124
4-ТАРАУ
болатын. Әулетке бауырлар мен олардың әйелдері және балалары
немесе
ерлі-зайыптылар, олардың үйленбеген ұл-қыздары, үйлен-
ген келін-балалары және немерелері кіретін. Олардың үйлері не ша-
тырлары бір-бірімен жапсарластырылып, басқа әулеттің үйлерінен
кемінде 800 метрдей қаш ықтыққа салынатын.
Барлық экономикалық шаруаларды әулет атқарды. Олардың
жұмысы жыл мезгіліне қарай әркелкі болып келетін. Жаздың соңы,
күздің басында әулеттер қарақат теріп, жабайы күріш жинады, ал
қыста аңшылықпен айналысты. Осы шаруаның бәріне бүкіл әу-
лет қатысты, олар үнемі
бірге жиналып, жұмыс қайда болса сонда
көшіп-қонып жүрді. Ерлер аң аулады, әйелдер теріні өңдеп, ет да-
йындады, ал қарттар мүмкіндігінше көмектесті, жастар да олардың
қажетіне жарап отырды. Осылайша, әулет жаздың соңынан көктем-
нің соңына дейін көшіп-қонып жүрді.
Басты экономикалық және
білім беру ұйымы болумен қатар,
әулет әлеуметтік бақылаудың басты құралы болды. Әулет ақсақал-
дары ережелерді енгізіп, оны бұзғандарды жазалап отырды. Бұған
қоса, діни рәсімдердің көпшілігін ақсақалдар өткізді. Оджибуей
қоғамындағы әулеттердің арасы шашыраңқы
болғанымен әр әулет,
негізінен, өзін қамтамасыз ететін еді, олар басқа әулеттермен тек
қыз алысып, қыз берісу кезінде не рәсімдік іс-шараларда ғана ара-
ласып отыратын.
Ақ адамдар мәдениеті әкелген бастапқы өзгерістер бұл өмір сал-
тын бұза қоймады. Тіпті үндістердің көп балаларын қыс айларында
оқуға алып кететін мектеп-интернаттардың
ашылуы да оджибуей
қоғамына бәлендей эсер етпеді. Мектеп-интернаттар оджибуейлер-
дің басты әлеуметтік институттарын бүзған жоқ. Балалар жазда үй-
леріне қайтып келгенде, әулет адамдары оларға оджибуей мәдение-
ті мен әлеуметтік құрылымын үйретіп жіберетін.
Өзгеріс
Алайда 1963 жылы үкімет «оджибуейлер заманауи қоғамға айна-
луы керек» деген шешім қабылдады. Осы мақсатта бүкіл оджибуей
қауымдастығын ескі резервациядан 6
шақырымдай қашықтықта-
ғы үкімет салған жаңа үйлерге көшірді. Жаңа жерде дәретхана да,
жол да, мектеп те, қысқасы «өркениеттің» бәрі болды. Ескі мен жаңа
қауымдастықтың арасындағы айырмашылық байырғы оджибуей
институттарының арасын жалғап тұрған нәзік байланысты күл-
парша етті.
Біріншіден, ескі қауымда үйлер әулеттегі орнына қарамастан
туыстық тәртіппен жақындастырып салынатын.
Жаңа тәртіп сал-
дарынан туыстық топтар физикалық бірлік ретінде өміршең бол-
май қалды. Екіншіден, интернаттардың орнына жергілікті мектеп
салынғандықтан әйелдер күйеулерімен бірге ұзақ жорыққа шығып,
аң аулауға бармай, балаларына қарап үйде қалуға мәжбүр болды.
Соның кесірінен ересек әйелдер бір түннің ішінде өндірушіден тү-
тынушыға
айналып шыға келді, бұл олардың күйеулерімен және
қоғамдастықпен арадағы дәстүрлі байланысты бұзды. Әйелдер мен
балалар үйден кете алмайтындықтан еркектер ұзақ жолға жалғыз
шығуға мәжбүр болды. Ерлер бала-шағасын қалдырып кетуді қала-
мағандықтан аңшылық жорықтары бірнеше аптадан бірнеше күн-
ге дейін қысқарды. Сөйтіп, аңшылық жорық бүкіл отбасының өмір
салты болудан қалды. Трансұлттық корпорацияға қарайтын қағаз
зауыты резервация маңындағы өзен-көлдерді улап,
ондағы сынап-
тың мөлшері қауіпті деңгейге жеткендіктен үкімет 1970 жылғы
мамыр айында бұл маңайда балық аулауға мүлде тыйым салды.