Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет109/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   529
ӘЛЕУМЕТТЕНУ
95
Кейінгі тараулардан көретініміздей, құрылымдық функцияшыл- 
дар мектеп, діни мекемелер, отбасы және басқа да әлеуметтік меке- 
мелер балаларды әлеуметтік өмірге еркін араласуы үшін әлеумет- 
тендіреді деп санайды. Отбасында балалар өз-өзін ұстауды, мектепте 
уақытқа және ережелерге бағынуды, ғибадат ететін орындарда рәсім 
жасауды (намаз оқуды немесе дұға етуді), жақсы мен жаман, дұрыс 
пен бұрыс туралы дәстүрлі сенімдерді құрметтеуді үйренеді.
Құрылымдық функционализм тұрғысынан алғанда осылай әлеу- 
меттену ортақ игілік үшін қызмет етеді. Әлеуметтенудің арқасында 
жастар қоғамның бақытты әрі айтулы мүшесі бола алады. Ең жақсы 
жағдайда әлеуметтену құрылымдық функцияшылдардың сенімде- 
ріне сай жұмыс істейді. Балалар ересектер әлеміне бейімделуді және 
болашақтағы өзгерістерге дайын болуды үйренеді. Алайда осы тео- 
рияның сыншылары балаларды қоршаған ортаға әлеуметтендіру ке- 
зінде оларды теңсіздікті қабылдауға үйрететінімізді, ал мұның кейін 
қоғамды жақсартуда қиындық тудыратынын айтады. Бұл - конфликт 
теориясы ғалымдарының көзқарасы.
Конфликт теориясы
Конфликт теориясындағы әлеуметтенуге қатысты көзқарас құры- 
лымдық функционализмге кереғар болып келеді. Құрылымдық 
функционализм әлеуметтену барлық адамдарға пайда әкеледі десе, 
конфликт теориясы тек билік өкілдеріне ғана пайдалы деген бол- 
жам жасайды.
Конфликт теориясы әлеуметтену теңсіздікті арттыратын ме- 
ханизмдерді үдететінін баса көрсетеді. Кейбір зерттеушілердің ай- 
туынша, ата-аналар қыздарға қарағанда ұл баланы жоғары бағалап, 
балаларын соған сай тәрбиелейді, мысалы, қыздан кешкі астан ке- 
йін ыдыс-аяқты жууды талап етсе, үлға ойнауға рұқсат береді. Ал 
келесі бір зерттеушілер мүғалімдердің жұмысшы тап балаларын 
жазалау, мойынсұнуға үйрету арқылы олардың шығармашылық 
қабілеттерін аяқасты етіп, жұмысшылар қатарын толтыруға мүд- 
делі болуына көмектесетінін айтады. Сол сияқты тағы бір зерттеу- 
шілер шіркеу қызметкерлері, пасторлар, раввиндер және басқа дін 
өкілдері қарапайым халыққа бай да беделді этностық топтардың 
артықшылықтары Құдайдың қалауымен болғанын насихаттайды 
деп есептейді.
Әлеуметтенудің басқа пікірмен келіспеуі мүмкіндігін, әлеумет- 
тік өзгерістерді жоя алатынын және теңсіздік тудыра алатынын түсі- 
ну үшін конфликт теориясы пайдалы. Ал түрақты әлеуметтік жүйе- 
ніңтуындауы мен артықшылықтарын түсіндіру үшін бұл теорияның 
пайдасы аз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет