172
6 -ТА РА У
әлеуметтану және сіз
Сіз оқитын колледждің немесе
университеттің ғимаратында
темекі шегуге тыйым салынған
ба? Олай болса, сіз моральдық
кәсіпкердіңжұмысына куә
болып отырсыз. Темекіге қарсы
белсенділер бүкіл ел аумағындағы
қоғамдық мекемелерде, жеке
мейрамханалар мен барларда
тіпті көшеде темекі шегуді
заңсыз деп тануға күш салды.
Моральдық кәсіпкер - моральдың
жаңа анықтамасын беріп, оны
енгізуге тырысатын адамдар.
Адамның девианттылығын түсіндіру
Адамға «девиант» деген атты таңу басқалардың ережеге сай келмей-
тін әрекетке қатысты реакциясына байланысты болмақ. Бала алғаш
рет сыныпта тәртіп бұзса, мүны қатты қуанғаннан не көңіл қошы
болмағаннан жасайды. Бүл импульсивті әрекет бастапқы девиантты-
лық деп аталады. Әрі қарай не болатыны басқалардың бұл әрекетті қа-
лай бағалайтынына байланысты. Егер мұғалімдер, психологтар және
басқа балалар оған «бүзық» деген ат таңса және бала да мүны қабылда-
са, онда ол «бұзық бала» рөліне кіреді. Әрі қарай тәртіп бүзуын жалғас-
тыра берсе, өзінің девиантты болмысы туралы түсінік қалыптасып,
екінші дәрежелі девианттылыққа қадам басады.
Ат таңу теориясының басты кемші ліктері мынада: (1) ол бастапқы
девианттылықтың неден болатынын түсіндірмейді; (2) қолға түспе-
ген, яғни «бұзақы» деген ат таңылмағандардың неліктен екінші дәре-
желі девианттылыққа бас ұратынын түсіндіре алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: