төмендетілген оқу жүктемесімен)
үлгілік оқу жоспарына сәйкес: −
«Алгебра және анализ бастамалары» пәнінің оқу жүктемесі 1 сағатқа
көбейді;
−
таңдау пәндері (
тереңдетілген деңгей ): «Шетел тілі», «Дүниежүзі
тарихы», «География», «Құқық негіздері» пәндерінен 10-11-сыныптарда 2 пән 2
сағаттан оқытылатын болды.
−
таңдау пәндері (
стандарттық деңгей ):
«Физика», «Химия»,
«Биология», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәндерінен 10-11-сыныптарда
2 пән 2 сағаттан оқытылатын болды (
ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.09.2022ж. №412 бұйрығына 18,20,22,26 қосымша https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916 ).
Оқыту қазақ, орыс тілінде жүргізілетін жаратылыстану- математикалық бағыт бойынша Жалпы орта білім берудің (төмендетілген оқу жүктемесімен) үлгілік оқу жоспарына сәйкес: −
«Алгебра және анализ бастамалары» пәнінің оқу жүктемесі 1 сағатқа
көбейді;
−
таңдау пәндері (
стандарттық деңгей ):
«Дүниежүзі тарихы»,
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау», «Құқық
негіздері» пәндерінен 10-11-сыныптарда 2 пән 1 сағаттан оқытылатын болды (
ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.09.2022ж.№412 бұйрығына 19,21,23,24,25 қосымшалар. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916 ).
Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде Қазақстан Республикасы Оқу-
ағарту министрлігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығымен
бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің барлық пәндері
бойынша
үлгілік
оқу
бағдарламаларын
қолданады
(
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029767
).
Алдағы оқу жылында оқу бағдарламаларындағы өзгерістер тек 2-сыныпқа
ғана қатысты, атап айтқанда:
- 1-2-сыныптарда «Көркем еңбек» кіріктірілген пәнінің орнына «Еңбекке
баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндерін жеке оқыту жалғасады (Қазақстан
Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы №365
бұйрығына 1, 2, 3-қосымшалар
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029136#z18
);
«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту жалғасады (ҚР Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы 12 тамыздағы № 365 бұйрығына 1, 2, 3-қосымшалар
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029136#z18
); «Шетел тілі» пәні оқытылмайды.
- Қазақ, ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде оқытатын 2-сыныпта «Орыс тілі»
пәнін оқыту енгізіледі.
11
Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда 33 оқу аптасын, 2-11 (12)-
сыныптарда 34 оқу аптасын құрайды.
Орта білім беру ұйымдарында білім беру процесі 5 күндік оқу аптасы
бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте 5-11(12)-сыныптар үшін сенбі күндері
сабақтар, қосымша сабақтар өткізуге болады.