Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет198/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   529
Символдық интеракционизм
теориялары
Символдық интеракционизм теориясы бойынша, девианттылық 
басқалармен әрекеттесудің нәтижесінде беріледі, соның салдарынан 
адамдар өздерінің девиантты болмысын қалыптастырады. Девиант- 
тылық үлкен қоғамдық құрылымнан емес, бетпе-бет өзара әрекеттер- 
дің нәтижесінде қалыптасады деп саналады. Бүл 
д и ф ф е р е н ц и а л д ы қ ас­
с о ц и а ц и я
теориясы, 
т а р т ы н у
теориясы және 
a m т а ң у
теориясы деген 
үш түрлі формада болады.
Дифференциалды ассоциация теориясы
Зерттеушілердің пікірінше, девианттылыққа бейім досы бар адамдар- 
дың өздері де көбінесе девиантты болады (Haynie & Osgood, 2005). Ең 
алгаш Эдвин Сазерленд үсынған (1974) дифференциалды ассоциация 
теориясы адамдар девианттылықты басқалармен ықпалдасу арқылы 
үйренеді деп түсіндірді (Pratt et aL, 2010).
Дифференциалды ассоциация неліктен ереже бұзуға итермелей- 
ді? Бір қызығы, адамдарды әлеуметтік нормаларды ұстануға немесе 
бұзуға бірдей механизмдер үйретеді. Егер біз негізінен конформис- 
термен аралассақ, онда әлеуметтік нормалардың стандартты жиын- 
тығын үйренеміз («ұрлық жасама», «әйеліңнің көзіне шөп салма» де­
ген сияқты). Ал егер, көбіне ереже бұзушылармен қарым-қатынаста


ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ, ҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ
171
болсақ, онда басқа адамдар туралы көзқарасымыз өзгеше болады. Біз 
«елдің бәрі ұрлық жасайды», «ерніңе бірнеше сақина салғаннан еш- 
теңе болмайды» деп өсуіміз мүмкін. Біз қабылдаған нормалар басқа 
дәстүрлі қоғамның нормаларынан әлдеқайда өзгеше болуы ықтимал. 
Ал егер әдеттегі нормаларға сай келетін қауымдастықпен араласатын 
болсақ, онда олар бізді осы нормаларға сай болғанымыз үшін марапат- 
тайды: қызметіміз өсіп, басқалардың құрметіне бөленеміз және т.б. 
Егер оның орнына ережеден ауытқыған субмәдениетпен қарым-қаты- 
насқа түсетін болсақ, онда бүл субмәдениет бізді дәстүрлі нормаларды 
сақтағанымыз үшін емес, оларды бұзғанымыз үшін сыйлайды. Осы 
механизмдер арқылы девианттылыққа қолдау көрсетілетінін және 
бүл олар үшін пайдалы екенін білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет