ТОПТАР, ЖЕЛІЛЕР ЖӨНЕ ҰЙЫМДАР 145
өзгерту үшін қысым жасай алады, біреуді ұрып-соғуға немесе тіпті кісі
өлтіруге итермелеуі мүмкін. Некелік қатынастағы, шіркеулік және дос-
тық қарым-қатынастағы топтардың тұтастығының өзіндік ерекшелігі
бар. Бір некенің немесе бір шіркеудің келесі бір некеге немесе шіркеу-
ге қарағанда ауызбіршілігі жогары болуының себебі неде? Оған эсер
ететін факторлар ретінде топ көлемінің шағындығын, мүшелерінің
бір-біріне ұқсастығын, өзара әрекеттесудің жиілігі мен ұзақтығын, топ
мүшелері мен бөгде адамдар арасындағы нақты айырмашылықтарды,
сырт адамдармен сирек қарым-қатынаста болуын және т.б. атап көрсе-
туге болады (McPherson & Smith-Lovin, 2002). АҚШ-тағы барлық заңды
отбасы мүшелерінің саны бірдей (екі мүшеден тұратын) болса да әдетте
мінезі бір-біріне сай келмейтін жүбайлар немесе бірнеше күн яки апта-
лап бір-бірінен жырақта жүретін отбасыларына қарағанда мінезі ұқсас
жэне көп уақытын бірге өткізетін ерлі-зайыптылардан құралған отба-
сының тұтастығы жоғарырақ болып келеді.
Топтық конформизм Ер адам әйел адамға есік ашқанда сіз бұдан дәстүрлі сыпайылықты не
месе әйел затына деген сыйластықты көресіз бе? Сіз Лил Уэйн, Келли
Кларксон немесе Coldplay тобын тыңдаған кезде оны жанға жайлы му
зыка ретінде қабылдайсыз ба, әлде жағымсыз қатты шу деп танисыз ба?
Музыкадағы талғам сияқты біз көріп жүрген және сенетін көптеген нәр-
селер абсолютті мағынада дұрыс немесе бұрыс бола алмайды; олар біз-
дің топтарымыздың дүрыс деп қабылдаған нәрселері ғана. Топта шешім
қабылдауды қарастырған зерттеушілердің айтуынша, топ мүшелерінің
өзара әрекеті олардың бойсұнуын арттырады (Wilier, Kuwabara & Масу,
2009). Бұл факт Стенли Милгрэмнің (Stanley Milgram, 1974) классикалық
экспериментінде анықталды және сол уақыттан бергі көптеген зерттеу-
лер нәтижесінде дәлелденді.
Милгрэм эксперимента Милгрэм (1974) өз экспериментінің нәтижесінде адам бойсүнуына
топтардың тигізер ықпалы туралы жантүршігерлік тұжырымдар
жасады. Бүл эксперимента қатысушылар оқытушы және оқушы
I Милгрэм эксперименттеріндегі
адамдарға серіктесіне өмірге қауіпті
деп есептелетін электр тоғының
соққыларын беру тапсырылды. Мына
суреттегі субъектінің жұдырығы түйіліп
тұрғанына назар аударыңыз. Бұл
эксперимента қатысушы тәжірибені
ауыр деп тапса да, көнбістік танытып
отырғанын көрсетеді.
10-251