ӘЛЕУМЕТТЕНУ 93 I Қажетінше дұрыс тәрбие көрмеген
I мұндайбалалар(мысалы,
оңтүстікафрикалықжетімдер) қалыпты
адами қарым-қатынасқа үйрене
алмайды, олардың ойлау және қабылдау
қабілеттері төмен деңгейде қалады.
салдары қандай болатынын жорамалдауға ғана мүмкіндік береді.
Әрине, нәтижені анық білу үшін балаларды ересектерден оқшау ұстау
адами тұрғыдан мүмкін емес. Солай бола тұра кейде бүл жағдайдың
шынайы өмірде орын алып жататыны өкінішті-ақ.
Балаларға дұрыс тәрбие бермей өсірудің салдарына қатысты кей-
бір айқын дәлелдерді төмен дәрежелі балалар үйінде тәрбиеленетін
балаларды зерттеуден көруге болады. Мұндай балалар үйінде бала-
лардың қажеттіліктері қанағаттандырылғанмен оларға тиісті тәрбие
беру жағы жетіспейді.
Ондағы балалардың көпшілігі рухы сөнгендей эсер қалдыра-
ды. Олардың кейбірі қоғамнан бас тартып, айналасына ешқандай
қызығушылық танытпайды, басқалары өздеріне де, өзгелерге де еш
аяушылық сезімі жоқ екенін көрсетті. Бұл балаларды кейінірек жақ-
сы отбасылар өз қамқорлығына алған күннің өзінде басқа балаларға
қарағанда олардың ойлауы мен қабылдауы төмен болатыны байқал-
ды. Олардың арасында, сондай-ақ дос таңдай алмау немесе аутистік
мінез-құлық таныту сияқты әлеуметтік қарым-қатынас қиындықта-
ры да кездесуі мүмкін (Rutter et al, 1999).
Тәрбиелеудің маңыздылығы туралы басқа да дәлелдерді ата-ана
тарапынан физикалық және эмоциялық қысым көріп өскен балалар-
дың жағдайларынан көруге болады. Джин (лақап аты) туралы оқиға
оның ауыр халін суреттейді (Newton, 2004). Оны 13 жасына дейін қатал
әкесі орындыққа байлап, кішкене бөлмеде ұстаған. Соқыр, мүгедек
анасы қатты қорқып қалғандықтан оған еш көмек көрсете алмаған.
Джин ешқашан ешкіммен сөйлеспеген, араласпаған. Соңында анасы
Джинді құтқармақ ниетпен алып қашып кеткенде де Джин сөйлей
алмаған, өздігінен жүре алмаған, тіпті дәретхананы да қолдана ал-
маған. Арнайы терапиядан кейін жағдайы біршама жақсарғанмен ол
өз бетімен өмір сүруге дайын болмай шықты.
Джиннің жағдайы ауыр. Бірақ ата-аналар жеткілікті әлеумет-
тік және эмоциялық қолдау көрсете алмайтын отбасыларда аталған
проблеманың жеңілдеу түрлері де кездеседі. Тән қажеттіліктері қа-
нағаттандырылғанмен басқа жағынан мұқтаждық көріп өскен бала
лар, көбінесе Джин сияқты жоғарыда аталған зерттеулердегі жетімдер
мен маймылдар сияқты қиындықтарға кезігеді. Яғни балалардың да,
маймылдардың да физикалық және әлеуметтік дамуы үшін өзара қа-