ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС 117
Бұдан шығатын қорытынды - әлеуметтік рөлдер үнемі өзгеріп,
жағдайға қарай бейімделіп отырады. Біз машине емеспіз, әркім өз
рөлін қалтқысыз орындап тұрмайды. Керісінше, біз басқа әлеуметтік
мәртебелеріміз бен рөлдерімізге, ресурстарымызға және сол рөлдерді
атқарудан көрген марапаттарымыз бен алған жазамызға байланысты
өз рөлімізді әртүрлі деңгейде атқарамыз.
Институттар Әлеуметтік құрылымдар ауқымы мен маңызы жағынан әртүрлі бола-
ды. Егер жұманың кешінде покер ойнау мекемесіне бару керек болса
оның жарасы жеңіл. Ойыншылар ойынды сенбіге ауыстырса да, тө-
лейтін ақшаны өсірсе де бүл осы топтың мүшелерінен басқа адамдар-
дың өміріне эсер ете қоймайды. Егер еңбек өтілінің көптігіне төлем
жасау немесе отбасы мәселелері бойынша демалыс алу саясатын өз-
гертетін болса, онда бүл фирманың қызметкерлеріне ғана емес, басқа-
ларға да әсерін тигізуі мүмкін, оның үстіне бүл басқа фирмаларға үлгі
болуы ықтимал. Дегенмен бір корпорациядағы (немесе әлеуметтік құ-
рылымдағы) өзгеріс тек белгілі бір кәсіп түріне ғана эсер етуі мүмкін.
Ал басқа әлеуметтік құрылымдағы өзгерістер біздің өміріміздің түп
негізін қалыптастыра алады. Біз бұл құрылымдарды әлеуметтік инс
титуттар деп атаймыз.
Институт - адамның негізгі қажеттіліктеріне лайық, тұрақты
және күрделі әлеуметтік құрылым. Оның басты ерекшелігі - бірнеше
буынның өмірін қамтиды, әрі қүндылықтардың, нормалар мен мәр-
тебелердің және рөлдердің күрделі жиынтығын құрайды және адам-
ның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандырады. Мәселен, отбасы
институтының өзіне тән тұрақты ерекшеліктері - өмірлік серігіңді
табу және бала тәрбиелеу.
« Ү ғ ы м д а р д ы ң қ о р ы т ы н д ы с ы : и н с т и т у т т а р , р ө л д е р ж эн е м ә р т в б е л е р » кестесінде денсаулық сақтау саласының
мысалында негізгі әлеуметтік үғымдардың өзара қалай байланыса-
тыны дәлелденеді.