Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет204/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   529
шағым
жасалмайтын қылмыс 
деп аталады. Әдетте бұған қатысушылар өз- 
дерін жәбір көргендер деп санамайды, керісінше, өз еркімен кәсіп етіп, 
еркін таңдау жасап жүрміз деп ойлайды (Gould, 2001; Gray, 2000). Осы 
себепті көп адам бүларға қарсы заңдардың пайдалы жағынан гөрі зия- 
ны әлдеқайда көп деп болжайды және ол заңдарды алып тастау керек 
деп есептейді.
6.1-СЫЗБА. Қылмыс деңгейі өзгеруінің
пайыздықкөрсеткіштері
Тонау, ұрлық, автокөлік ұрлау, зорлау 
және өлім-жітім 1990 жылдардан бері 
айтарлықтай төмендеген және мұндай 
қылмыссаны қазір 1980жылдарға 
қарағанда, әлдеқайда аз.
ДЕРЕККӨЗ: АҚШ Әділет министрлігі (2010)
1980 
1985 
1990 
1995 
2000 
2005 
2010
Жылдар


ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ, ҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ
175
6.1-КАРТА. 100 мыңадамға шаққандағы кісі өлтіру көрсеткіштері
Кісі өлтіру деңгейі Оңтүстік Африка (100 000 адамға 68 адам өлтіру) және Сальвадор (100 мың адамға 64) сияқты қантөгісті бастан 
кешкен кедей елдерде өте жоғары. 100 000 адамға 6 кісі өлтіруден келетін АҚШ-тың кісі өлтіру коэффициенті Оңтүстік Африка мен 
Сальвадордан 10 есе төмен, дегенмен Австрия, Франция немесе Данияға қарағанда 10 есе жоғары.
100 мыңадамға
шаққандағы кісі
өлтіру көрсеткіші
і а Өте жоғары 
НЖоғары 
НОрташа 
ОТөмен
Алайда ғалымдардың бір тобы «есірткі сатып алатындар, жезөк- 
ше немесе порномодель болып жұмыс істейтіндер - физикалық және 
эмоциялық жағынан зиянды әрекеттермен айналысатын жәбірлену- 
шілер, себебі олардың бұдан басқа амалы жоқ» деп санайды (мысалы, 
Weizer, 2007). Олардың айтуынша, бұл әрекеттерге қарсы заң қабыл- 
дау арқылы жұртты мұндай істерден тыйып, қоғамды игілік жолына 
бастауға болады.
Осындай шағым жасалмайтын қылмыс жасайтындар бұл әрекетке өз 
ықтиярымен барғандықтан, ондай қылмыстарды бақылау қиындықту- 
дырады. Есірткі тұтынушы есірткі сатушысын полицияға ұстап бермей- 
ді, ал заңсыз ставка қойған адам букмекерлік кеңсені сотқа беруге ниетті 
емес. Шағымданған жәбірленуші болмағандықтан, полиция қылмыс- 
керді ғана емес, қылмысты да өзі табуы керек. Бұл тым қымбатқа түседі 
және басқа қылмыстар назардан тыс қалады. Сондықтан шағым жасал­
майтын қылмыстар туралы заңдар жүйелі әрі қатаң түрде орындалмай- 
ды. Олар көбінесе уақытша қысым көрсетіп, анда-санда қудалаумен шек- 
теледі. Шағым жасалмайтын қылмыс тақырыбы “Деректерді түсіндіру: 
марихуананы заңдастыру” атты тарауда кеңінен қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет