Қорытынды 1. Мәдениет - қоғам өмірінің негізгі проблемала-
рын дайын шешімдермен қамтамасыз ететін
өмір сүру жобасы. Кейбіреулер оны адамдар-
дыц өз жағдайларына бейімделуіне көмекте-
сетін материалдық және материалдық емес
құралдар ретінде түсіндіреді. Осыған орай,
мәдениет салыстырмалылығы түжырымда-
масы көрсеткендей, мәдени ерекшеліктерді өз
мәдениетіңнің тұрғысынан бағалау керек.
2. Құрылымдық-функционалды көзқарас мәдениет-
тің қалай қалыптасуын емес, мәдениеттің бізді
қалай қалыптастыратынын қарастырады. Кері-
сінше, конфликт теориясын қолдаушылар мә-
дениеттің белгілі бір жолмен дамитындығын
және осы үлгілердіңкімнің мүдделеріне қызмет
ететінін зерттейді. Символдық интеракционис-
тер бұқаралық ақпарат құралдары сияқты мәде-
ни материалдардың қалай қабылданып, қолда-
нылатынына баса назар аударады.
3. Көптеген әлеуметтанушылар мәдениеттің
әлеуметтік тұрғыдан құрылғанын атап көрсе-
теді. Алайда социобиологтар адам мәдениеті
мен мінез-құлқының биологиялық негізі бар
екенін атап көрсетеді.
4. Тіл немесе символдық қарым-қатынас - мәде-
ниеттің негізгі бөлігі. Тіл мәдениетгі жүзеге
асырады, әлеуметтік топтың ортақ байланыс-
тарын бейнелейді және әлемді қабылдаудың
негізі болып табылады.
5. Мәдени құндылықтар мәдениет лайықты деп тап-
қан мақсаттарды анықтайды, ал нормалар оларға
қол жеткізудің тиісті құралдарын көрсетеді.
6. Әлеуметтік бақылау адамдардың өз мәдениетін,
сондай-ақ қоғамның нормалары мен құнды-
лықтарын ұстануға ынталандыратын күштер
мен процестерден тұрады. Нормативтерге сәй-
кес гік идеологиялық өңдеу, оқьггу және басқа да
шаралар арқылы күшейтіледі: нормаға сәйкес-
тік үшін сыйақы, ал сәйкессіздіктер үшін жаза
қолданылады.