Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет140/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   529
Егінш ілік қоғам дар
Шамамен 5-6 мың жыл бүрын екінші ауылшаруашылық революция- 
сы болып, жаңа технологияның арқасында азық-түлік өндірісінің 
өнімділігі еселеп артты (Diamond, 1997). Соқа мен ірі жануарларды 
пайдалану арқылы экономикасы азық өндіруге негізделген қоғамдар- 
ды егінш ілік қоғамдар деп атаймыз.
Егіншілік қоғамға өту кезінде металл қүралдары мен дөңгелекті 
пайдалану технологиясы жетіліп, суарудың, ұрықтандырудың үздік 
әдістері қолданылды. Бұл өзгерістер әлеуметтік институттарды түбе- 
гейлі өзгертті. Ең бастысы, бұл өзгерістердің арқасында азық-түлік 
өндіруге аз ғана адам қажет болды. Нәтижесінде, басқалар қалаларға 
қоныс аударып, саны артып келе жатқан жаңа кәсіп түрлерімен айна- 
лыса бастады. Адамдар күннен-күнге бір салаға толық бейімделе бас- 
тағандықтан технология, сауда, оқу, жазу, ғылым және өнер салалары 
жылдам дамыды.
Бағбаншылық қоғамдар - соқа 
сияқты өңдеу құралдары жоқ, 
кішігірім, қарапайым шаруа 
қожалықтары.
Егіншілік қоғамдар - соқаның 
және ірі жануарлардың көмегімен 
ауылшаруашылық өнімін 
өндіруге негізделген.


122
4 -ТА РА У
Сонымен бірге түрлі кәсіптердің пайда болуы теңсіздікті үл- 
ғайтты. Бағбаншылық қоғамдағы қарапайым жүйенің орнына сау- 
дагерлер мен сарбаздардан, ғалымдар мен патшалардан және еңбек 
күші басқа барша жұртты асырайтын, халықтың қомақты бөлігін 
қүрайтын кедей шаруалардан тұратын күрделі таптық жүйе қа- 
лыптасты.
Қауымдарда бос уақыт пен технологияны қолданатын жаңа бір 
сала - соғыс саласы болды. Жылқыны қолға үйретіп (атты әскер), дөң- 
гелекті (әскери арба) игерудің арқасында әскери техника әлдеқайда 
озық және тиімді бола бастады. Әскери әлеует басқа халықтарды жау- 
лап алу арқылы артық табыс табудың құралы ретінде пайдаланылды. 
Бұл салада римдіктердің жетістікке жеткені сондай, олар Жерорта 
теңізі маңындағы бүкіл халықты Италиядағы билеуші элигаға бағы- 
нышты шаруа табына айналдырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет