Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: бесінші терминжасамда тілдің сөзжасам жүйесінің жұрнақтары қызмет етеді, онда сөзжасам
заңдылықтары толық сақталады. Сөзжасамның аналитикалық тәсілі де терминжасамда
белсенді қолданылады. Тек, терминжасамда оған қатысатын лексикалық бірліктер
терминнің дефинициясына сай таңдалады.
Тұжырымдар . Терминдердің сөзжасам жүйесі бар. Бірақ терминдердің сөзжасам жүйесі
арнайы зерттелмеген. Оның әр мәселесі жөнінде түрлі пікірлер, белгісіз, анықталмаған
ғылыми ұғымдар өте көп. Терминжасам – жүйелі құбылыс, оның яғни жүйенің бір
мүшесіне терминжасамдық тәсілдер жатады.Терминжасамда тілдің сөзжасамдық
тәсілдері қолданылатын болғандықтан, терминжасам тілдің сөзжасам заңдылықтарына
бағынады. Сондықтан терминжасамның синтетикалық тәсілі де сөзжасамның
синтетикалық тәсілінің заңдылықтары бойынша қызмет етеді.
Бақылау сұрақтар: 1. Терминжасам мен сөзжасам байланысы.
2. Терминжасамдағы сөзжасамдық бірліктер.
Пайдаланған әдебиеттер: 1.
Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. –Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б.
2.
Сауранбаев Н. Қазақ тілі. Педучилищелерге арналған. – А. 1953. –219 б.
3.
Әбуханов Ғ. Қазақ тілі. Педучилищелерге арналған оқулық. 1960. –366 б.
4.
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. –Алматы: Мектеп, 1964. –398 б.
5.
Қазақ тілінің грамматикасы. –Алматы: Ғылым, 1967. –263 б.
6.
Ысқақов А. Қазақ тілі. Морфология. –Алматы: Мектеп, 1974. –407 б.
№7 дәріс Тақырыбы : Сөзжасамдық жұрнақтардың терминжасамға қатысы
Мақсаты: Терминологияның
әр
саласында
әдеби
тілде
бар
жұрнақтар
қолданылғанылатындығын,
сол
қолданылатын
жүзден
астам
сөзжасамдық
сөзжасамдықсөздің мағынасына қарай ерекшелігін түсіндіру. Әр жұрнақтардың
терминологияның әр саласындағы қызметі әр түрлі екеніні ұғындыру.