Кітап жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің сту- денттеріне, мектеп мұғалімдеріне және көпшілік оқырманға арналған



Pdf көрінісі
бет69/267
Дата08.09.2023
өлшемі3,48 Mb.
#180532
түріБағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   267
Байланысты:
Рәбиға Сыздықова Сөздер сөйлейді

ҚАЗЫНА/ҚАЗИНЕ
. «Алпамыс» жырында бала тілеп әулиелерге 
аттанған Байбөрі мен бәйбішесі жайында:
Бәйбіше барды ақырын 
Қазына
аузын ашқалы. 
Таратты алтын-күмістен 
Қалғанынша мысқалы, – 
деген сөздер айтылады. Бұл сөз жыр ішінде бірнеше рет қолданылған.
Қазына
сөзі қазақ эпостарының бәрінде де кездеседі. Кейбір 
басылымдарда 
қазине
вариантында да ұшырасады. Осы күнгі тілі-
мізде 
қазына
сөзі «мүлік, байлық» және «мемлекет, қоғам» деген 
мағыналарда жұмсалады. Жырларды бастырушылар да бұл сөзді 
«мүлік, жиһаз» деп түсіндіреді. Бұл – арабтың 
хазине
деген сөзі, 
мағынасы – асыл мүлік, жиһаздың өзі емес, соны сақтайтын жер. 


118
Ал түркі тілдеріне енгенде, бұл сөз көбінесе асыл мүлік, қымбат бұ-
йымдардың жиынтық атауын білдіргенге ұқсайды.
Орта ғасырлардағы түркі жазба ескерткіштерінің сөздігінде 
(лексикалық қазынасында) 
хазине
сөзін «мүлік, жиһаз сақтайтын 
жер» деп көрсетеді де келтірілген мысалдар осыған сай түседі 
(Фазылов, II, 479). Ал, шындығында, қазақ жырларында кездесетін 
қазына
сөзі арабтың өз тіліндегідей «алтын-күміс, бағалы киім-кешек, 
қымбат жиһаз сақталған орын» дегенді білдіреді. Қазақ халқы сияқты 
көшпелі тұрмыс шеккендердің қазынасы, сірә, сандықтарда, кебе-
желерде, жүктерде (бумаларда) сақталса керек. Бұған жоғарыдағы 
бәйбіше барды ақырын қазынаның аузын ашқалы
деген жолдар дәлел 
немесе: «Қыз Жібек» жырындағы:
Қазинелі
қырық нарға 
Жібектен арқан тарттырған, – 
дегендегі 
қазинелі
сөзі – «мүлік, жиһаз салған жүгі бар қырық нар». 
Жырды 1963 жылы шығарушылар «қазинелі» деп қате жазылған, 
дұрысы – «қазынасын» болу керек дегендері – әрине, қате. Бұл жерде 
текст 
қазинелі
(яғни жүк артқан, жүгі бар) деп дұрыс беріліп тұр.
Асыл бұйым, қымбат жиһаз шұңқырда, жер астында да сақталатын 
болса керек, оған «Алпамыс» жырындағы қалмақ ханының:
Қазыналы қандағы
Есепсіз түрі мол еді, – 
дегені дәлел бола алады. Мұндағы 
қандақ
сөзі – «шұңқыр, қазылған 
жер, ор» деген мағынадағы сөз. Ол – парсы тілінің 
қандан
«қазу» де-
ген етістігінен жасалған кірме сөз. Қазақ тілінде 
зындан
мен 
қандақ
сөздері бір-біріне балама ретінде қолданылған тұстары да бар. 
Мысалы, «Алпамыс» жырында:
Патшаның сол күнде 
Қазулы 
оры
бар еді... 
Қуанып халқы жүгірді 
Қандақтың
аузын ашқалы... 
Домалатып баланы 
Зынданға
әкеп тастады... –
деген жолдарда 
ор, қандақ, зындан
сөздері бір-біріне синоним болып 
қатар қолданылған. Үшеуі де – қазылған шұңқыр, айырмасы – қандақ 
пен орда мүлік, жиһаз сақталса, зынданда тұтқындарды ұстайтын 
болған. Сөйтіп, жырлардағы 
қазына
– осы күнгідей абстракт (дерексіз) 
ұғымның атауы емес, нақтылы зат атауы. Жырлардың тілінде бұл 
сөздің қазіргідей мемлекет не қоғам байлығына қатысы жоқ, жеке 
адамның (әрине, бай адамның), әрі кетсе ханның жеке меншігіндегі 


119
алтын-күміс, тон, кілем сиякты «капиталдың» сақталатын жері, орны. 
Демек, 
қазына
сөзінің мағынасы заман өткен сайын сәл өзгерген. Бұл 
күнде 
қазына
«мемлекет, қоғам байлығы» сияқты абстракт ұғым ата-
уына айналған, нақты заттық мағынасы кемде-кем қолданылады.
ҚАЙДАҚ
. «Қобыланды» жырында:
Хан қасында 
қайдақтар,
– 
деген жол бар. Мұндағы 
қайдақ
деген сөз бұл күнде қолданылмайды. 
Бұл сөз қырғыз тілінде «салт басты, сабау қамшылы бойдақ, үй-күйсіз 
жалғыз басты адам» деген ұғымда келеді. «Қазаны жоқ – қайдақ, 
қатыны жоқ – бойдақ» деген мәтел де бар. Сірә, бұл сөз осы мәнде бір 
кезде қазақ тілінде қолданылған болу керек. Келе-келе ұмыт болып, 
жырларда ғана сақталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   267




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет