнделікті сөйлеу тілінде де жиі қолданылатын бұл тұрақты
тіркестердегі
қару, қарулы
деген – қандай сөздер?
Қару
– түркі-
монғолдың ортақ сөзі болу керек.
Қару
монғол тілінде «жауап,
қайтарым» деген мағынаны береді. Бұл сөз
хоруй
түрінде якут тілінде
де осы мағынада келеді. Сонда
қаруын қайтару
– «бір нәрсенің жа-
уабын (есесін) қайтару (беру)» деген ұғымда қолданылатын күрделі
сөз болып шығады.
Еруліге – қарулы
дегенде де
қарулы
сөзі «жа-
уап, қайтарым» деген мағынада келіп тұр.
Ерулі
сөзі де монғол
тілімен іліктес болар, мұнда
эре(х)
– «1) іздеу, сұрастыру, 2) сұрау,
тілеу» мағыналарында қолданылатын етістік. Оның ырықсыз етіс
түрі
эрүүле(х) –
«іздету, сұрастыру, сұрату». Демек,
еруліге қарулы
– «сұратқанға – жауап, іздегенге, сұрағанға – қайтарым». Не бол-
маса
ерулі
сөзі «біреудің жолына тосқауыл болып, кес-кестеу»
мағынасындағы
ээрэ(х)
етістігіне қатысты ма екен? О баста «жо-
лыма бөгет болып тұрсаң, соған жауап ретінде есесін қайтарамын»
деген мағынада қалыптасқан тіркес болуы да мүмкін. Қайткенде де
қазақ тілінде
қар
- етістігінің «жауап, қайтарым» мағынасы болғаны
байқалады, оған
қарым, қарымта, қарымжы
, сыйға сый көрсететін
салт атауы болып келетін
қарулық
сөздері куә (дәлел). Бұлардың
барлығында да «жақсылыққа жақсылықпен, жаман іске жамандықпен
қайтарылатын жауап, қайтарым» мағынасы бар.
ҚАРЫНДАС
.
Қарындас
сөзі бүгінге дейін екі мағынада қолда-
нылады. Осы күнгі әдеби нормадағы актив мағынасы – «ер адамның
жасы кіші әйел жынысты туысқаны» және «жалпы ер адамға бай-
ланысты айтылғандағы жасы кіші әйелдің атауы». Бұл сөздің түпкі
мағынасы, көне түркі жазба нұсқаларында көрсетілген мағынасы
– «туысқан адам, бір жұрттың адамы». Қазақ тілінде де бұл сөз
бұрын жалпы «туысқандар, руластар, аға-іні» деген ұғымда жиірек
қолданылған. Мысалы, Асанқайғының:
Ол күнде
қарындастан
қайырым кетер, –
дегенінде де, Шалкиіздің:
125
Жайыңды білген
қарындас
,
Ол
қарындас
әм жолдас, –
дегенінде де бұл сөз – әйел жынысты адам туралы емес, жалпы
туысқандар, жақындар туралы. Махамбеттің:
Тар қолтықтан оқ тисе,
Тарыққанда қайрылар
Қарындасым
менде жоқ, –
деп отырғанында, ол әйел жынысты жасы кіші туысын емес, өзінің
соңына еретін, өзіне демеу болатын туыстарды, руластарды айтып
отыр, яғни ол өзі бастаған көтеріліс ісі үшін «жолы жіңішке» әйел
туысын емес, өзін қостайтын қалың ағайын туыстарын іздеп отыр.
Абай да бұл сөзді бірнеше рет жалпы «ағайын, туыс, рулас, тіпті
ұлттас» мәнінде қолданады: «
Қарындас
қара жерге тыға алмай жүр»
(Абай, І, 34). «Осы қуаныш бәрі де – қазақ
қарындастың
ортасында».
Өткен кезеңдерде
қарындас
сөзінің осы күнгідей «әйел жыныс-
ты жасы кіші туысқан» мағынасы да жиі қолданылған. Мысалы,
«Қобыландыдағы»:
Қыздың аты Қарлығаш
Қобыландыға
қарындас,
–
дегенін ескерелік.
Қарындас
сөзі жалпы «туысқандар, руластар (бір
жұрттың адамдары)» деген мағынамен қатар, одан да гөрі жақындау
туыстықты – аға-інілікті білдіру үшін де қолданылған. Бұл, әсіресе,
орта ғасырлардағы түркі ескерткіштері тілінде айқын көрінеді.
(Фазылов, II. 603. Құрышжанов, 158, Боровков. Тефсир, 200). Көне
түркі тілдерінде
қарундаш/қарындаш
сөзі «бір құрсақтан шыққан аға-
іні» дегенді білдірген (ДС, 427). Бұл фактілерге қарағанда,
қарындас
сөзінің о баста «бір құрсақтан (
қарын
сөзінің «құрсақ» мағынасы
да болған) шыққан аға-іні,
қарындас
, сіңлі» деген нақты мағынаны
бергені, оның «жалпы туыс, рулас, елдес, жұрттас» мағынасы ауы-
спалы екендігі, бұл мағына, әсіресе, орта ғасырларда, қазақ тілінің
ертерек кезеңдерінде активтенгені байқалады. Мысалы, XVI
ғасырдың соң кезіндегі қазақ тілі ескерткіші – жалайыр Қадырғали
бидің шежіресінде
қарындас
сөзін «руластар, туыстар» мағынасында
қолданады да «жасы кіші әйел бала» деген ұғымды
қыз қарындаш
деп береді: «Қутуқут нойан(ның) бір анадан екі
қыз қарындашы
бар
еді» (Жами‘ат-тауарих, 1851, 79).
Қарындас
сөзін «туыс, ағайын» мәнінде поэтикалық элемент
ретінде қолдану қазірде де бар. Әсіресе, тарихи оқиғаларды сурет-
теген шығармаларда, эпостардың негізінде жазылған пьесаларда
қазіргі жазушылар
қарындас
-ты «ағайын, туысқан» деген ұғымда
126
орынды, ұтымды пайдаланады. Мысалы, М.Әуезовтің «Қарақыпшақ
Қобыланды» драмасында, Т.Ахтановтың «Ант» драмасында т.б.
қарын-
дас
– «бір жұрттың, бір рудың, тайпаның адамы, ағайын, туысқан».
Ана тілінің әрбір сөзіне ерекше көңіл қойып, оның бұрынғы-соңғы,
ауыспалы-тура мағыналарын жақсы білетін адамдарға
қарындас
сөзінің «ағайын, туыс» деген мағынада да қолданылатындығы
даусыз әрі белгілі жайт болса да, мұны сөз етіп отырған себебіміз
–
қарындас
сөзінің әйел балаға ғана қатысты айтылатын осы күнгі
актив мағынасын ғана түсінетіндер арамызда жоқ емес екендігінен
шығып отыр. Қалың жұртшылық, оның ішінде жастар түгіл, кейбір
тіл зерттеушілердің өздері осы қатардан көрініп қалады. Мысалы, тіл
маманы – Ғ.Мұсабаев «ауру – астан, дау – қарындастан» деген мәтел
әйелге қатысты айтылған дейді: «Жасырын сырын жатқа шығармай,
құпия ұстауда ерлерді ардақтап, сыр ашылып, қала талқандалып, ел
күйресе, оның айыпкерін әйелден, әсіресе, хан қызы ханшадан (?) не-
месе ханымнан іздеген де соған аударған, сондықтан «ауру – астан,
дау – қарындастан», «әйел – дұшпан» деген мақалдар сақталған», –
деп жазады (Ғ.Мұсабаев, Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан.
Алматы, 1966. 6). Әрине, бұл – жаңсақ пікір.
Достарыңызбен бөлісу: |