Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет135/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   529
Негізгі институттар
Адамзат қоғамдары әркелкі болғанымен, олардың әрқайсысының 
міндеттерінің тізімі ұқсас. Сондықтан әр қоғамда бірдей типтегі инс­
титуттар бар. Негізгі әлеуметтік бес институт мыналар:
• 
Бала-шағаға қамқорлық жасау, бала өсіру міндетін атқаратын от­
басы институты.
• 
Тауар шығарып, оны тарату міндетін атқаратын экономика инс­
титуты.
• 
Қоғамды үйлестіріп, оған қызмет көрсетіп, әрі оны қорғап отыра- 
тын үкімет институты.
• 
Жас ұрпақты оқытумен айналысатын білім институты.
• 
Дерексіз және жауабы жоқ сұрақтарға жауап беру міндетін атқа- 
ратын дін институты.
Бұл институттар маңызды әлеуметтік қажеттіліктерді орындау 
мақсатында әр қоғамға тұрақты әлеуметтік шешімдер жиынтығын 
ұсынады. Бұл шешімдер әр қоғамда әртүрлі болады, тіпті кейде бір- 
біріне мүлде кереғар болып жатады. Үкімет институттары монархия, 
демократия, диктатура немесе тайпалық кеңестер болуы мүмкін. Де­
генмен барлық дені cay қоғамдарда осы қажеттіліктерді қанағаттан- 
дыруға жауапты әлеуметтік құрылымдар бірдей болып келеді.
Институт - адамның негізгі 
қажеттіліктеріне жауап беретін 
тұрақты әлеуметтік құрылым.


118
4 -ТА РА У
Ү ғы м д а р д ы ң қрры ты нды сы
Институттар, рөлдер ж ән е
м әртебелер
Әр қоғам денсаулық сақтау құрылымын өз бетінше қалыптастырады, 
дегенмен олардың әрқайсысында денсаулық пен ауруға қатысты әлеу- 
меттік келісімдер мен мәдени ой-пікірлердің қалыптасқан жиынтығы 
бар. Сондықтан әр қоғамдағы денсаулық сақтау саласын институт ретінде 
қарастыруға болады.
Ұгымы
Анықтамасы
Мысалы
Институт
Адамның негізгі 
қаж еттіліктерін е лайы қ, 
түрақты әлеуметтік 
қүрылы м
Денсаулық сақтау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет