Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


м е н і сөзін қолданамыз. Сол себепті Мид  м е н



Pdf көрінісі
бет112/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   529
м е н і
сөзін қолданамыз. Сол себепті Мид 
м е н
сөзі «өзім» ұғымы- 
ның өздігінен болатын бөлігін, жасампаз бөлігін білдіреді, ал 
м е н і
сөзі өзгелердің пайымдауын растайтын өзгелік бөлікті білдіреді деп 
сипаттайды.
Мид қоғамда әрекет етуді және 
« м е н н ің »
қалауы мен 
« м е н і »
деген 
қоғамдық сананы таразылап теңгеруді рөлді қабылдау арқылы үйре- 
неміз деп сенді. Рөлді қабылдау дегеніміз - әлемді түсінуде өзгелердің 
маңыздылығын және біртіндеп өзге пікірлерді қабылдауды үйрену 
процесі.
Мидтің айтуынша, рөлді қабылдау бала кезде, отбасының құ- 
қықтары мен міндеттерін білу керек болғанда басталады. Баласы 
ретінде бізден не күтетінін түсіну үшін әке мен ананың көзқарасын 
білуіміз керек. Біз өзімізді ата-анамыздың көзқарасы арқылы көру- 
ді және солардың пікірі бойынша мінез-құлқымызды бағалауды үй- 
ренуіміз тиіс. Олардың ой-пікірлері мен өзіміздің қалауымызды біл- 
ген кезде өз міндеттерімізді түсіне аламыз.
Мид балалар қоғамда қалай әрекет ету керектігін ойын арқылы 
дамытатынын айтады. Үйде анасы тамақ пісіріп, әкесі жөндеу жү- 
мыстарын жасап жүрсе қыз ойыншық пешпен, үл ойыншық балға- 
мен ойнауды қалыпты деп есептейді. Ата-анасы жалғызбасты немесе 
ата-аналары күні бойы жұмыста журетін балалар ойыншық машина- 
ның ішіне ойыншық портфель немесе басқа да ойыншық аспаптарды 
салып жүруді ұнатуы мүмкін.
Бұл дегеніміз - балалардың ойыны көбінесе олар үшін маңызды 
адамдардың мінез-құлқына негізделеді деген сөз. Мысалы, ата-анасы 
мен бауырлары балалардың өзін-өзі бағалауына қатты эсер етеді. Ба­
лалар өскен соң отбасынан тыс басқа адамдармен көбірек араласқанда,
Рөлді қабылдау - әлемді түсінуде 
өзгелердің қаншалықты маңызды 
екенін және біртіндеп өзгелердің 
пікірлерін қабылдауды үйрену 
процесі.
Маңызды түлғалар - тыгыз 
қарым-қатынаста болатын жеке 
тұлғалар.
7-251




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет