Дәріс тезистері №1-дәріс



Pdf көрінісі
бет39/41
Дата10.09.2023
өлшемі0,93 Mb.
#180608
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
ДӘРІС (1)

№15 дәріс 
Тақырыбы
Қазақ терминографиясы
Мақсаты: 
Қазақ терминологиясының қалыптасу, даму мен орнығу кезеңін тарихи 
дәуірлеу. Қазақ терминологиясының даму тарихы мәселесіне тоқталған ғалымдардың 
пікірлерін назардан тыс қалдырмау. 
Дәріс жоспары: 
 
1.
Қазақ терминологиясының кезеңдері 
2.
Қазақ терминологиясының жаңа кезеңі 
Дәріс мәтіні 
(тезис) 
Қазақ терминологиясының даму тарихы 
алғашқы кезең, дәстүрлі кезең, социалистік 
кезең, жаңа кезең 
деп төрт топтастырылып отыр[9, 51]. 
Алғашқы кезең (1860-1910). 
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың алғашқы 
онжылдығында қазақ терминологиясының қалыптасуы, дамуы мен орнығу кезеңінде 
сөздердің терминденуін зерттеу мақсатымен оның даму жолы көрсетілген. Қазақ 
зиялылары ескі және жаңа ғасыр аралығындағы терминологияның даму жолдарын 
тұтастай қарастыра отырып, келешекте оның қандай болуы керектігін көрсетті. Қазақтың 
мұндай ұлттық құндылықтары жаңа қазақ терминологиясын салаларға жіктеді. Осымен 
бірге қазақтың ұлттық терминдерін жасаудың алғашқы үлгілері, сондай ақ, алғашқы 


ЕҰУ Ф 703-08-15. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Бесінші басылым 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
бесінші 
басылып шыққан оқу құралдары мен ғылыми еңбектердің негізінде қалыптасқан білім 
салалары дәстүрлі еңбектерде көрініс тапты. 
Дәстүрлі кезең (1910-1930 жылдар аралығындағы қазақ терминологиясы). 
1910- 
1930 жылдар арасында қазақ елінің зиялы қауымы ұлттық тілдің дамуын негізге ала 
отырып, білім және өнер салаларына арналған дәстүрлі еңбектерін жаза бастап, 
терминжасау, термин қалыптастыру дәстүрін қалыптастырды. 
Социалистік кезең (1930-1990 жылдар). 
Қазақ терминологиясы бұл кезеңде кенестік 
бағытта терминжасау ісіне арналды. 
1930-1990 жылдар аралығында термин және терминологиялық сөздіктер жасау 
барысында Алаш зиялыларының ұстанған жолынан тыс қалды. Себебі жаңа басқарма 
негізінде олардың көпшілігін тұтқындаған болатын. Кейін Советтер Бірлігі 
республикаларында термин жасау ісі және термин жасау қағидаттары тек орталықтан 
басқарылып отырды. Қазақ жұмыс күшін қайта құру және де қысым көрсету режимі өз 
пайдасы үшін білім берудің де бағытын өзгертті, тағы да айта кетерлік жайт ұлттық тілде 
терминдердің басқаша болуын бұйырды. 
Жаңа кезең (1990 жылдардан кейінгі қазақ терминшілігі) 
терминжасам қағидаттары 
мен термин жасау шығармашылығындағы кейбір кемшіліктерді талдауға арналған. 
Уақыт талабына сәйкес кейбір толықтырулардың болу мүмкіндігіне қарамастан, 
сонау 20-жылдары Ахаңдар жасаған қағидаттар, терминологиялық жұмыстарды жүгізуде 
басшылыққа алатын кағидаттар қалыптастыруда негіз болатындығы күмән туғызбайды». 
Терминологияның даму кезеңдері бұрын ғылымда сөз болмады деп айта алмаймыз. 
Ол мәселені алғаш қозғаған академик Ө.Айтбаев екені белгілі, бірақ ғалым ол мәселені 
жалпы мәселенің ішінде айтқан. Ал Ш.Құрманбайұлы арнайы зерттеп, 2002 жылы 
монография шығарған. Бұл қазақ терминологиясының теориясының күрделі, өте маңызды 
мәселелерінің бірі ретінде бағалану керек. 
Ғалымның аталған еңбектері Ш.Құрманбайұлын өте ірі терминолог ғалым деп 
жұртшылықтың бағалауына негіз бола алады. 
Қорыта келгенде, қазақ тілінде терминология мәселесі жақсы тәжірибеден басталып, 
ғылыми негізі қаланған сала бола тұрып, әлі де зерттелуін күтіп тұрған мәселелері көп 
деген пікірге келдік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет