120
4-ТАРАУ
дарга көбірек көңіл бөледі. Олардың жауаптарынан институттардың
әдетте биліктегілердің мүдделерін қорғайтынын байқаймыз.
Институттар ертеден келе жатқандықтан біз отбасылық, діни
және саяси жүйелерді тек белгілі бір қажеттіліктерді қамтамасыз
етудің тәсілі ретінде ғана емес, жалғыз қолайлы жол ретінде қарас-
тырамыз. Он бірінші ғасырдағы христиан «Сиқыршыларды, әрине,
өртеу керек» деп ойлайтын болса, біз «Әрине, әйелдер бала тәрибесі
жолында мансаптарын құрбан етуі тиіс» деп ойлауға бейімбіз. Екі
жағдайда да конфликт теориясы дәстүрлі формадағы теңсіздікті қа-
лыпты, тіпті болуы тиіс жағдай етіп көрсетеді және соның арқасында,
қажетті әлеуметтік өзгерістерді кідіртіп қояды.
Достарыңызбен бөлісу: