41
өмірлік жағдайлармен және дилеммалармен танысады. Басты кейіпкерлердің іс-
әрекеттері, кейіпкерлердің жағымды немесе жағымсыз іс-әрекеттері білім
алушыларға өздерін жақсы түсінуге, өз бойында құндылықтар мен
дүниетанымын қалыптастыруға көмектеседі. Мысалы,
«5.1.3.1 көркем
шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу»
оқу
мақсатын іске асыру кейіпкердің іс-әрекеті арқылы оның бойындағы жақсы
қасиеттері мен жаман қасиеттерін ажыратып, өз көзқарасы тұрғысынан сыни
пайым жасауға көмектеседі, кейіпкердің іс-әрекетінен өзіне қажетті құндылықты
қабылдайды.
«Тіл мен әдебиет» саласы бойынша бастауыш, негізгі және жалпы орта
білім беру деңгейлерінде сыныптағы және сыныптан тыс жұмыстар білім
алушының жас ерекшелігін ескере отырып, күрделі тапсырмаларды шешуге,
өздік жұмыстарды орындауға бағытталуы қажет. Шығармашылық жұмыстар
әртүрлі тапсырмаларды өздігінен орындау білігін қалыптастыруды нысана
тұтып, оқытудың қай түрі болмасын білім алушы құзыреттілігін қалыптастыруға
ықпал етуі тиіс.
Тілдік пәндерді оқытуда баланың тұлғалық ерекшелігін ескерген жөн:
1)
шығармашылық қабілеті жоғары білім алушыларға әртүрлі
тақырыптарда шығарма, эссе, әңгіме жазғызып, ізденімпаз, қызығушылығы
жоғары білім алушыға ақпарат құралдарынан материал жинап, баспасөз-
конференция сабағын өткізуді тапсыру оң нәтижесін береді;
2) оңтайлы пайдаланылған дидактикалық, сюжеттік, рөлдік ойындар да
білім алушының өзін таныта алуына, сыныптастар пікірімен санасуына, шешен
сөйлеу қабілетін үйренуіне және білімін жан-жақты көрсетуіне мүмкіндік береді;
3) білім алушылардың ой-өрiсiн дамытып, оларға тiлдiң ұлттық мәдени
мұра, тiршiлiктiң өзегi, танымның көзi екендiгiн сезiндiру үшін ақпараттық
технология
ресурстарын,
мультимедиалық
құралдарды,
ғаламтор
материалдарын, бейнероликтерді, электронды оқулықтарды кеңінен қолдану
тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: